Саясаттың жур-балалары

Сабақ соңында бір студент «Бізге қандай кеңес бере аласыз?» деп сұрады. Мұндай сауал болар деп күтпедім. Себебі менің әрбір сабағым кеңеске толы тәрізді болатын. 🙂 Десе де ол жалпы журналист кәсібіне қатысты кеңестерді сұраған еді.


Осы уақытқа дейін төрт жылдай қатарынан Medianet-те жаңа медиа пәні бойынша бес күндік курс өткізіп келемін. Байқағаным, Оқуды жалғастыру

Advertisements

WordPress тағдыры алаңдатады

Бұнымды жасырмаймын. Түсініксіз жағдайда жабылып, түсініксіз жағдайда қайта ашылған блогтұғырдың алдағы жағдайы қалай болатыны алаңдатады. Екі шұқып, бір қарайтын заман туғанын ұқтырды.
Өткенде АҚШ елшілігінде жиналдық. Хиллари ханымның «Интернеттегі бостандық» хақында сөйлеген сөзін тыңдатты. Сосын журналистер өзара шай үстінде еліміздегі интернет бостандығын талқылады. Дені орыстілділер, әрі Интернетті реттеу туралы заңға қарсылықтарын білдіргендері айтпаса да түсінікті ғой. Мен де: «WordPress дұрыс жұмыс істемей қалды. Білесіңдер ме?» деп айтқым келді. Ортаға сауал қойғым келді. Бірақ бұл сөзімнің соңын басқа бір тақырыпқа ауып кететінін ойладым. Отырған Халықаралық ұйым өкілдері менің сөзіммен өз оттарын көсеуі мүмкін деген ой санама ұялағаны үшін ұялдым. Себебі блогтың дұрыс ашылмауына қатысты арнайы техникалық сараптама да жоқ. Өзімді жаппа шеккен жан ретінде көрсеткім келген жоқ. «Неге?» деген сұраққа жауап тапқым келді.
Бірақ сол отырыста ұққаным. Біз басқамыз. Қазнеттегі орыстілді интернетшілер мен қазақтілді интернетшілердің ұмтылатынын құндылықтары әртүрлі. Бізді тек бір нәрсе ортақтастыратын тәрізді. Ол – Қазақстанда, осы территорияда өмір сүру. Олар аждаһаша қаһарын төккен заңға бар болмысымен қарсы. Ал біз (бәрі емес) интернетті қазір ұлттық мәселені шешетін құрал ретінде пайдаланғымыз келеді. Олар болса… олар болса… оны жеке амбицияларын (ұлттан бөлек) қолданғысы келеді. Маған солай көрінді. Қазіргі қоғамның өзінде орыстілді және қазақтілді азаматтық қоғам деп бөлінген. Енді бұл бөліну қазір Қазнетте де бар. Қайтпек керек?
Пы.Сы. Бір есептен блогтар ашылмай қалғанда тұншыққаным рас. Алда әлі де тұншығуым мүмкін екенін ойлағанда қоярға жер таппаймын. Біздің де блогтарымыздағы бейкүнә үніміз (жазбаларымыз) біреуге зиянын тигізіп жүр дегенге илғанғым келмейді. Саясат, неткен жексұрын едің!