Онлайндағы аудитория мен журналистерге ғылыми түсінік #ISOJ

Аудитория мен журналистер арасындағы қарым-қатынасты зерттеуге арналған ғылыми құралдар.

Irene Serrano Vazquez, Concordia University, Canada: Researching On The New Relationship Between Audiences And Journalism: A Methodological Toolkit

Consumption + Production = Produsage

  • Аудитория: медиа контент жасап жатқандар кімдер? Қай жерден? Олар популияцияның көрінісі ме? Олар жасаған өнімді кім тұтынады? Олар тудырған контенттің әсері қандай?
  • Журналистер: «Журналистердің өз оқырмандарын қалай көруіне байланысты қоғамда өзгерістер болады» The manner in which journalsits imagine their audience has public consequenses
  • Контент: Қолданушылардың өздері жасап жатқан контенттері қаншалықты сапалы?
  • Құралдар: қолданылып жатқан құралдар нейтралды емес. Белнілі бір медиа корпорацияларға тәуелді. Мысалы, yahoo – flickr. Facebook-тың ережелері т.с.с.
  • Контекст: Әрбір елдің интернетке қатысты ұстанып отырған саясаттары әртүрлі.

Тоқетері, интернетке қатысты қандай да бір зерттеу жасағанда жоғарыдағы категорияның барлығын негізге алу керек. Ағылшын тіліндегі ғылыми мақалаларды мына жерден жүктеп алып, оқуға болады.

Advertisements

Вашингтон конференциясы жүрегімді жаралады

Вашингтондамын. Көптен күткен конференцияма қатысып отырмын. Interactive Journalism деп аталатын Мультимедиа оқытушыларына арналған конференцияға студенттер қатыстырылмайды. Екі студентке қана шәкіртақы ұсынып, рұқсат берді. Соның бірі атандым. Себебі Қазақстанда медиа тренер болдым, универде мультимедиа оқыттым, әрі ЮНЕСКО-ның журналистиканы оқытуға қатысты силлабусын қазақшаға бейімдеуге ат салысып жатырмын дедім. Өзге шетелдік профессорлардың да ұсыныс хаттары септігін тигізді.  Оқуды жалғастыру

Сіздікі дұрыс емес!

Жұмыс бабымен әртүрлі адамдармен кездесесің.  Телефонмен, интернетпен хабарласатындар бар. Әрқайсысы өз проблемасын айтады. Өткенде Түркістан қаласынан бір студент хабарласты: «Ертең ереуіл болады. Ректор стипендиямызды бермей жатыр» деді. Қазақшасында мүкіс бар екен. Содан түрік болар деп шырамыттым. Дегендей-ақ түрік студент болып шықты. «Қандай ереуіл? Не үшін? Кімге наразысың?» деген сұрақтардан соң барып, байланыс үзіліп кетті. Не ол кері хабарласпады. Ереуіл болды ма, болмады ма білмедім… Оқуды жалғастыру

Орындығымды ауыстырайын ба?

40408-22
Біраз болды. Жұмыстағы техникаға саусағымның  ұшы тиіп кетсе болғаны, дыз етеді. Кәдімгідей тоқ тартады. Компьютерім де, принтер де, ups-те тістейді. Бұрынғы жұмысымда да сондай болатын. Соның жауабын таппай-ақ қойдым. Өзім «күні бойы техниканың ортасында отыратын болған соң электрленіп кетемін бе?» деп топшылаймын. Үстімдегі киімдерім тоқ жинайтындай синтетика емес. Әлде мен киімімді жуып жүрген порошоктың әсері ме? Негізі киім электрленетін болса, онда ол мен басқа затты ұстағанда нейтролизациядан өтуі керек-ті… Общым, білсеңіздер, көмектесіңіздерші. Әлде орындығымды ауыстырайын ба? Білімсіз болған қандай қиын, ә?

Пы.Сы. Жұмыстың интернетін блог үшін пайдаланып күнәлі болып жүргенімнің өтеуі деп те түсінуме болатын шығар…

«Көшпелі» дикторлар

 «Диктор – қуыршақ. Диктор – кез келген телеарнаның келбеті» деген сөз санамда қалып қойыпты. Ол кезде 10-сыныпта оқимын. Астана қаласына журналистикадан бір мастер класқа барған кезім еді. Тележұлдыз болуды көксейтінбіз ол кезде.
Еліміздің телеарналарынан берілетін таңғы хабарларды көру күнде мүмкін бола бермейді. «Астана» арнасы дүйсенбі сайын таңертең (кейде жұма күні) «Жас қазақ» газетіне жасаған шолуымды көрсететін болғандықтан, бүгін демалыс болғандықтан арналардың таңғы бағдарламаларын шолып шықтым. Шолуды көре алмадым. Шамасы арнаны кеш қостым ғой деймін. Брақ біраз өзгерістерді байқадым. Әуелі не себепті «диктор – қуыршақ» дегенімді айта кетейін.

Журналистиканың ішкі құпиясын біле бермейтіндер, дикторларда таңдау еркі жоқ екенін біле бермейді (Әрине бәрі емес). Оқуды жалғастыру