«Шын жүректен» таңқалдыру

Алматының қым-қуыт тірлігі ешқашан соңына жеткізбейді. Кейде күннің бұлыңғыр болуы, кондуктордың әлдебір әдепсіз қылығы, дүкендегі азық-түліктің қымбаттауы т.с.с. майда-шүйделер көңіл-күйіңді құртатын кездер болады.

Қоғамды кінәлайсың, өзіңнен кінә іздейсің, әйтеуір «күйзеліс» деген жабысқақты жұқтырып аласың.

Сосын Жұма күні шүкір етесің. Іштей бір жақсылық жасауға ниеттенесің. Біреудің көңілін көтергің келеді. Шын жүректен. Бірақ оған да кейде бір нәрсе түрткі болуы керек болып жатады. Оны біреулер мотивация деп таниды. Мәселен, бір адам садақа салып жатыр, сен де садақа бересің. Өзің бірінші болып бастауға, бір нәрсе кедергі болып тұрады. «Біреу бастасын, сосын мен жалғастырамын» дейсің.

Кейбір ғалымдар мотивация болуы үшін «эмоция» керек деген пікірде. Құлазыған көңілді тек эмоция бұзып-жарады дейді.

Сондай бір жақсылықтың жаршысы болып жүргендер бар. «Шын жүректен» деген бағдарламаны көрген боларсыз. Өзің де біреуге «сюрприз» жасағың келіп кетеді.

«Шын жүректен» деген бағдарламаны бір үйге қонаққа барғанда байқап қалдым. Шетелдік бір леп сезіледі. Қойылымнан, кейіпкерлердің сөйлеуінен, оператордың жұмысынан. Басында жасандылық па деп ойладым. Себебі үйреніп қалған бір сарынды кадрлар емес, мұңлы адамдарды емес, қуанып жүрген, армандап жүргендерді көресің. Оқуды жалғастыру

Advertisements