Giveaway 1. Кітап иесі анықталды

Ескерту: Бұл жазба 30 қыркүйек күні жаңартылды.

Өмірімде бірінші рет блогымда giveaway ұйымдастырып жатыр едім. Сондықтан кітаптың кімге бұйырылатынын білу маған да қызық 🙂

Кітапқа қызығушылық танытқандарыңызға рахмет.
Кітапқа ие болғысы келетіндердің барлығының есімін кездейсоқ тәсілмен есімді таңдап алатын бағдарламаға енгізіп едім. Бағдарлама бір есімді таңдады. Кітап сол кісіге бұйырылды. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Give Away. Мына кітап кімге керек?

Осы сенбі English Language House-те Give Away жасап, Ағылшын тілін үйреніп жүрген қазақ журналистеріне пайдасы тиетін мына бір кітапты беремін ғой деп едім. Сенбі күні ҚазҰУ-да сабақтарым өтетіндіктен, ұйымдастыра алмайтын болдым.

Бірақ Give Away-ды инеттегі оқырмандарға ұйымдастырсам деймін. Мына суреттегі кітапқа қызықсаңыз Жұма, 13-қыркүйек Астана уақыты сағат 20.00-ге дейін осы жазбаның астына өз атыңызды қалдырыңыз. Апта соңында интернет программа көмегімен есімдердің ішінен біреуін таңдап, кітапты сол кісіге сыйламақпын.

2013-09-09 21.57.51 Оқуды жалғастыру