Польшада не жоғалттым?

@fundacjaFRSI

TechCampWAW participants are working on their project. February 15, 2017

Кейде миыңның бір бұрышына кіп-кішкентай сауал кіріп кетіп, бос уақытта қайта-қайта есіңе түсіп, мазалай беретін кездері болады. Сондай  #мазабермессауал әдетте шетелге шығуыма себеп болып жатады.

Технологияның жылдам дамуы, әрі оның қолданысқа тез енуі медиа мамандары арасында «Енді не істейміз?» деген сауалға жауап іздеуге мәжбүрлейді. Менің басымда да жүретін сол сауал. Оқуды жалғастыру

WordPress жабық, ал біз блог аштық

Өткен аптада WordPress-те қазақша бірнеше блог тіркелді

Өткен аптада WordPress-те қазақша бірнеше блог тіркелді

Күлетін шығарсың. Бірақ, рас, әлі күнге студенттерге wordpress-те блог бастауды үйретіп жүрмін. «WordPress-те блог жүргізсең онлайн проектіңді бастайсың» деген сөзім ұнайды ғой деймін.

WordPress қызығушылықты кәсіпке айналдыруды үйретті. Блогшылардың көбі осыдан 6-7 жыл бұрын алғашқы жазбаларында ішкі толғаныстарын жазатын. Сол арқылы: Оқуды жалғастыру

«Қазконтент» тренингінен соң…

Әлдебір ұжымға немесе қызметкерлеріне бір дағдыны үйреткісі, көрсеткісі келетін мекемелер аз. Өкініштісі сол. Еліміздегі мемлекеттік мекемелердің дені қызметкерлеріне көп талап қойғанымен, тапсырманы қалай орындау керектігін үйрете бермейді. Осы орайда «Қазконтент» ұнайды. Бұған дейін ұжымды шетел көрген, менеджементтің жаңа үлгісін білетіндер басқарғандықтан болар. Қысқасы, «Қазконтентпен» тренер тұрғысынан жұмыс істеу әлдеқайда оңай. Себебі басшылық тарапынан қызметкерлерді, журналистердің біліктілігін жетілдіруге үнемі жағдай жасау керектігін түсінеді. Оқуды жалғастыру

Атырау қаласындағы тренингтен


 

This slideshow requires JavaScript.

Тренингке қатысушылардың пікірлері:

https://instagram.com/mukangalina/

Сөзінің соңын, тойст сабағын: «…Уот, ақша деген осылай келед! ))» деп аяқтайтын ағайғо ))) Сабаққа бару ойда жоқ бізге универді көрсеткен Асхат Еркімбайға үлкен алғысымызды білдіреміз! «Төрешің»-хит! Жаттап алдық. Енді сөзін өмірі ұмытпаймыз )) Біраз мәліметтерге қанықтық. Семинар ұйымдастырған әкімдіктегілерді жақсы көріп кеттім шее

akmurzievabai.wordpress.com:

Тренингтер жоғары дәрежеде өткізілді. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Асхат Еркімбай журналистерге “Интернет журналистикасындағы ерекшеліктер”  “фотоға және видеоға түсіру” тағы басқа да тәжірибелік сабақтар өткізілді.

zhauynbaeva.wordpress.com:

Ғаламтор арқылы қалай табыс табуға болады? Бүгінгі күннің жаңалық жаршысы кім? Заманауи құрылғыларды қалай қолдануға болады? Міне, осы және өзгеде  қызықтар мен қиындықтарға толы медиа сабақ – Атырауда.

diasaibar.wordpress.com:

Өте қызықты өтіп жатыр. Көптен күтіп жүрген өзімнің блогымды аштым. Өте қатты қуаныштымын.

Атыраудамын. Әр келген сайын Атырау да, атыраулықтар да жаңа қырынан танылып жатыр.Бұрындары Батыс Қазақстан десе барлығы бірдей көрінетін. Оралда, Атырау мен Ақтауда болған соң, енді үш өңірдің ерекшелігі қатты байқалатын болды.

Бұл жолы Атырауға «Медианет» шақыртумен келіп отырмын. «Медианет» Атырау облысы әкімдігі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Атырау-Ақпарат» және Атырау жастарының ақпараттық орталығымен бірлесіп бірнеше айы бойы Атырау жастарына журналистика бойынша бірнеше вебинарлар ұйымдастырды.

Негізі өңірдегі жас журналистерге вебинарлар ұйымдастыру өте жақсы тәсіл. Өзге өңірлердің әкімдіктері де қолдаса жақсы болар еді. Сөйтіп, «Медианеттің» шақыртумен осында келіп қалдық.

Тренинг екі күн бойы сағат 10.00-16.00 аралығында «Жайық» деген Атырау Мемлекеттік университетінің спорт кешенінің екінші қабатындағы конференц залында өтті. Тренинг өткізетін зал да, ұйымдастырушылардың жұмысы да өте ұнады.

