СЛАЙД: Қазақ Интернеті: қазақ тілі және контент

Астанадамын. Қазақ тілі және интернетке арналған жиында отырмын. Қазақ интернетіне қатысты біраз статистикалық деректердің басын шолған едім. Соларға негіздеп әзірлеген презентациямды ұсынып отырмын.

Зейнетақы қорындағы ақшамыз не болып жатыр?

Зығырданым қайнап, зейнетақы қорымның сайтына шағымданып едім. Бір сағат өтпей қызметкері хабарласып, «Жарты жылдың көлемінде түзетеміз. Өтінішіңіз орынды т.с.с.» деп жуып-шайып жатыр. Сонда да өзімнің қазақша мәлімет алу құқымды даулауды қоймайтын түрім бар. Сұмдық қой… Менің ай сайынғы жалақымның 10 %  алып отыр және ол туралы жөні түзу мәлімет те бермейді.

Бұрындары Зейнетақы қорына аударылып жатқан ақшама мән бермейтінмін. «Пайғамбар жасқа дейін не боларын, Құдай біледі. Сол он пайызы садақа болсын» деп бұл тақырыпты жауып қойғанмын.

Өткен сенбіде студенттерімді «Республика» зейнетақы қорына апардым. Оқуды жалғастыру

Банкомат «былықтары» – 2

Банкомат тақырыбына пікір білдіргендеріңізге рахмет.  Банкомат «былығына» қатысты ресми сауал да жолданды, банктерге де хабарластық. Бірақ әуелі пікірлеріңізді бір түйіндеп өтсем деп отырмын.

Блогшылардың пікірі

Оқырмандардың аталған мәселеге қатысты көзқарастары әртүрлі. Дені қазақшасын пайдаланамыз деді. Қате болсын, болмасын «қазақшасын біз пайдаланбағанда, кім пайдалансын» деген ұстанымда. Әу баста, көпшілік қазақ тілі техникаға көндікпеді деген сылтаумен пайдаланбайтын болар деген ой туындаған. Ондай комплекстің бар екені рас. Психолог блогшымыз Серікбай ағамыз ондай комплекстің болатынын жоққа шығармайды. Бірақ оқырмандар оған тоқталмады. Көбінесе «мен не себепті қазақшасын қолданамын, яки қолданбаймын?» деген сұраққа жауап қалдырды.

7 оқырман қазақшасын пайдаланатынын айтты. Басты себеп қазақ тілінің мәртебесіне ат салысқысы келеді. Тіпті қате болса да, қолданушылар санына үлес қосқанды қалайды.

Оқуды жалғастыру

WordPress тағдыры алаңдатады

Бұнымды жасырмаймын. Түсініксіз жағдайда жабылып, түсініксіз жағдайда қайта ашылған блогтұғырдың алдағы жағдайы қалай болатыны алаңдатады. Екі шұқып, бір қарайтын заман туғанын ұқтырды.
Өткенде АҚШ елшілігінде жиналдық. Хиллари ханымның «Интернеттегі бостандық» хақында сөйлеген сөзін тыңдатты. Сосын журналистер өзара шай үстінде еліміздегі интернет бостандығын талқылады. Дені орыстілділер, әрі Интернетті реттеу туралы заңға қарсылықтарын білдіргендері айтпаса да түсінікті ғой. Мен де: «WordPress дұрыс жұмыс істемей қалды. Білесіңдер ме?» деп айтқым келді. Ортаға сауал қойғым келді. Бірақ бұл сөзімнің соңын басқа бір тақырыпқа ауып кететінін ойладым. Отырған Халықаралық ұйым өкілдері менің сөзіммен өз оттарын көсеуі мүмкін деген ой санама ұялағаны үшін ұялдым. Себебі блогтың дұрыс ашылмауына қатысты арнайы техникалық сараптама да жоқ. Өзімді жаппа шеккен жан ретінде көрсеткім келген жоқ. «Неге?» деген сұраққа жауап тапқым келді.
Бірақ сол отырыста ұққаным. Біз басқамыз. Қазнеттегі орыстілді интернетшілер мен қазақтілді интернетшілердің ұмтылатынын құндылықтары әртүрлі. Бізді тек бір нәрсе ортақтастыратын тәрізді. Ол – Қазақстанда, осы территорияда өмір сүру. Олар аждаһаша қаһарын төккен заңға бар болмысымен қарсы. Ал біз (бәрі емес) интернетті қазір ұлттық мәселені шешетін құрал ретінде пайдаланғымыз келеді. Олар болса… олар болса… оны жеке амбицияларын (ұлттан бөлек) қолданғысы келеді. Маған солай көрінді. Қазіргі қоғамның өзінде орыстілді және қазақтілді азаматтық қоғам деп бөлінген. Енді бұл бөліну қазір Қазнетте де бар. Қайтпек керек?
Пы.Сы. Бір есептен блогтар ашылмай қалғанда тұншыққаным рас. Алда әлі де тұншығуым мүмкін екенін ойлағанда қоярға жер таппаймын. Біздің де блогтарымыздағы бейкүнә үніміз (жазбаларымыз) біреуге зиянын тигізіп жүр дегенге илғанғым келмейді. Саясат, неткен жексұрын едің!

