14. QB. Қыркүйекте тіркелген блогтар

Қорқынышты мерекеге дайындық

Қорқынышты мерекеге дайындық

Америкада қазір «Асқабақтар мерекесіне» дайындалып жатырмыз. Өткенде дүкенге барсам, бір мәшине асқабақты үйіп қойыпты. Содан  түсірген сурет қой. Қазір көршілердің бәрі Хэллуингне дайындалып, үйлерін безендіруде. Бұл мерекеде адамдарың құбыжық киімдерді кигендері ұнамайды. Бәлкім, бұл елдің салты-танымы басқа шығар. Әйтеуір ол күні түнде көшеге шықпаспын 🙂

Қыркүйекте тіркелген блогтарды назарларыңызға ұсынамын. Қалыс қалғандары болса, хабарлауларыңызды өтінемін.

  1. (03.09.2011) http://taukizi.wordpress.com – Тауқызының түрткендері. Блогында екі жазба ғана жарияланғандықтан блог туралы ақпарат беру қиындау болып тұр.
  2.  (09.09.2011) http://toktarbejsen.wordpress.com/ – «Ақиқат» атты кітабымда, СӨЗ кез келген ұлттың ұлы оқулығы, әрі ұстазы, ол генде жазылған деп дәлел айтам депті блог авторы. Блог қазақ танымын тануға ұмтылғандарға керемет көмекші бола алатын тәрізді. Оқуды жалғастыру
Advertisements

1.QB: Француз азаматы қазақша блог бастады

Өткен айдан бері kk.wordpress.com тұғырында қазақ тілінде төмендегідей 7 блог тіркелгенін байқадым.

  1. http://undeme.wordpress.com/ (24.07.2010) «Берекеден базарлық» блогының авторы өзін «ғаламторлық өрнектегі әжептәуір тәжірибем бар азаматпын» деп таныстырған. Әзірге жарық көрген жазбалары әртүрлі тақырыпқа арналған ойларынан құралған.
  2. http://aibatyr.wordpress.com/ (28.07.2010) Блог ашылғалы әзірге еш жазба жарияланбаған.
  3. http://madiarov.wordpress.com/ (31.07.2010) «Ерекеңнің ерекше әлемі». Жас журналистің жазбалары
  4. http://gulmyraserykbai.wordpress.com/ (17.08.2010) әл Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушысы, ғалым Гүлмира Сұлтанбаеваның блогында журналистикаға қатысты ғылыми жазба жарияланған. Оқуды жалғастыру