Give Away 2. Кітап иесі анықталды

Өткен аптадағы экономикалық журналистикаға арналған кітаптың иесі анықталды. Кітап иесінің игілігіне жарар деп үміттенемін.

Құттықтаймын!!! Кітап иесін компьютер қалай анықтағанын видеодан көре аласыз!

Advertisements

Өзіме арналған кеңестер

Әрине, егер өзің үшін де пайдалы деп тапсаң, қолдануға болады. Оқиға неден басталды дейсің ғой?

Достарымызбен кафеде әңгіме-дүкен құрып отырғанбыз. Телефон шыр ете қалды. Ішіп алған біреу: «Сен кімсің?» деп мазамды ала бастады. Оның кім екенін мен де танымайды екенмін. Тек, тілі бұратылып тұрған соң барып, мас екенін білдім. Әңгімесінен ұққаным мынау болды.

Осыдан бірнеше апта бұрын бір журналистке сұхбат бергенім бар. Ол журналист екеуміз сұхбатты қай уақытта, қай жерде алатынымызды алдын ала келісу үшін SMS хабар алмасқанбыз. Әлгі масаң жігіт сол журналист қыздың жігіті болып шықты. Оқуды жалғастыру

Блогыма суретті қалай жариялаймын?

1. Әуелі, ең қарапайым жолын айтайын. Ол үшін жаңа жазбаны жазған кезде ашылатын терезені ашасыз. Upload/Insert (Жариялау/Енгізу) деген тұста бес белгіні көруге болады. Соның біріншісі сурет жарялауға арналған.

2. «Қарап шығу» дегенді басасыз да, суреттің орнын көрсетесіз Оқуды жалғастыру

Қазақ тіліндегі жаңа медиа

Осы уақытқа дейін Сауалнама нәтижесін жариялаймын деп кешіктіре беретінмін. Тренингте жасаған презентациямды жариялап отырмын. Кемшілігі жоқ деуден аулақпын. Сондықтан да ішіндегі мәліметтерді қандай да бір ғылыми жұмыс үшін пайдаланатын болсаңыз, қаперіңізде жүрсін.

Интернеттің қазақ тіліндегі бөлігін зерттеудегі алғашқы зерттеуді жасауда көрсеткен көмектерің үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Пы.сы. SlideShare.net презентацияларды бір жерге жинақтауға мүмкіндік беретін тамаша ресурс екен.

Алматыда кездесетіндер үшін

Мұхтар төмендегідей мәліметпен бөлісті:

Өтетін күнін сенбі, 17 қазанға жоспарладық. Ал Дэвид Лафонтейн блоггерлерге/нью-медиа өкілдеріне арнап

  • оқырманды тартудың әдістері,
  • өз қоғамыңды құру,
  • журналистиканы қолдау мақсатында бизнес модельдер жасау

тақырыптарын қамтитын жарты күндік тренинг өткізуге құлшынып отыр. Басқа мәселелер айқындалғанда, бірден айтамын.

WordPress.com 5 жаңалық

  1. VideoPress.com видеопорталы ашылды: WordPress.com өзінің Videopress деген видеопорталын іске қосты.

  2. E-mail арқылы пікір келгенін хабарлау жетілдірілді: Байқаған боларсыздар, қазір блогқа пікір қалдырғанда оның жауаптарын пошта арқылы бақылап отыруға болады. Әрі жекелеген пікірқалдырушылармен жеке пікірлесу мүмкіндігі бар.
  3. Пікірлерді іздеу: Wordpres.com блогтарына әрбір секунд сайын пікір қалдырылады екен. Блогтұғырды әзірлегендердің бірі April Wrap-Up-та 8.6 млн. пікір қалдырылғанын мәлімдеген. Әрине, “пікірсіз блог жетім” (бір жерден естідім) екені белгілі. Сондықтан WP жаңашылдығы қазақ тіліндегі блогтардың да маңыздылығын арттыра түсті. Айтпақшы, бұдан былай блогтағы жазбалармен қатар пікірлерді де іздеуге болады.
  4. Стастиканың жаңа келбеті: WP блогы барлар, ендігі кезекте блогтың стастикасын көрсететін графиктің де өзгеріп шыға келгенін, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда әдемі болғанын аңғарған болар. Бұрынғысы жүректің соғысын көбірек елестетсе, соңғысы, Алатаудың жоталарын еріксіз еске түсіреді 🙂 Бір қызығы, бұдан былай стастика біздің жергілікті Астана уақытымен көрсетілетін болды.
  5. Айтпақшы: бұдан былай wordpress.com деп теріп жатпай-ақ, wp.com деп терсеңіз де wordpress.com-ның негізгі беті ашылады. Қазақ тіліндегі блогтар kk.wordpress.com мекенінде екенін айтпай-ақ қойсам да болатын шығар 🙂

Сіз сүйікті блогыңызға жазылдыңыз ба?

Әрбір блогты жеке-жеке ашып: «Кімде қандай жаңа жазба бар екен?» деп іздеп отыратыным рас. Бірақ қазақ тілінде блогтар көбейген сайын интернетті қарауға кететін ақшам уақытым көбейіп бара жатқанын аңғарудамын.

Осы орайда гуглдың ридер бағдарламасы маған көмекке келді. Өзімнің сүйікті блогтарыма жазылу арқылы жаңаланған жазбаларды қадағалап отыратын болдым. Ең жақсысы, бұл қызметті электронды пошта арқылы қолданамын. Ал поштаны интернетке кіргенде бірінші кезекте тексеретінім белгілі.

Сонымен үш адыммен бұл бағдарламаны қалай қолдануға болатындығын көрсетейін. Ең маңыздысы гмейлде э-поштаңыз болуы қажет.

1. Қалаған блогыңыздан Жазулар RSS деген түймені тауып алып, түртіңіз.

2. Add to Google reader түймесін шертіңіз!

3. Құттықтаймын! Блогтағы жазбаларға жазылдыңыз.

Төменнен бұл адымдардың суретті нұсқасын көре аласыз. Оқуды жалғастыру