Познанда не жоғалттым?

News Literacy Summer School-2017 Participants, Poznan, Warsaw

News Literacy Summer School-2017 Participants, Poznan, Warsaw

Познандағы Адам Мицкеевич Университетіне бес сауалмен келіп едім, бес жүз сауалмен кері қайтып бара жатырмын.

Бәрі де Пол деген журналистерге ағылшын тілін беретін әріптесімнің жіберген хатынан басталды. «News Literacy деген жазғы мектеп бар екен. Қатысып көрсең», – деді. Пол екеуміз MediaNet-те «English for Journalists» курсын жүргіздік.

Сипаттамасын қарап едім. Ұнады. Себебі СДУ-да «Медиа сауаттылық» курсын оқыту керек деп ойлап жүргенмін.

Журналистер контент жасау білгенімен тұтастай алғанда бірінші медиа сауаттылық курсын бітіру керек екенін түсінетінмін. Сөйтсем, одан да маңыздысы бар екен. Жаңалық сауаттылық деген. Ағылшынша News Literacy деп аударыпты. Мен оны «Жаңалықтану» деп аудардым. Оқуды жалғастыру

Ылдым-жылдым ойлар #TEDActive

20140317_171315

Бір адаммен кездессең, телефоныңды сөнідіріп қой. Қалтаңа, сумкаңа салып қой. Сөндірдім ғой деп, үстел үстіне қойып қойғаның сөндіргенге саналмайды. 🙂

TED-тегі айтылып жатқан ойлардың бәрін бірдей қорытып үлгеру мүмкін емес. TED-тегі айтылып жатқандарды кейін сөзсіз қайта қарап шығуым керек.

  • Технология адамдарды жақындатып жатқан жоқ, алыстатын жатыр.

Адамммен сөйлескенде қолыңда телефон ұстап тұрсаң, қасыңдағы адамға «тезірек айтасың ба, мына жерден сенен де бір маңызды бір адамым бар еді» деген белгі беліп тұрсың деген сөз. Телефоның сөніп тұрса да, қасыңдағы адамға ол солай әсер етпек. Бұл үшін ешкімді кіналаудың қажеті жоқ. Бар болғаны технологияға деген тәуелділігіміз артып бара жатқанын көрсетеді.

Facebook топтарынан құтылу үшін

Facebook logo

Image via Wikipedia


Соңғы кездері Facebook-та бірінен соң бірі топтар ашылып, әй-шәй жоқ мені қоса салатын болыпты. Шамасы FB-тың privacy деген жеріне мән бермеген болармын.

Арасында келелі әңгіме қозғайтындары барын жоққа шығармаймын. Енді кейбіреулеріндегі пікір алмасуларына қарап, қарның ашады.

Егер сізді де әртүрлі топтарға қосып қойып, олардан келетін түрлі мазмұндағы хаттар мазаңызды алатын болса, сол топқа барып, оң жақ бағандағы Leave a Group дегенді бассаңыз, топтан өз еркіңізбен шығасыз. Ал егер, топтан шыққыңыз келмесе, онда сол топтағы Edit дегенін түртіп, хаттар поштама келсін деп белгіленіп тұрған жерін алып тастау керек. Оқуды жалғастыру