«Қазақия» жазбаларын қалай бағалаймын?

10155736_10153948674035161_496020116_n
Үш күн сайын қазылар құрамындағылар өз пікірімізді жазып отырамыз дегенбіз. Бұған дейін Блогиада жазбаларын бағалағандықтан ендігісі оңай болар дегенмін. Бірақ негізінен әлеуметтік желі оқырмандарына бағытталғандықтан қиындығы болатынын да білдім.

Қазақия – 2015 жобасының басты мақсаты – интернеттегі қазақша түсінетін аудиторияға белсенді интернетшінің көзімен біз көрмей жүрген «жаңа» Қазақстанды таныту. Общым мен солай ұқтым. Әрі жазбаларға сол призма тұрғысынан қарауға тырысамын. Бұл жердегі «жаңа» сөзі, жаңа медиадағы «жаңа» сөзі сияқты. Жаңа деген жаңалықты емес, жан-жақты жаңа дегенді білдіреді 🙂

Сенбі күні кейбір қатысушылармен Алматыда кездестім. «Негізі жақсы жазбаның құрамы қандай?» деген тәріздес сұрақ қойылды. Жобамен былай жауап бердім:

Біріншіден, қателесіңдер. («Грамматикалық қате ме?» деп сұрады сонда біреуі). Қателесіңдер дегенім, батыл болыңдар, айналаға басқаша қараудан қорықпаңдар дегенім еді. Себебі ерекшелік күтеміз.

Екіншіден, функционалдық. Жазбаңыз біреудің кәдесіне жарауы тиіс. Жақсы мағынадағы пайдалы коэфициенті болсын. Титтей болса да. Бұл тікелей бірнәрсені жасап көруге итермелеу, бірдеңе жасау, білмеген жаңа бір ақпаратты біліп қалу. Мысалы, Эльвираның дүкендегі бағаларды салыстыруы, Ақботаның блог ашуға үйретуі т.с.с.

Үшіншіден, қарапайым. Түсінуге жеңіл, қызық, оңай болсын. Құрғақ ақпарат, яки түсініксіз каламбур емес. Ойнақы, түсінікті, әңгімеге шақыратын тіл болғаны дұрыс. Себебі негізінен жазбалар әлеуметтік желі оқырмандарына бағытталып отыр. Әлеуметтік желідегілердің дені – қыңыр адамдар. Қағытып қалғанды, сөз қыстырғанды жақсы көреді. Жылт етіп қарағанда түсіне қалуымыз керек 🙂

Төртіншіден, әдемілік. Әдемі сурет, әдемі кадр, әдемі дауыс, әдемі жазу, әдемі ой, әдемі мінез, әдемі безендіру. Әрбір әріптегі ұқыптылық.

Бесіншіден, батырлық. Мінез көрсетіңдер. Көп ішінен іріктелген санаулы ғана қатысушы болғандықтан, әрі өзгелерге берілмеген мүмкіндікті пайдаланып отырғандықтан әрбір жазбаға мінезбен кіріскен дұрыс. Мінез дегенім дөрекілік емес екенін түсініп отырған боларсыңдар 🙂

Үш күннің жазбаларын бағаладым. Өте қатты ұнағандары бар. Қатысушыларға күн сайын бір межеден екіншісіне бару әрі пойызбан жүру оңай емес. Тіпті техникалық ақаулардың кесірінен кейбір жазбалар дұрыс ашылмай қалып жатқан кездер де бар. Саяхаттап жүріп жазба жарыстыру – алғашқы жоба.

Қатысушылардың жазбаларындағы визуалды ойланулары ұнайды. Бірақ әлі де пісіру керек. Кейде әдемі ойларына дұрыс форма таппай қалады. Сурет, яки видео, инфографика керек емес жерде қолданылып кетеді. Сосын таза журналистика жағына ойысып кететін тұстар бар.

Төменде жазбаларды оқығанан кейін туған ойларымды жинақтап беріп отырмын. Бұл ойларды көбіне өзім үшін жазып қоятындықтан кейбір тұстары түсініксіздеу болуы мүмкін. Оқуды жалғастыру

Advertisements