Алматылық блогшыға шақырту

Kazakh bloggers is invited

Оқуды жалғастыру

Advertisements

Сіз сүйікті блогыңызға жазылдыңыз ба?

Әрбір блогты жеке-жеке ашып: «Кімде қандай жаңа жазба бар екен?» деп іздеп отыратыным рас. Бірақ қазақ тілінде блогтар көбейген сайын интернетті қарауға кететін ақшам уақытым көбейіп бара жатқанын аңғарудамын.

Осы орайда гуглдың ридер бағдарламасы маған көмекке келді. Өзімнің сүйікті блогтарыма жазылу арқылы жаңаланған жазбаларды қадағалап отыратын болдым. Ең жақсысы, бұл қызметті электронды пошта арқылы қолданамын. Ал поштаны интернетке кіргенде бірінші кезекте тексеретінім белгілі.

Сонымен үш адыммен бұл бағдарламаны қалай қолдануға болатындығын көрсетейін. Ең маңыздысы гмейлде э-поштаңыз болуы қажет.

1. Қалаған блогыңыздан Жазулар RSS деген түймені тауып алып, түртіңіз.

2. Add to Google reader түймесін шертіңіз!

3. Құттықтаймын! Блогтағы жазбаларға жазылдыңыз.

Төменнен бұл адымдардың суретті нұсқасын көре аласыз. Оқуды жалғастыру

Блогты интернет-дүкенге айналдыру. Украина нұсқасы!

Баспасөз мәслихаты аяқталды. Oның ВИДЕОСЫ мында.

Кристина ЧайковскаяБарлық блогшыларға мына мәлімет қызық болар деп ойлаймын. Осы БарКэмптің басты демеушілерінің бірі украиналық PrivatBank. Шынымды айтсам, мені әу баста банкке блогты қолдау не үшін қажет деп ойлаған едім. Сөйтсем, бұл банктегі қызметкерлердің бәрінің өз блогы бар екен. Және банктің ұжымдық блогы да бар. Бұл Банк украниналық жастарға блог арқылы табыс табуға жәрдемедеседі.

Қалай?

Банк блогшыларға платформа береді. Тегін

Блогшылар өз блогтарына белгілі бір тауарды орнатады. Бағасы, түсіндірмесі.

Блог арқылы өткен сауда саттықтың барлық төлемдері Прайватбанк есеп шоты арқылы өтеді. Банк белгілі ақша аударымының қызметі үшін ақша ұстап қалады.

Бастысы виза карточка болуы керек екен. Мәселен, сіз 100 доллар тұратын бір затты сатсаңыз, одан белгілі бір пайызын ұстап қалады. Мысалдарды мына жерден көре аласыздар!

 

Суретте: Прайватбанктің Электронды Бизнес Орталығының басшысының орынбасары Кристина Чайковская

Екінші күн: BarCamp

Екінші күн. Біздің Бақытгүл көмекші топтың белсенді мүшесі. VIDEOCAST! Қуанышқа презентация жасауға жәрдемдесуіміз керек. Жаңа ғана ашылу салтанаты болып өтті. Қазір ресми пресс конференция өтпек. Мен сол жерде отырмын.