Тагильский, у меня вопрос!

20170514_102022«Тагильский, у меня вопрос!», – деді шоқша сақалды Мұхит ұзын дәліздің бойымен пластик трубасын сүйретіп бара жатып. «Эта труба идет вверх от 405-го?»
 
Даңғыр-дұңғыр еткен трубаның дауысы мен еденде қалған сарғылт дақ төртінші қабаттағы күллі кабинетті шарлап жүр.
 
Бұған дейін бөлмемізде ағылшын тілінің шуә дыбысымен өрілген «British English» естілетін. Кешелі бері «тагильский» деп өңеші созылғанша айғайлаған Мұхиттың дауысы басып кетті.
«Давай срежем» дейді. «Тезірек бітірсе екен,» – деймін. Қазір трубадан бүлк-бүлк етіп су атқылап шығып, Oxford пен Cambridge баспасы шығарған ағылшын тілі кітаптарым лай судың бетінде қалқып жүргенін елестетіп отырмын. Парталарым орнынан жылжым кеткен. Аппақ тақтамның бетінде Мұхиттың әлде Тагильскийдің алақанының ізі тұр. 
Advertisements