Вашингтон конференциясы жүрегімді жаралады

Вашингтондамын. Көптен күткен конференцияма қатысып отырмын. Interactive Journalism деп аталатын Мультимедиа оқытушыларына арналған конференцияға студенттер қатыстырылмайды. Екі студентке қана шәкіртақы ұсынып, рұқсат берді. Соның бірі атандым. Себебі Қазақстанда медиа тренер болдым, универде мультимедиа оқыттым, әрі ЮНЕСКО-ның журналистиканы оқытуға қатысты силлабусын қазақшаға бейімдеуге ат салысып жатырмын дедім. Өзге шетелдік профессорлардың да ұсыныс хаттары септігін тигізді.  Оқуды жалғастыру