Үнхабар деген бір дерт екен

Үнхабар деген бір ауру мені иектеп жүр.

Үнхабардағы Мелаканың түнгі базарынан көрініс

Оқуды жалғастыру

Advertisements

WordPress.com 5 жаңалық

  1. VideoPress.com видеопорталы ашылды: WordPress.com өзінің Videopress деген видеопорталын іске қосты.

  2. E-mail арқылы пікір келгенін хабарлау жетілдірілді: Байқаған боларсыздар, қазір блогқа пікір қалдырғанда оның жауаптарын пошта арқылы бақылап отыруға болады. Әрі жекелеген пікірқалдырушылармен жеке пікірлесу мүмкіндігі бар.
  3. Пікірлерді іздеу: Wordpres.com блогтарына әрбір секунд сайын пікір қалдырылады екен. Блогтұғырды әзірлегендердің бірі April Wrap-Up-та 8.6 млн. пікір қалдырылғанын мәлімдеген. Әрине, “пікірсіз блог жетім” (бір жерден естідім) екені белгілі. Сондықтан WP жаңашылдығы қазақ тіліндегі блогтардың да маңыздылығын арттыра түсті. Айтпақшы, бұдан былай блогтағы жазбалармен қатар пікірлерді де іздеуге болады.
  4. Стастиканың жаңа келбеті: WP блогы барлар, ендігі кезекте блогтың стастикасын көрсететін графиктің де өзгеріп шыға келгенін, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда әдемі болғанын аңғарған болар. Бұрынғысы жүректің соғысын көбірек елестетсе, соңғысы, Алатаудың жоталарын еріксіз еске түсіреді 🙂 Бір қызығы, бұдан былай стастика біздің жергілікті Астана уақытымен көрсетілетін болды.
  5. Айтпақшы: бұдан былай wordpress.com деп теріп жатпай-ақ, wp.com деп терсеңіз де wordpress.com-ның негізгі беті ашылады. Қазақ тіліндегі блогтар kk.wordpress.com мекенінде екенін айтпай-ақ қойсам да болатын шығар 🙂

Қазақ блогшылары мәжіліс депутаттарының шешіміне наразы

Жаңаеуразия

Жаңаеуразия

Өткен аптада мәжіліс депутаттары мақұлдаған “Ақпараттық-коммуникациялық желілер” туралы Заң жобасы» қазақ блогшыларының белсенділігін оятты. Бір күннің ішінде бірнеше блогшылар заң жобасының Қазнеттің болашағына тигізер әсер ықпалын сараптауға тырысты. Қазақ блогшыларының пікірі бір жерден шықты деуге келмейді. Кейбіреулері бұл заң жобасына ашық қарсылығын білдірсе, енді біреулері «шетелдік тәжірибеге сүйеніп, бұған таңданудың қажеті жоқ » деген пікірде.  More...

«Мәссаған» ұлттық порталының іргетасын қалаушылардың бірі Жанарбек Матай өз блогында интернеттің мемлекет тарапынан қадағалануы дұрыс дей отыра, депутаттардың қабылдаған заңын «шала піскен» заң деп бағалады:

Бұл заң менің ойымдағы заңға сәйкес келмейді. Бұл заң интернетте бір ауыз сөз айтуға мүмкіндік берген үшін бір үлкен сайт немесе блогқа тосқауыл қойады, ал халқымызға нағгыз қатерлі сайттарға тосқауыл қойа ала ма оған күмәнім бар. Бізге осы нағыз қәтерлі сайттарды қадағалайтын заң керек. Порно сайттарын, пираттық сайттарды қадағалайтын заң керек! Толығырақ «Жаңаеуразияда»

Livejournal, blog.mail.ru … енді wordpress құрсаулана ма?

Солай деп шулап жатыр. [ор.тіл]. mail.ru пошталық қызметін ғана анда-санда тұтынатыным болмаса, блогтарын оқи бермеймін. Тек бір танысым ғана намаз уақыттарын ілетін болған соң, блогына жазылған едім. Енді келіп бұл блогты да құрсаулап тастаған екен. Маған Малайзияда бәрі ашылып тұр. ЖЖ-да. Сонда Қазақстанның ішіндегілерге ғана көрінбей тұрғаны ғой. Ендігі кезек, уордпреске келсе не істейміз, ағайын?

AWARD.kz – 2009 қазақша!

