«Жалдамалы әскер тиімсіздеу…»

Әскери борышын өтеп келген оқырмандарымның бірі «Жалдамалы әскер тиімсіз» деген пікірін білдірген еді. Данияр Жаныспен кездесіп, пікірін тарқатып айтса деп өтіндім.

Даниярмен бірге әзірленген үнхабарды назарларыңызға ұсынамын. Қосымша ойларыңыз болса, бөлісе отырыңыздар.

Advertisements

«Мінбер». Табиғат. Блог

«Мінбердің» жаңа медиаға қатысты Алматыдағы тренингі аяқталды. Екі күн өте тез өте шықты. Қатысушылардың дені «Екі күн аздық етеді» дейді. Шынымен де солай. Мультимедиалық өнім әзірлеуге лайықталған мұндай тренингтер кем дегенде бес күндік болуы керек. Алдағы уақытта енді бес күндік етіп, созу жағын ойластырмақпыз.

Тренинге қатысқандардың дені журналистер. Солардың бірі – Табиғат Абаилдаевты (БЛОГЫ) блогосферадағылар жақсы танитын болар деп ойлаймын. Бірнеше блогта өлеңдері жарияланғанын байқағанмын.

Жас ақынға блог шығармашылығын әрі қарай дамытуға себепші болады деген үміттемін.


Оқуды жалғастыру

Аудио файлды немесе Үнхабарды блогыма қалай жариялаймын?

Үнхабар жазып, блогыңызға жариялауды ойлап жүрсіз бе?

WordPress.com блогына үнхабарыңызды жарялау әсте оңай. Менің блогымның орта тұсында box.net деген көк түсті (түсін блогыңыздың дизайнына орай өзгертуге болады) төртбұрышты (суретте) байқаған боларсыз. Ол жерде радиода істегенде әзірлеген радиохабарлар жарияланған. Сонымен сіз де блогыңызға үнхабарларды бөлек жариялаймын десеңіз, төмендегі адымдарға назар аударыңыз. Бұларды орындауға шамамен жарты сағат пен бір сағаттай уақытыңыз кетуі мүмкін екенін есіңізге саламын:

1. www.box.net желісіне тіркелуіңіз керек. Тіркелу үшін электронды поштаңызды енгізу де жеткілікті. Оқуды жалғастыру

Мешітте азаншының дауысын естіп көріп пе едің?

«Өзің ойлап қарашы, кіп-кішкентай бозторғайдың әні күллі далаға естіледі, ал театр әртісінің айғайын үшінші қатардағы адамнан кейінгісі ести алмайды»…

Бір кісі әдемі сөйлеуді үйретеді деген соң барып едім. Сол кісінің айтқанынан есімде қалғаны. Бұл сөздің астарында біздің жаратылысымыздың өзінде дұрыс тыныс алып, үнді дұрыс шығару жатыр. Адам жүре келе дұрыс дем алмайды, сүйегі дұрыс бітпейді, нәтижесінде әдемі үн шығара алмайды екен. Өткенда радиоға барып, кастингте өте алмадым деп едім ғой. Содан бері, дикцияны дұрыстау көкейкесті мәселеге айналды. Интернеттен тіпті, Қалдыбектің жақсы бір сайтын да тауып алдым. Үнхабарларым да сапалы шықса екен деген ниет қой. Мешітте азаншының дауысын естіп көріп пе едің? Орталық мешіттегі азаншының дауысы жақсы. Бойыңды шымырлатады. Сосын Құранды әдемі оқитындар бар, жай оқып шығатындар бар. Құран оқудың хикметі ұшан-теңіз-ау…

Соңғы кездері адамдардың сөйлеген сөздеріне мән беретін болыппын. Әдемі дауысқа құлағымды түреді екенмін.

Сурет СС рұқсаты негізінде lenblumin есімді қолданушы мұрағатынан.

Күзгі қарбалас…

Қордайға кетіп бара жатқандағы намазхана

Қордайға кетіп бара жатқандағы намазхана

  1. Яndex.kz келді. «Салам» деді. Біздің нарыққа да сынамалап еніп жатыр. Енді mail.ru да келетін шығар. Бірақ ол баяғыда келіп қойды ғой.
  2. WordPress.com блогтары не себепті Алматы қаласындағы кейбір мекемелерде ашылмайтынын түсінбей жүрмін. Бірте-бірте өшірмекші ме, әлде басқа ойлары бар ма?
  3. Google.kz қазақша сөздерді іздегенде балама ұсынатын болыпты.
  4. Дэвидтің бір семинарына қатыстым. Қатты ауырып қалыпты.
    Дэвид ауырып тұрғандықтан сұхбат бере алмады

    Дэвид ауырып тұрғандықтан сұхбат бере алмады

    Түрі қызарып кеткен. Айтқан тақырыбы: әлеуметтік желілер, олардың маңызы еді. Аудитория жас журналистер болғандықтан осы тақырыпты таңдаған екен. Әйтпесе, компында «Интернеттен ақша табу» деген тәрізді тақырыптағы презентацияларды көзім шалған. Оқуды жалғастыру