Саясаттың жур-балалары

Сабақ соңында бір студент «Бізге қандай кеңес бере аласыз?» деп сұрады. Мұндай сауал болар деп күтпедім. Себебі менің әрбір сабағым кеңеске толы тәрізді болатын. 🙂 Десе де ол жалпы журналист кәсібіне қатысты кеңестерді сұраған еді.


Осы уақытқа дейін төрт жылдай қатарынан Medianet-те жаңа медиа пәні бойынша бес күндік курс өткізіп келемін. Байқағаным, Оқуды жалғастыру

Advertisements

Күзетші

268524287_6d0b9122f7Үшінші курста оқып жүргенде бөлмелес досым, бір кеңсеге күзетші болып орналасты. Үлкен ғимарат еді. Қателеспесем, мемлекеттік ұйымға тиесілі бір бөлімше болатын. Сабақ оқу үшін сол жаққа баратынмын. Тыныш. Сосын телефон бар. Кейде телевизор көретінбіз. Асықпай шай ішуге де жақсы.

Жатақханада ортақ жуынатын бөлмеге үйреніп қалған маған бос тұрған мойкаларды көру бір түрлі қызық көрінетін. Маған сол кездері күзетшілік жұмыс өте ұнайтын. Таң атқанша шыдасаң болғаны. Ғимаратты кім тонасын?! Тек бір рет қана түн ішінде бір бомж келіп, есік қаққан. Одан басқа ЧП болған жоқ. Сөйтіп, үш орындықты қаз-қатар тізіп, соны төсек қылып, ұйықтайтынбыз. Күшті еді… Оқуды жалғастыру