08.QB Наурыз айында «блогомания» дүмпуі байқалды

Dean Cox түсірген сурет

АРБ, достар!

Құрылтайдан кейін есімді енді жиып жатырмын. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дейді ғой, тойдан кейінгісі шыжық деп қосар едім. Үйтіп-бүйтіп қағаздардан құтылғандай болып отырмын. Соңғы екі аптада Құрылтайдың бітпей қалған жұмыстарын аяқтауға көмектескендерге де бір-бір ескерткіш орнату керек шығар 🙂 Енді кішкене ғана бітпеген жұмысы қалды. Десе де алғашқы Блогқұрылтайды өз деңгейінде өткізген қыздар мен жігіттерге үлкен алғысымды жеткізгім келеді.

Ең үздік блог байқауында «Өрімтал» блогына дауыс берген оқырмандарға да алғысым шексіз.

Блог құрылтай «Блогомания» синдромын алып келетінін болжау қиын емес еді. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Блог құрылтай: Бейресми ашылу

Ербол, Саттар, Батыр төртеуміз жаңа осы кафені көріп қайттық. Жұма күнгі кешкі таныстығымызды осы жерден бастайық, инш! Сонымен, Блог құрылтайға қатысушы блогшылар, сіздерді жұма күні сағ. 19.00-де Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы «KERMES» кафесінде күтеміз. Бейресми таныстығымыз осы жерден басталсын!

This slideshow requires JavaScript.

Dabaileaks-5: Астана

Dabaileaks дегеннің не екенін Wikileaks жобасын естігендер білетін болар. Енді не себепті ол dabai болды десек, dabai.kz сайтының белсенді мүшелері мен қазақ блогшылары бірігіп Алматы қаласында 19-20 наурыз күндері BlogCamp: Блог құрылтай өткізбек ниетте. Осы шараның жұмыстарын үйлестіру барысы көпшілікке ашық болу мақсатында dabaileaks деген тақырыппен жазбалар жарияланып жатыр.

Осы аптада Астанаға жолым түсіп, (жол қаражатына жәрдемдескен AGT-Қазақстан компаниясына көп рахмет) ондағы блогшылармен кездестік. Үйіне қонақ қылып, осы жазбаны жазу үшін интернетімен бөліскен Ерлан Оспан ағамызға да алғыс айта кеткенім орынды болар.

Алматылық блогшылардың сенбілік кездесулері дәстүрлі болса, астаналық блогшылар алғаш рет бір-бірін жүзбе жүз көрген екен. Төмендегі видеодан кездесудің бір үзіндісін ғана көре аласыз. Суреттер Өркеннің фотоаппаратында болғандықтан, өзі жариялай жатар. Әйгерім де өз ойын жариялап үлгерген екен.


Оқуды жалғастыру