КІТАП: Экологиялық журналистика

Сіздер де мен тәрізді журналистикаға қатысты кітаптарды жинап жүрсеңіз электронды сөреңізге «Экологиялық журналистиканы» қосып қойыңыз.

Кітап «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығында биыл жарық көрді.

Әлемдегі оқиғаларға қатысты журналистиканың да салалық түрлері басымдыққа ие болады. Алдағы бес жылдықта экология тақырыбы негізгі трендтердің бірі. Кітапшаны парақтап шықсаңыз, ойыңызбен бөлісерсіз. Кітап орыс тілінен қазақ тіліне аударылған.

Advertisements

Giveaway 1. Кітап иесі анықталды

Ескерту: Бұл жазба 30 қыркүйек күні жаңартылды.

Өмірімде бірінші рет блогымда giveaway ұйымдастырып жатыр едім. Сондықтан кітаптың кімге бұйырылатынын білу маған да қызық 🙂

Кітапқа қызығушылық танытқандарыңызға рахмет.
Кітапқа ие болғысы келетіндердің барлығының есімін кездейсоқ тәсілмен есімді таңдап алатын бағдарламаға енгізіп едім. Бағдарлама бір есімді таңдады. Кітап сол кісіге бұйырылды. Оқуды жалғастыру

1.QB: Француз азаматы қазақша блог бастады

Өткен айдан бері kk.wordpress.com тұғырында қазақ тілінде төмендегідей 7 блог тіркелгенін байқадым.

  1. http://undeme.wordpress.com/ (24.07.2010) «Берекеден базарлық» блогының авторы өзін «ғаламторлық өрнектегі әжептәуір тәжірибем бар азаматпын» деп таныстырған. Әзірге жарық көрген жазбалары әртүрлі тақырыпқа арналған ойларынан құралған.
  2. http://aibatyr.wordpress.com/ (28.07.2010) Блог ашылғалы әзірге еш жазба жарияланбаған.
  3. http://madiarov.wordpress.com/ (31.07.2010) «Ерекеңнің ерекше әлемі». Жас журналистің жазбалары
  4. http://gulmyraserykbai.wordpress.com/ (17.08.2010) әл Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушысы, ғалым Гүлмира Сұлтанбаеваның блогында журналистикаға қатысты ғылыми жазба жарияланған. Оқуды жалғастыру

Саясаттың жур-балалары

Сабақ соңында бір студент «Бізге қандай кеңес бере аласыз?» деп сұрады. Мұндай сауал болар деп күтпедім. Себебі менің әрбір сабағым кеңеске толы тәрізді болатын. 🙂 Десе де ол жалпы журналист кәсібіне қатысты кеңестерді сұраған еді.


Осы уақытқа дейін төрт жылдай қатарынан Medianet-те жаңа медиа пәні бойынша бес күндік курс өткізіп келемін. Байқағаным, Оқуды жалғастыру

Қазақ блогшыларының суреттері газетте жарияланды!

wordpressЖолай екі газет сатып алдым. Алғашқы бетінде Астананың қоқысына лақтырылған Керей мен Жәнібек ескерткіші тұратын болар деп ойлағанмын. Қателесіппін. Бірі Тоқаевтың сапарын, екіншісі президенті жазыпты.
Бізде қазақ баспасөзінде ұлттық мәселені айғайламай, ұрандамай, нәзік жолмен жеткізу деген жазылмаған ереже бар тәрізді. Бұл әрине дұрыс қой. Бірақ қазір ақпараттың дені бір құрылтайшыға қараған соң, әуенге де солар тапсырыс береді.
Жалпы, газетті сатып алуыма «Айқын» газетінің бүгінгі санындағы Кәмшаттың «Қазақ блогосферасы: Тілді сақтаймын десең, Интернет тілін қазақша сөйлет!» мақаласы түрткі болды. Бекжан, Нұрғиса үшеуіміздің пікіріміз беріліпті. Бұл мақала күні кеше Астана Ассамблеясындағы қазақ тіліндегі интернетке қатысты жиын өтпесе, шықпай да қалар ма еді. Мақала ішінде Ерлан, Аршат есімді блогшылардың есімдері де аталады 🙂 Бір қынжылатыным, әлі күнге дейін блогосфераны, интернетті белгілі бір адамдар ғана дамыту керек деген түсінік қалыптасып келеді. Күні ертең бір нәрсе дұрыс болмаса, сосын солардан көрмекші. Үндемей жүре берген де жөн шығар…
Кәмшат, қазақ тілді блогосфераның насихатына қосып жүрген үлесің үшін шексіз алғысымды білдіремін!

P.S. Газетке шығу мүмкіндігі болған соң, wordpress блогтары соңғы кездері ашылмай қалатын бір ауруға ұшырағанын айтамын деп тұрып, тілімді тістей тұруға тура келді. Әуелі дамып алайық. Проблемамызды сол кезде, бәлкім айтармыз. 🙂

Сурет СС рұқсаты негізінде iamperegrino есімді Flickr қолданушының мұрағатынан алынды

Сіздікі дұрыс емес!

Жұмыс бабымен әртүрлі адамдармен кездесесің.  Телефонмен, интернетпен хабарласатындар бар. Әрқайсысы өз проблемасын айтады. Өткенде Түркістан қаласынан бір студент хабарласты: «Ертең ереуіл болады. Ректор стипендиямызды бермей жатыр» деді. Қазақшасында мүкіс бар екен. Содан түрік болар деп шырамыттым. Дегендей-ақ түрік студент болып шықты. «Қандай ереуіл? Не үшін? Кімге наразысың?» деген сұрақтардан соң барып, байланыс үзіліп кетті. Не ол кері хабарласпады. Ереуіл болды ма, болмады ма білмедім… Оқуды жалғастыру