TED Translator боламын десеңіз…

This slideshow requires JavaScript.

TED видеоларын қалай субтитрлеп жүрміз? Бұл жазбада осы сұраққа жауап беруге тырысамын. TED Translator болып тіркелу үшін төмендегі нұсқаулықты мұқият оқуға кеңес беремін. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Кейіпкермен кездесу

This slideshow requires JavaScript.

TED Summit-те «Сазбалшықтың көмегімен оқиғаны баяндау» деген тренингке қатыстым. Алдағы өткізетін тренингтеріме біраз идеялар келді. Бірақ айтпағым ол емес. Тренинг барысында ойламаған жерден таныстарыммен кездестім.

Тренингке жеті адам тіркелген екенбіз. Қарсы алдымда Италиядан келген жұп отырды. Дауыстары өте таныс. Басында мәр бермеп едім. Кейін TED Summit-ке қалай келгенін айтып жатқанда жүрегім шым ете қалды. Көзіме жас келді. Аузыма сөз түспеді.

«Біздің Мариомыз дертке шалдығып еді» дегені маған сондай таныс еді. Роберто мен Франческо TED сахнасынан жаңа туған балаларының ауруымен қалай күрескенін әңгімелеген. Олардың TED оқиғасын қазақшаға аударып отырып, өзім де қатты әсерленген едім. Енді міне, ол екеуі қарсы алдымда отыр.

Әдетті TED видеоларын аударуға кейде бір сағат, ал кейде бір ай кетеді. Әрбір сөзін түсіну үшін қайта-қайта тыңдайсың. Дауыстары, сөз саптаулары жатталып қалады.

TED Summit-те осындай күтпгене кездесулер болады екен. Франческо мен Роберт: «Осындай ауруы бар кісілер кездесіп жатса, айта жүріңдер. Біздің әңгімемізді аударғандарыңа мың алғыс» деп жатыр.

p.s. TED Summit-ке Марио да келді.

Канадада не жоғалттым? – 2 #TEDSummit

13566957_10156964058405161_2191248236519710984_n
Осыдан алты-жеті ай бұрын TED жобасының жетекшісі Крис Андерсаннан шақырту хат келді. Дүние жүзінен TED шарасына белсенді араласып жүрген 1000 адамды іріктеп, әрі қарайғы TED болашағы туралы ақылдасу үшін TED Summit ұйымдастырып жатырмыз. Сіз сол мың адамның ішіндесіз деген хатты алғанда жерден жеті қоян тапқандай қуанып едім.

Chris Anderson: The summit will bring together 1000 people from around the world who’ve helped build TED into what it is today. We’ve identified you as one of those people, and we would absolutely love for you to join. We’ll share a week-long summer experience that could be transformative both personally and for TED as a whole.

Канаданың Банф қаласындағы TED Summit-ке осылай тап болдым. Түптеп келгенде бұл TED басшылығының субтитрлерді қазақ тіліне аударып жүрген еңбегімізді ескергендері ғой. Бір қызығы Қазақстандағы қазақ тіліне қатысты жасалып отырған жобаларымызға өз еліміздегі адамдар емес, шетелдіктер қуанып, құрмет көрсетіп жататынына не ұяларыңды, не қуанарыңды білмейсің. Оқуды жалғастыру