Photo by Eric Rothermel on Unsplash

Open Budget Fellowship қатысушыларымен кездесу

#‎openbudgetkaz‬

Дата туралы әңгімелесетін адамдардың болғаны қандай жақсы. Сенбі күні Open Budget Fellowship қатысушыларымен кездестік. Қатысқандарға айтылған сілтемелерді жинақтап беремін деп уәде беріп едім. Біраз дүниені осы жазбадан табасыз. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Бішкекте не жоғалттым?

Бір айдай уақыт бұрын Facebook-ке Назгүлден [darknazgul] хат келген. «Сен қатысатын шара екен. Көрсеңші!» деп. Бұған дейін дата журналистикаға қатысты қатысқан тренингтерімнің ішіндегі ең ұзағы екі күндік еді. Мынау – бір айлық Дата журналистика мектебі. Оқуды жалғастыру

Молдовада не жоғалттым?

Америкада оқып жүргенде Статистика деген курс міндетті пәндердің қатарында еді. Мектепте физика-математикасы көбірек оқытылатын сыныпта болсам да, сандардан алшақ жүретінмін. Содан, амал жоқ, бір семестр ағылшынша статистика оқыдым. Өте ұнады!

Оқыған білімім текке кетпесін деп, бұны журналистикада қалай қолданамын деген сұраққа жауап іздедім. Сөйтсем, әлемде Дата журналистика деген статистикалық терең анализді қажет ететін журналистік зерттеудің түрі дамып келеді екен. Сонымен «ауыра бастадым». Оқуды жалғастыру