Көпшілігіңізге AWARD.kz ұлттық интернет жүлде байқауының маңызы мен мақсаттары жақсы таныс.
Жеті жылға жуық уақыт бойы өткізіліп келе жатқан байқаудың басы-қасында орыстілді азаматтар жүргендіктен бұл байқаудың қажеттілігі қазақтілді орта үшін онша белгілі болмады. Осы орайда байқауды бұқараға кеңірек насихаттап, оның Қазнеттің шынайы дамуына септігі тиюіне ат салысуымыз қажет деп тапқандықтан, өткен жылы ұйымдастырушылар құрамына мүше болып, аз-маз «түсінік» жұмыстарын атқарған едім. Нәтиже жаман болмады. Қазақ тіліндегі веб-ресурстар саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге көбейді. Үздік шыққан сайттар арасында қазақ тіліндегі сайттар да көрінді.
Көпшілігі бұл байқауды «қазақ тіліндегі ең үздік сайтты анықтау» деп түсінеді. Асылында олай емес. Байқау бірінші кезекте техникалық жағынан сауатты жасалған, дизайны жағынан ең үздік, әрі қолданылу жағынан (ол да техникалық) ыңғайлы, сосын мазмұны қоғамға пайдалысын сұрыптайды. Ал ең үздік қазақ тіліндегі сайт арнайы аталым аясында анықталады. Егер жоғарыдағы параметрлер бойынша үздіктерді анықтауға шетелдің айтулы веб-мамандары қатыстырылса, қазақ тіліндегі (бірініші кезекте мазмұны бойынша) үздік сайтты отандық тілші-ғалымдар, журналистер, қоғам қайраткерлерінің дауыс беруі (әрі қолданушылардың веб және sms) нәтижесінде анықталады.
Кеше 2009 жылы өтетін байқауға қатысты арнайы жиналыс өткіздік. Келесі аптадағы AWARD.kz-2009 одан да қазақшалауға қатысты ұсыныс-пікірлерімді білдіргім келіп отыр. Көпшілігі біле бермес, бұл байқаудың қорытынд кешіне осылайша жыл бойы дайындалып, ерікті түрде бос уақытымызды арнаймыз.
Биылғы байқаудың салтанатты марапаттау рәсіміне көптеген достарым, әріптестерім, блогшылар қатысқанын білемін. Келіп, демеушілік танытқандарына ризамын.
Байқаудың соңғы қорытынды шарасын көзбен көріп, көңілмен түйсіндіңіздер. Кемшіліктерді (бәлкім артықшылықтарды) байқадыңыз. Award-ты сылтауратып біраз блогшылар танысып, білісіп қалды. Ендігі кезекте Сіздердің кішкентай көмектеріңіз керек.
AWARD.kz – 2009 ұлттық интернет жүлдесінің алдағы байқауды өткізуге қатысты қандай ұсыныс, ой-пікір, сын-ескертпелеріңіз бар?

«Жаңаеуразияның» өткен аптадағы жазбалары

1. Аптаның 7 жазбасы: Алматы – табанымның нүктесі – қазақ блогосферасына жасалған бір апталық шолу блогшылардың жеке қызығушылықтарын көрсетті.

2. ҚТЖ Қытай вагондарының ылаңы – атты бейнехабарда елді дүрліктерген Қытай вагондарымен саяхаттаған қазақ журналистер «Вагонның денсаулыққа еш қаупі жоқ», – дейді.

3. “kz” доменiн пайдаланушылар аздық етеді… – белгілі журналист Есенгүл Кәпқызының мақаласы блогшылар тарапынан талқыға түсіп, Жанарбек өз сөзінде:«яндех.ру-ға отандық іздеу моторын жасату Үкіметтің үлкен қатесі болып қала береді», – деді.

4. Америка блогшысымен кездесу – Өрімтал қазақ даласын шарлап жүрген америка блогшысымен кездесіп, ол блогшы мен Айконың арасындағы құпия байланысты зерттеуге тырысуда.

5. Кредитті қайтармау сәнге айналып барады – Шымкенттің тұтас бір ауылы банктен алған кредиттерін қайтармай отырған көрінеді. Осы жағдай қазақ банкирлерінің бас қайғысына айналды.

Африканы басып озу үшін…

Бақытнұр және Аршат блогтарынан файорфоксың рекордтар кітабына енуге ниет танытып жатқаны туралы жазбаны оқып, «Қатысу керек» деп ойлап жүр едім. Әне-міне дегенше уақыт та өтіп кетіпті. Жарты сағат бұрын Бауыржан досымнан хат келді:

osynda Kazakhsatn belsendiligi jagynan afrika elderimen, mongolyamen katar tur 1000 ga 15 shakty otinish jetpei tur

қайтсе болады

блоггерлерге айтасыз ба шамалы өтініш жазып 1000 нан асырайық, мен Firefox – қа емес Қазақстан Африкамен қатар тұрғанына жаным ашып тұр»

депті. Қазір дереу тіркегелі отырмын. Тіркелдім. Негізі «Firefox» шолғышының интернетті қазақ тілінде тұтынатындар үшін пайдасы үлкен. Әсіресе қаріп мәселесіне келгенде. Аршат өз блогында Файрфокстің құдыреті жайлы жазған еді. Ағайын, Африканы басып озамыз десек, сәл белсенділік танытайық. Pledge now деген түймені түртесіз де, Kazakhstan деп елдің атын көрсетіп, э-поштаңызды енгізсесіз. Енді аз ғана жетпей тұр екен…

Қырқып қой: Бүгін қоғамдық көліктегі жолақыға байланысты баспасөз мәслихаты өтеді. Кеше Мақпал өз блогында бүгін жастар осыған орай наразылық акциясын ұйымдастыруы мүмкін екендігін жазған еді. Жаңалықты пресухадан пресс-конференциядан келген соң айтармын, ИншАллаһ!