08.QB Наурыз айында «блогомания» дүмпуі байқалды

Dean Cox түсірген сурет

АРБ, достар!

Құрылтайдан кейін есімді енді жиып жатырмын. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дейді ғой, тойдан кейінгісі шыжық деп қосар едім. Үйтіп-бүйтіп қағаздардан құтылғандай болып отырмын. Соңғы екі аптада Құрылтайдың бітпей қалған жұмыстарын аяқтауға көмектескендерге де бір-бір ескерткіш орнату керек шығар 🙂 Енді кішкене ғана бітпеген жұмысы қалды. Десе де алғашқы Блогқұрылтайды өз деңгейінде өткізген қыздар мен жігіттерге үлкен алғысымды жеткізгім келеді.

Ең үздік блог байқауында «Өрімтал» блогына дауыс берген оқырмандарға да алғысым шексіз.

Блог құрылтай «Блогомания» синдромын алып келетінін болжау қиын емес еді. Оқуды жалғастыру

Advertisements

«BlogCamp: Блог құрылтай – 2011» логосын таңдадық

Бүгінгі отырыстың есебі мына жерде. Алда талай жұмыс бар. Сәттілік тілей салыңдаршы!!!

Пы.сы. Блогымдағы жазулар компьютеріңізде дұрыс көрінбей тұрса, Internet Explorer-дің соңғы нұсқаларының бірін тегін жүктеп, жаңартып алыңыз. Көзіңіз ашылады 🙂

Блог құрылтайға келесің бе?

Ақылдаса келе, блогшылардың кездесуін Алматыда өткізетін болып келістік. Негізгі мақсатымыз бір-бірімізбен жүздесіп, пікірлесуден бөлек, өзара тәжірибе алмасу болғанын жөн көрдік. Сондықтан да BlogCamp форматында өткізсек дейміз.

Қысқаша ғана BlogCamp форматы туралы Бақытгүлдің сөзімен түсіндіре кетсек:

1. Ең алғаш қызығушылық танытқандардың бәрі сайтқа тіркеледі.
2. Сол жерде пікірталас жүргізіп, виртуалды бәрін ұйымдастырады.
3. Баркемп туралы мәліметті өз блогтарында жариялап, хабардың таратылуына үлес қосады, достарын, таныстарын т.б. баркемпке қатысуға шақырады, шетелден немесе басқа қаладан келгендерге баркемп кезінде тұратын үй табуға көмектеседі немесе ұсынады, бірігіп спонсорлар табады (иә табуға көмектеседі).
4. Бірінші рет баркемпке қатысып отырғандар өздері иә біреумен бірлесіп презентация жасайды.
5. Сайтқа тіркелгендер өздерінің презентация тақырыбын ұсынады, сонымен бірге қандай тақырыпта презентация тыңдағылары келгендері туралы да жазады.

Бұл тақырыпта Әлияның да бірнеше жазбалары бар. Мынау біздердің (Бақытгүл, Қуаныш) 2008 жылы Латвиядағы Баркэмпке қатысқан кезде түскен суретіміз. Өте қызық өтіп еді.  Содан бері әлемнің әр елінен блогшылармен танысып, достасып кеттік.

Негізі блогшылардың басын қосу әркімнің де болса, көкейінде жүрген ой екені сөзсіз. Бұған дейін бірнеше блогшылар бұған жазба да арнағанын көргенмін. Өркеннің де жазбасына пікір қалдырғандар мұндай кездесудің қажет екенін көрсетті. Әрі ұлтшыл азаматтардың да мұндай іске бей-жай қарамайтыны қуантты. Оқуды жалғастыру