Бішкекте не жоғалттым?

Бір айдай уақыт бұрын Facebook-ке Назгүлден [darknazgul] хат келген. «Сен қатысатын шара екен. Көрсеңші!» деп. Бұған дейін дата журналистикаға қатысты қатысқан тренингтерімнің ішіндегі ең ұзағы екі күндік еді. Мынау – бір айлық Дата журналистика мектебі. Оқуды жалғастыру

Журналистік білім беру: жаңа медиа мүмкіндіктері

«Журналистік білім беру: жаңа медиа мүмкіндіктері» деген атпен ҚазҰУ журфагында семинарымыз өтті. Ойларым ұшып кетпей тұрғанда жазып қояйын деп отырмын.

1378433_10202529820111159_682160182_n

OSCE қаржылай қолдап, ЮНЕСКО моралдық тұрғыдан қорғап, Қарлыға апай бастаған ҚазҰУ тобымен бірлесе өткізіп жатырмыз. Семинар соңынан тренинг қарастырылған еді.

Қатысушыларға үнхабар жасаудың жолдарымен бөлістім. Бұйыртса, ертең видеокаст жасаудың жолдарын көрсетпекпін. Оқуды жалғастыру

Give Away 2. Кітап иесі анықталды

Өткен аптадағы экономикалық журналистикаға арналған кітаптың иесі анықталды. Кітап иесінің игілігіне жарар деп үміттенемін.

Құттықтаймын!!! Кітап иесін компьютер қалай анықтағанын видеодан көре аласыз!

КІТАП: Экологиялық журналистика

Сіздер де мен тәрізді журналистикаға қатысты кітаптарды жинап жүрсеңіз электронды сөреңізге «Экологиялық журналистиканы» қосып қойыңыз.

Кітап «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығында биыл жарық көрді.

Әлемдегі оқиғаларға қатысты журналистиканың да салалық түрлері басымдыққа ие болады. Алдағы бес жылдықта экология тақырыбы негізгі трендтердің бірі. Кітапшаны парақтап шықсаңыз, ойыңызбен бөлісерсіз. Кітап орыс тілінен қазақ тіліне аударылған.

Give Away. Мына кітап кімге керек?

Осы сенбі English Language House-те Give Away жасап, Ағылшын тілін үйреніп жүрген қазақ журналистеріне пайдасы тиетін мына бір кітапты беремін ғой деп едім. Сенбі күні ҚазҰУ-да сабақтарым өтетіндіктен, ұйымдастыра алмайтын болдым.

Бірақ Give Away-ды инеттегі оқырмандарға ұйымдастырсам деймін. Мына суреттегі кітапқа қызықсаңыз Жұма, 13-қыркүйек Астана уақыты сағат 20.00-ге дейін осы жазбаның астына өз атыңызды қалдырыңыз. Апта соңында интернет программа көмегімен есімдердің ішінен біреуін таңдап, кітапты сол кісіге сыйламақпын.

2013-09-09 21.57.51 Оқуды жалғастыру

Вашингтон конференциясы жүрегімді жаралады

Вашингтондамын. Көптен күткен конференцияма қатысып отырмын. Interactive Journalism деп аталатын Мультимедиа оқытушыларына арналған конференцияға студенттер қатыстырылмайды. Екі студентке қана шәкіртақы ұсынып, рұқсат берді. Соның бірі атандым. Себебі Қазақстанда медиа тренер болдым, универде мультимедиа оқыттым, әрі ЮНЕСКО-ның журналистиканы оқытуға қатысты силлабусын қазақшаға бейімдеуге ат салысып жатырмын дедім. Өзге шетелдік профессорлардың да ұсыныс хаттары септігін тигізді.  Оқуды жалғастыру

Иманды болсын…

Біздің ауылда кісі қайтыс болғанын естісе: “иманды болсын!”, яки “Арты қайырлы болсын!” дейтін. Нұрғисаға деген сенімім зор болған күннің өзінде соңғы жазбасының дереккөзі болмаған соң, секем алып отыр едім. Жаңа ғана Интерфакстан (орысшасы) хабар жетті.

Әріптес болған, жүзтаныс Руслан Бөлебай көлік апатының салдарынан ауруханаға жеткізіліпті (Алматы ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының мәліметі бойынша) … Қайғылы оқиға кеше түнде Алматы қаласындағы Гагарин мен Жамбыл көшелерінің қиылысында орын алған. Күні кеше бір редакцияда ойнап-күліп жүрген, кейін телевизияға ауысып, жетістіктерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген жігерлі жастардың бірі еді… Енді ол туралы шынымен де өткен шақта айтпақпын ба…

Сіздікі дұрыс емес!

Жұмыс бабымен әртүрлі адамдармен кездесесің.  Телефонмен, интернетпен хабарласатындар бар. Әрқайсысы өз проблемасын айтады. Өткенде Түркістан қаласынан бір студент хабарласты: «Ертең ереуіл болады. Ректор стипендиямызды бермей жатыр» деді. Қазақшасында мүкіс бар екен. Содан түрік болар деп шырамыттым. Дегендей-ақ түрік студент болып шықты. «Қандай ереуіл? Не үшін? Кімге наразысың?» деген сұрақтардан соң барып, байланыс үзіліп кетті. Не ол кері хабарласпады. Ереуіл болды ма, болмады ма білмедім… Оқуды жалғастыру

Саяси стереотиптердің салдары

Өткен аптада AP ға (AssociatedPress) қызмет ететін Питер деген әріптесіммен сұхбаттасқан едім. Ресей баспасөзінің Қазақстан туралы не жазып жатқанын сұрадым.  Себебі ол The Moscow Times басылымында екі жыл қызмет еткен.

«Қазақстан туралы ағаның ініге айтқан ақылындай мазмұнда жазады. Ал өзге Орталық Азия елдері туралы жазғандарын оқып, көршілерін сыйлап отыр дей алмас едім»

деді. Ол: «Көршілес жатқан елдердің бір-бірін жек көруі заңдылық» деген. Себебі стереотиптер болады. Бізде де солай сиқты. Шекаралас елдер бір-бірімен сырттан ғана сыйласады. Саясаткерлер әртүрлі стереотиптерді таңып тастаған. Шындығында Құранға салсақ, «арабтың араб еместен айырмашылығы жоқ қой»…

Find a mistake – 11

Бүгін газет шығатын күн ғой. Редакцияда күні бойы шапқылап жүргенмін. Серғазы АҚШ-тан хат келді деді. Жүрегім дір ете қалды. Бөлмеме келсем, жұмыс үстелімнің үстінде сары конверт томпиып жатыр. Шетелден ешқандай хат күтіп отырмаған едім. Сыртын оқи бастадым. Дір ете түстім. «Жау хатшы» десе бір сәрі, «жауанты хатшы» болып кетіппін. Онсыз да бұл лауазым маған онша ұнамай жүргенде… Жолдаған USAID. Олармен араласып тұратынмын. Бірді-екілі эксперттерін сөйлеткенмін. Parsel from USAID Оқуды жалғастыру