Познанда не жоғалттым?

News Literacy Summer School-2017 Participants, Poznan, Warsaw

News Literacy Summer School-2017 Participants, Poznan, Warsaw

Познандағы Адам Мицкеевич Университетіне бес сауалмен келіп едім, бес жүз сауалмен кері қайтып бара жатырмын.

Бәрі де Пол деген журналистерге ағылшын тілін беретін әріптесімнің жіберген хатынан басталды. «News Literacy деген жазғы мектеп бар екен. Қатысып көрсең», – деді. Пол екеуміз MediaNet-те «English for Journalists» курсын жүргіздік.

Сипаттамасын қарап едім. Ұнады. Себебі СДУ-да «Медиа сауаттылық» курсын оқыту керек деп ойлап жүргенмін.

Журналистер контент жасау білгенімен тұтастай алғанда бірінші медиа сауаттылық курсын бітіру керек екенін түсінетінмін. Сөйтсем, одан да маңыздысы бар екен. Жаңалық сауаттылық деген. Ағылшынша News Literacy деп аударыпты. Мен оны «Жаңалықтану» деп аудардым. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Мүфтият пен театрда не жоғалттым?

Бүгін Ағабек Мүфтиятқа шақырды. Негізі өткен аптада шақырған. Содан бүгін бардым. Сосын театрға бардым. Тал түсте.

Мүфтиятта өңірден келген баспасөз хатшыларына арналған семинар өтіп жатыр екен. Жаңа медиа туралы білгеніммен қуана-қуана бөлістім. Презентациямды блогыма жариялап қоямын деп едім, біреудің кәдесіне жарар деп жариялап отырмын.

Театрға да шақырды. Олардың тамаша сайттары бар. Көрген боларсыз. Театрдағы қойылымдарға билетті онлайн сатып алуға болады.

Театрда журналистерге арнап арнайы концерт қойды. Сосын дастархан жайды. Қызық болды. Біраз таныстарды кездестірдім. Екі жиында да қайта-қайта айтылған: «Журналистің арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» деген Шер ағаның сөзі еді.

Журналистер туралы бұдан басқа да мақалдар бар еді ғой. Мәселен, мынадай:

Журналист жортса – табады, жазса – шабады
Дәні бар хабардың мәні бар.
Ойы бар журналист отырмас.
Ұйқысы бұзылған журналистің рахаты мол.
Талантты журналист тақымын суытпайды.

(жалғасы)

.

Журналистер, мерекелеріңмен!