#AmalTalks Тимур маған не үйретті?

Ақтау қаласы, 10 наурыз. AmalTalk сахнасы

Ақтау қаласы, 10 наурыз. AmalTalk сахнасы

«Құрдас, Ақтаудағы шараға келесің бе?» Тимурға көмектесу – парыз. Үш күндік жұмысты ысырып қойып, Алматыдағы офисімнің есігін жауып жатқанда: «Қандай жағдай болса да, дайын бол!» деген тәуекелмен шықтым.

Жаңа нәрсені бастау оңай емес. #AmalTalks жаңа формат. Тимурға оның маңызын түсіндіруге қанша уақыт кеткенін толық сезбесем де, болжап отырмын. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Тимур Бектұр SEO туралы «Шалқар» радиосына сұхбат берді

Сурет kaztrk.kz сайтынан алынды

Тимур Бектұр және Мұхтар Тұртайұлы  

http://radioshalkar.kaztrk.kz/kaz/news/Tikelej_efirde_-_Timur_Bektur_id1358923812.html#go

«Шалқар» радиосына Тимур Бектұр сұхбат берген екен. Соны тыңдап отырмын. Негізі «Шалқар»  радиосындағы хабарларды мен сияқты уақытында тыңдай алмасаңыз, сайттарына барып тыңдауға болады екен. Сапасы жақсы!

Хабар негізінен жалпы ақпараттық сипатта берілген. Қазақ редакторларының конференциясы (#KZSRK) не үшін өтті, қалай өтті деген сарында өрбиді.

Жаңа медиаға қызыққандар үшін 10 минуттан басталатын SEO туралы ақпаратты тыңдауға кеңес беремін. Ұзақтығы шамамен 4 минуттай. Тимур SEO дегенді біраз тарқатып түсіндіреді (Бұйыртса, аудиосын қысқартып, блогқа ілермін. Әзірге жоғарыдағы сілтемеден тікелей тыңдай аласыз).

Сурет «Шалқар» радиосының сайтынан алынды