#AmalTalks Тимур маған не үйретті?

Ақтау қаласы, 10 наурыз. AmalTalk сахнасы

Ақтау қаласы, 10 наурыз. AmalTalk сахнасы

«Құрдас, Ақтаудағы шараға келесің бе?» Тимурға көмектесу – парыз. Үш күндік жұмысты ысырып қойып, Алматыдағы офисімнің есігін жауып жатқанда: «Қандай жағдай болса да, дайын бол!» деген тәуекелмен шықтым.

Жаңа нәрсені бастау оңай емес. #AmalTalks жаңа формат. Тимурға оның маңызын түсіндіруге қанша уақыт кеткенін толық сезбесем де, болжап отырмын. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Мультимедиа тренингі Ақтау мен Атырау қалаларында

IMG_6372

Бұйыртса, 4-8 тамыз аралығында Атырау мен Ақтауға барамын (Суретте 2010 жылы Баутиноға барған кездегі түрім ғой. Қаланың өзінде әлі болып көрмеппін).

БҰҰ-ның Астанадағы Даму Бағдарламасының «Энерготиімділік» деген жобасы бар. Сол жоба аясында журналистерге тренинг өткізу көзделген.

Бұған дейін осындай тақырыппен Семейде, Қызылордада тренингтер өткізген едік. Бұл жолғы кезек Атырау мен Ақтауда.

Егер сіз Атырауда немесе Ақтау қалаларында тұрсаңыз, мультимедиалы өнім жасау жолдарын үйренгіңіз келсе, тренингке қатысуға шақырамын.

Өтетін орны мен уақыты

Атырау қаласы, 5 тамыз, 2014 жыл, 9.00 – 13.00  Дастан қонақ үйі

Ақтау қаласы, 7 тамыз, 2014 жыл 9.00 – 13.00  Нұр-Плаза Отелі

Тренингке қатысу – тегін. Орын саны шектеулі. Тренингке тек тіркелген қолданушылар қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен тренингке тіркелу үшін БҰҰДБ/ҒЭҚ жобасының қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшысы -Динара Абдрахмановаға 8 (7172) 901 960 телефоны немесе dinara.abdrakhmanova@undp.org электронды поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймын. 🙂