Тренингте төмендегі жайттар қамтылды:

  • Аудио жазудың тәсілдері
  • Аудиоға лайықталған әңгіме айтқызу үшін қойылатын сұрақтар
  • Аудионы аудасити көмегімен өңдеу
  • Интернетке лайықтап, қалтафон көмегімен суретке түсіру
  • Оқиғаны баяндау үшін тақырып табу, оны сараптау тәсілдері
  • Инфографика және оны әзірлеу жолдары
  • Блоггинг. Уордпресте блог бастау.
  • Интернетке лайықталған видеоның құрылымы: ракурс, план
  • Оқиғаны видео көмегімен баяндау

Бұдан бөлек қатысушылар арасында өзара сенім қалыптастыру үшін түрлі ойындар ойнадық.

Екі күн бойы бірге болған барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!

 

Мультимедиалы журналистика тренингінен. Алматы, 2014 | Суретті түсірген Әйгерім Бегімбет

Мультимедиа тренингі Тараз қаласында

Мультимедиалы журналистика тренингінен. Алматы, 2014 | Суретті түсірген Әйгерім Бегімбет

Мультимедиалы журналистика тренингінен. Алматы, 2014 | Суретті түсірген Әйгерім Бегімбет

26 қарашада Тараз қаласында БҰҰ-ның Астанадағы Даму Бағдарламасының «Энерготиімділік» жобасы аясында журналистерге тренинг өткіземіз.

Бұған дейін осындай тақырыппен Ақтау, Атырау, Семей, Қызылордада тренингтер өткізген едік.

Егер сіз Жамбыл облысында немесе Тараз қаласында тұрсаңыз, мультимедиалы өнім жасау жолдарын үйренгіңіз келсе, тренингке қатысуға шақырамын.

Өтетін орны мен уақыты Оқуды жалғастыру

Facebook қазақ тілін интерфейс тілдерінің қатарына қосты

Бүгіннен бастап күллі интернет қолданушылар Facebook-ті қазақ тілінде қолдана алады.

Бүгіннен бастап күллі интернет қолданушылар Facebook-ті қазақ тілінде қолдана алады.

Бүгіннен бастап интернет қолданушылар Facebook-ті қазақ тілінде қолдана алады.

4 жыл ма, әлде 5 жыл болды ма осыны аударамыз деп кіріскелі. Әлі де түбіне жеткен жоқпыз. 100-ден аса белсенді фейсбукшілер жабылып жүріп 94 %-ын аудардық. Соның өзінде Facebook шыдамай қазақ тілін (өзбек және тәжік тілдерімен қата) бүгін интерфейс тілдерінің қатарына ресми түрде қосып қойыды.

Бұған дейін тек аудармашылардың интерфейсі қазақша болатын. Себебі аударма жасап жүргендерге сондай мүмкіндік ұсынған.

facebookinKazakh

Facebook-ті қазақ тілінде қолданамын десеңіз, бас беттің төменгі жағындағы тілдер деген жерден қазақ тілін тауып, қоса аласыз. Немесе Facebook-тің оң жақ үстіндегі жеке баптауларыңыздан тілі деген жерден тауып, қоссаңыз болады.

Игілігіңізге жарасын! Аударма жұмыстары бір күннің ісі емес. Түзететін, түзетілетін шаруа жетерлік. Сондықтан бірден қате іздемей, қазақ тілінің интернет кеңістікте кеңірек қолданысқа ене бастағанына қуана отырайық.

10750129_10205293402033745_7078185372501373620_o

p.s. Facebook қысқаша айтқанда алғысын біздерге былай білдіріпті:

«Facebook-ты қазақ тілінде де іске қосқанымызды қуана хабарлаймыз! Бұл істі сіздердің дауыс берулеріңіз бен аудармаларынсыз істей алмас едік. Үлес қосқандарыңыз үшін көп рахмет!

Аудармалардың сапасын тексеруді, түзетуді тоқтатпаңыздар әрі біз жаңадан қосып жатқан функцияларды аудару ісін жалғастыра беріңіздер»

«Мінбер» тренингімен Қызылордаға келдік

This slideshow requires JavaScript.

«Мінбер» ЮНЕСКО-ның тренингін өткізу үшін Қызылордаға келді. Осымен үшінші рет келіп отырмын. Бұл жолы қаланың орталығына жақындау жерге орналасыппыз. Қатысушылардың ішінде Қазалы мен Аралдан келгендер де бар.

Қызылордада қазақша басылымдар көп. Жеті аудан болса, әр ауданда кем дегенде екі, кейбірінде үш қазақша газет бар. Журналистер өзара пікірлескенде «Әлі де болса, облыстағы журналистер арасында ынтымақтастықты арттыратын шаралар керек» деп жатыр.

Интернет журналистикаға қызығушылық өте жоғары. Бірақ облыстағы редакциялардың бәрінде бірдей wi-fi бола бермейді екен. Оқуды жалғастыру