Ciao-Cacao кафесіне не үшін барамын?

Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Студентім кафе ашты. Төртінші курста оқиды. Екі семестр сабақ бердім. «Мультимедиа», «Дата журналистика» оқытқан студентім Абылай хан мен Мақатаевтың қиылысында кофехана ұстап отыр. Оқуды жалғастыру

Халалданудамыз

Жұмыс орнымның қасында «Адал Ырыс» атты кафе ашылғанына үш айдай болып еді. Енді бұрындары ойын залы болған бөлме, «Халал ет» сататын дүкенге айналды. Мекен-жайлары.

  1. «Адал ырыс» кафесі.  Сейфуллин мен Қазыбек би көшелерінің қиылысы (Сейфуллиннен Мәуленовке қарай жүру керек)
  2. «Халал ет» дүкені. Желтоқсан мен Төле би көшелерінің қиылысы (Төле биден сәл төмен түсесіз)

Бішкектемін

Бішкекте емес, Қазақстанның бір қаласында жүргендеймін. Қатты айырмашылық жоқ. Ғимараттар, тұрғын үйлер, көшелер, ағаштар, адамдардың түрлері бәрі ұқсас. Кеше келдік. BarCamp болғалы жатыр еді. Қуантқаны, бұл жолғы Баркэмпке Қазақстанның түкпір-түкпірінен біраз IT саласының мамандары келді. Бәрі дерлік менің құрдастарым.

Bishkek 008 Әртүрлі жобалардың құлағынан ұстапты. Қазақ блогшыларынан Қарағандыдан Әлия келді. Сосын Елдар деген бауырымызбен жолықтық. Кеше ашылуы болған, бүгін бірінші күн. Қалай өтер екен деп, өзім де қобалжып отырмын (Негізі қобалжитын түгі жоқ. Себебі баркэмпте әр адам қонақ емес, бірінші кезекте іс-шараны ұйымдастырушы). Бір автобуспен отыз беске жауық адам келдік. Bishkek 012 Бәрімізді Гоголь мен Шу көшесінің қиылысындағы жатақхана тәрізді бір қонақ үйге орналастырды. Орталық мешіт бізден алыс емес екен. Іргемізде тәулік бойы жұмыс істейтін халал кафе бар.

Оқуды жалғастыру