Блогыма әуенді файлды қалай жариялаймын?

Блогыма музыкалық файлды қалай енгіземін деп басың айналып кетті ме? 🙂 Бұған дейін Box.net көмегімен қалай жариялауға болатынын жазған едім. Бұл жолы келесі бір тәсілмен бөлісіп отырмын.

1. www.soundcloude.com тіркелу өте оңай. Бар болғаны сайттың сол жақ үстіңгі бұрыштағы Sign Up дегенді басасыз. Төмендегідей сурет шығады. Соған поштаңызды енгізесіз де, sign up дегенді басасыз. Сосын поштаңызға тіркелу жөнінде хат келеді.

1. Sign Up (Тіркелу) www.soundcloud.com

1. Sign Up (Тіркелу) http://www.soundcloud.com

2. Тіркеліп болған соң, souncloud.com сайтын қайта ашып, енді сол жақ үстіңгі бұрыштағы Log In дегенді басып, ішіне енесіз. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Суреттерді блогыма слайд шоу етіп қалай жариялаймын?

This slideshow requires JavaScript.

пысы. сұрақ қойған оқырманға үлкен алғысымды білдіремін. Түсініксіздеу болып қалса, қосымша сұрарсыздар.

«Мінбер». Табиғат. Блог

«Мінбердің» жаңа медиаға қатысты Алматыдағы тренингі аяқталды. Екі күн өте тез өте шықты. Қатысушылардың дені «Екі күн аздық етеді» дейді. Шынымен де солай. Мультимедиалық өнім әзірлеуге лайықталған мұндай тренингтер кем дегенде бес күндік болуы керек. Алдағы уақытта енді бес күндік етіп, созу жағын ойластырмақпыз.

Тренинге қатысқандардың дені журналистер. Солардың бірі – Табиғат Абаилдаевты (БЛОГЫ) блогосферадағылар жақсы танитын болар деп ойлаймын. Бірнеше блогта өлеңдері жарияланғанын байқағанмын.

Жас ақынға блог шығармашылығын әрі қарай дамытуға себепші болады деген үміттемін.


Оқуды жалғастыру

«Мінбер» тренингінде тіркелген блогтар

Кеше тренингіміз басталды. Естіген боларсың. ҚазАқпараттан Ербол да хабарлап қойыпты. Әзірге көп нәрсе жазбаспын. Ойларымды, иншАллаһ тренинг аяқталғанда жазармын. Әзірге аздаған суреттерді және кеше тіркелген блогтардың тізімін ғана ұсынып отырмын.

This slideshow requires JavaScript.

  1. http://zhaszhurnalist.wordpress.com
  2. http://mirasym.wordpress.com/
  3. http://sanmensymbat.wordpress.com/
  4. http://injumarjan.wordpress.com
  5. Оқуды жалғастыру

«BlogCamp: Блог құрылтай – 2011» логосын таңдадық

Бүгінгі отырыстың есебі мына жерде. Алда талай жұмыс бар. Сәттілік тілей салыңдаршы!!!

Пы.сы. Блогымдағы жазулар компьютеріңізде дұрыс көрінбей тұрса, Internet Explorer-дің соңғы нұсқаларының бірін тегін жүктеп, жаңартып алыңыз. Көзіңіз ашылады 🙂

«Азаттық»: «Мінбер» тренингінен репортаж

Мақпал «Мінбер» тренингінен тамаша хабар дайындапты. Тыңдаймын десеңіз, төмендегі сілтемені шертіңіз.

Суретті түсірген: Еркін Қуатайұлы

Суретті түсірген: Еркін Қуатайұлы

«Жастар Азаттықта» клубында төмендегідей тақырыптар қамтылған.

20100603-133500-KA-program.mp3

WordPress қазақшалансын!

Дәл осындай ниетпен мына жерден WordPress.com-ды қазақшалау жобасы ашылды. Осыған үлес қосқысы келгендер, сілтемемен өтіп, ең болмаса, бес сөзден аударса да құба құп болар еді.

Кішкене тарихтан сыр шертсем. Осы уақытқа дейінгі WordPress-тегі аударма Жанарбектің ұйытқы болуымен, Бақытгүлдің еңбекқорлығымен атқарылып келген еді. Қазір wordpress.com аударма жүйесін сәл өзгертіпті. Тіркелген қолданушылар бос уақытында бір сөзден енгізіп отырса, 2030 дейін аударып үлгеруге болады 🙂

Іске сәт!

Пы.Сы. Осы бір ақпаратты көпке жеткізуде септессеңіз соның өзі үлкен көмек болар еді. 🙄