Познанда не жоғалттым?

News Literacy Summer School-2017 Participants, Poznan, Warsaw

News Literacy Summer School-2017 Participants, Poznan, Warsaw

Познандағы Адам Мицкеевич Университетіне бес сауалмен келіп едім, бес жүз сауалмен кері қайтып бара жатырмын.

Бәрі де Пол деген журналистерге ағылшын тілін беретін әріптесімнің жіберген хатынан басталды. «News Literacy деген жазғы мектеп бар екен. Қатысып көрсең», – деді. Пол екеуміз MediaNet-те «English for Journalists» курсын жүргіздік.

Сипаттамасын қарап едім. Ұнады. Себебі СДУ-да «Медиа сауаттылық» курсын оқыту керек деп ойлап жүргенмін.

Журналистер контент жасау білгенімен тұтастай алғанда бірінші медиа сауаттылық курсын бітіру керек екенін түсінетінмін. Сөйтсем, одан да маңыздысы бар екен. Жаңалық сауаттылық деген. Ағылшынша News Literacy деп аударыпты. Мен оны «Жаңалықтану» деп аудардым. Оқуды жалғастыру

Advertisements
"Қазақстан Дауысы" шоуына қатысушылар

Студентім өз кейіпкерін «Қазақстан дауысынан» тапты

«Сәлеметсіз бе, ағай?! Халыңыз қалай? Тапсырмаңызды орындадым. Жасаған жұмысым көңілімнен шыққан жоқ. Бұдан да күшті жасауға болатын еді».

Сулейман Демирел Университетіндегі студенттерімнің жолдайтын хаттары әдетте осындай сөйлемдермен басталады. Үй тапсырмасын жақсы орындаса да «көңілімнен шықпадымен» бастайды. Сенбі күндізгі сағат 12.00-ден кешіктірмей студенттерім үй тапсырмасын жолдауы тиіс. Бұл – дедлайн (deadline – ағылшын тілінен тура аударғанда «өлім сызығы» дегенді білдіреді. Тапсырманы өткізудің ең соңғы мерзімі деген сөз).

Бұл – өткен семестрде «Audio Storytelling» деген курсымда оқыған Айгерім Табылдиева деген студентімнің үй тапсырмасы. Видеода өткен аптада «Қазақстан Дауысы» жобасына қатысқан Айдана Риза деген әншінің ойы баяндалады. Студентімнің тапсырмасы (орыс бөлімінде оқығандықтан орыс тілінде жасалды) «сюрприз» элементімен есімде қалдырды. Себебі слайдкастың бас кезінде кейіпкерінің нақты кім екені айтылмайды. Алпысқа жуық үй тапсырмасын қарап отырғанда «Соңы не болды екен?» дегізетін осындай жұмыстар ұнайды.

Басты мақсат – «құрғақ ақпарат» жеткізу емес, мультимедиада оқиғаны әлдебіреуге әңгіме айтып отырғандай (stroytelling) немесе кейіпкердің өзі әңгімесін тыңдап отырғандай әсер қалдыру болатын. Әрі көрерменге ұнау үшін ішіне сюрприз элементін қосу керек. Оқуды жалғастыру