Қарағандылық Әлияның Матрицасы!

Өткенде бір сөзінде Әлия «Матрица» бағдарламасы келіп, сюжет түсіріп кетті деп еді. Әлгінде сол сюжетті де көрудің сәті түсті. Жарайсың, Әлия!

Ауылшаруашылығы министрі блог ашты

bloggg-winceЖаңартылды: Әлгінде министрдің блогына пікір қалдырып едім. Жаңа ғана «Министр пікіріңізді оқып алғысын айтып жатыр. Сізді тапсын деген соң, хабарласып отырмыз» деп, ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз өкілінен хабарласты. Қызық. Біртүрлі екен 🙂

Бәлі-і-і-і, деген. Мен сыйлайтын бірден бір министр блог ашты. Мен тұтынатын wordpress блогтұғырында ашқанға ұқсайды.
Рас, Ақылбек мырзаға дейiн ауыл тұрмысын ашына сөйлеген тұлға Балташ Тұрсынбаев болған. Бiрақ Балташ Молдахметұлының айқайына дер кезiнде ешкiм құлақ аспады. Керiсiнше, оны билiк дәлiзiндегi ойыншылар күстәналап бақты. Министрлiктен кетiрдi.
Толығырақ Жаңаеуразияда.

Әлемтор «қазақ» туралы мәліметке зәру

kazakh
Әлемтордың қазақ тілді бөлігінде «қазақ» сөзіне сұрау салып, іздеушілер күннен күнге көбейіп келеді. Бұл туралы мәліметті Google-дың виртуалды зертханасы анықтап берді.
Қазақстандағы интернет-аудитория кеңейіп келе жатқандықтан қазақ тілінде ақпарат іздеушілер санының қаншалықты артқынын білмек болдым. Осы орайда танымал іздеу тораптарына кіріп, қазақ, казах, Kazakh, qazaq деген сөздерді енгіздім. Нәтижесінде «қазақ» деген сөзбен қазақ тілінде интернетте мәлімет іздеушілер саны анағұрлым көп екені анық көрінді. Бұл үдеріс 2007 жылдың орта тұсынан басталған. Яғни, дәл «Мегалайн» қызметінің арзандай бастап, бұқараға тарала бастаған уақыты. Ал ағылшын тілінде Kazakh деп іздеушілер бұдан да көп. Бұның да себебін білу оңай. Бұл жайтты Қазақстан туралы ағылшын тілінде мәлімет іздеушілердің, шетелдік инвесторлардың көптігімен түсінудіруге болады.

Астана қазақтың санын анықтамақшы

Сұмдық аяз!!! Астанада қатып қалдым! Жылы киініп бармаппын. Суықтан қалтафонымның қуаты азайып, инетке шығу да қиындап кетті. Бірақ астанадағы достарымның жылы пейілі мені жігерлендіріп, арқаның суығында жаурамауыма жәрдемдесті.
Алматы әуежайынан ұшағымыз Астанға бет алды. Менімен бірге қажылықтан келе жатқан кісілер бірге болды. Олар өте жұқа киінген екен. Бір бауырымыздың мұрнынан қан кетті. Қысымнан, ауа температурасының бірден өзгере бергенінен болар деп ойладым. Мені де кейбір кісілер Меккеден келе жатыр деп ойлап қалды. Ниеттеріне шүкір! Айтпақшы, бірінші рет Алматыдан Астанаға жастарға арналған тарифпен (10500 теңгеге!) ұштым.


Жұма күні ҚР Статистика агенттігі алдағы жылы болатын Санаққа орай арнайы семинар өткізді. Бұрын-соңды министрлер үйінде болмаған едім. (Тіпті, 410 теңгеге сол жерде түстендім десем, сенбейтін шығарсың)Сөйтіп, алғаш рет ұзыннан-ұзын салынған Министрлер үйінің 4-кіреберісіндегі ғимаратқа кірдім. Министрлер үйі деген өзі 20 шақты кіреберіске (подъезге) бөлінеді екен де. Әрқайсысында бір-бір министрлік орналасқан екен. Сақшылар күтіп алды. Дорбамның ішінде не бар екенін білу оларға қызық көрінді. Жайнамаз, фотоаппарат, диктафон, оны-мұны, кәкір-шүкір қағаздарды көріп, жібере салды. Семинарға Қызылжардан, Керекуден, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Астанадан да әріптестерім қатысты. Көптен көрмеген достарымды көріп, арқа-жарқа болыстық.

Семинарда не айтылды?