Қалтафондағы көше суреттері

This slideshow requires JavaScript.

Advertisements

Мәскеудегі Beeline-ның техникалық орталығында

Beeline Мәскеуге шақырған. Мынау солардың техникалық бас кеңселері. Мониторда Beeline-ның трафигі көрініп тұр. Мәскеу мен Мәскеу облысында жұрт көбіне ммс пен интернет қызметін кешке қарай көп тұтынады екен. Әзірге оларда 3G indoor (ғимараттардың ішінде ғана рұқсат), бірақ кешке қарай қызыл Алаңда қыдырып жүргенде 3G болды. Біздің елімізде үшінші буынды байланыс қаңтардың соңынан бастап қолданысқа енбек.

N6300 – Қазақстанда кең таралған телефон

Жеті жарымда отырған автобустан сегіз жарымда түсіп, күзгі ызғар кеудеңді толтырғанда өз-өзіңнен бойыңды қуаныш кернейді екен. «Автобустағы «сұмдықтан» құтылуыңмен!» деп көшедегі тал-теректер де бас изейді. Бүгінгі көңіл-күйімді ешкімге де бұзғызғым келмейді. Мерекелеріңмен, бауырлар!
gtoracer1@12Кеше ғана биылғы жылдың соңына дейін 3G қызметі іске қосылатыны белгілі болды. Бірақ бұл жиіліктің енгізілуі әскери саламен де тығыз байланыста. Қалтафоныңыз ескі болса, 3G қызметі барын ала салыңыз. Әйтпесе, қымбаттап кетуі мүмкін. Тағы бір қызық жаңалық, Opera-ның соңғы есебі бойынша Қазақстанда ең кең таралған телефон N6300 екен. Енді оның қаншасы Қытайдан әкелінгенін есептесе, тіпті, қызық болатын шығар.

SMS ағылшынша

  • RU OK? – Are you OK? – Қалайсың?
  • Y NY? – Yes and you? – Шүкір. Өзің?
  • OK CU2DAY? – OK. See you today? – Біз де. Бүгін кездесеміз бе?
  • NO 2MORO WER? – No. Tomorrow. Where? – Жоқ, ертең. Бірақ қай жерде? Оқуды жалғастыру
  • Қалтафоннан wordpress.com блогына сурет жолдау

    Бұған дейін қалтафоннан блог жүргізу жайлы айтып өткен болатынмын. WP бұл істі одан да оңайлатыпты.[eng] Өз кезегінде біреуге пайдалы болар деген оймен, қалтафоннан блогқа аралда жүрсеңіз де, суретті қалай жолдауға болатынымен бөліскім келіп отыр.

    Бірден айтайын бір суреттің құны қай елдің операторы болса да 15-20 теңге айналасында болуы тиіс. (Active, DG сондай кететінін білемін). Десе де алдын ала тексеріп алғанның айыбы жоқ.

    WP осыдан бір айдай уақыт бұрын э.пошта арқылы блогқа жазба жазу мүмкіндігін енгізген. Яғни, блогыңызға арнайы пошта береді де, соған жіберген дүниеңіз блогыңызға (егер хатпен бірге сурет тіркеген болсаңыз ол да) жарияланады.

    Ең бірінші блогыңыздың э.поштасын алу керек. Ол үшін менің шотым – менің блогтарым деген жерге барасыз. Сол жердегі блогтың тұсындағы post by email дегеннің астындағы “рұқсат” деген түймені түртесіз.

    moblog (Small)

    Таңдаған блогыңызға дербес адрес беріледі. Әдетте ол символдар жиынтығы болады де соңы @post.wordpress.com деп аяқталады. Соны қалтафоныңызға сақтап қоясыз, Кейін  суреттеріңізді, жазбаларыңызды сол адреске жолдай бересіз.

    Мен Панкор аралынан блогыма суретті солай жолдадым. Қалтафонымызда қазақша әріптер болса, автобус ішінде отырып та, сабақ үстінде отырып та блогқа жазба жаза берер ме едік 🙂