ÜCRETSİZ İNGİLİZCE: Ыстамбұлда не жоғалттым?

CELTA тренингіндегі дәрістен (ICQ)

CELTA тренингіндегі дәрістен (ICQ)

Ыстамбұлдасыз. Оқып жүрсіз немесе жұмыс істейсіз. Ағылшыншаңызды жетілдіргіңіз келеді.

4. Levent метро аялдамасы маңында International Training Centre деген орталық бар. Кэмбридж тарапынан ресми куәлік алып, дүние жүзінен келген ағылшын тілі оқытушыларының біліктілігін жетілдіреді. Бір ай бойы осы орталықта CELTA курсын оқыдым. Курс барысында ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар орталық студенттеріне сабақ бердік.

Сіз де осы курсқа келіп CELTA үміткерлерінің сабақтарына тегін қатыса аласыз. Әртүрлі елден келген оқытушылар сабақ береді.

CELTA – Кэмбридж әдістемесі бойынша ересектерге ағылшын тілін үйрете алатынын растайтын сертификат.

CELTA-ға қатысу үшін интернеттегі тіркеу формасын толтырып, арнайы тапсырмаларын орындайсыз. Бәрі дұрыс болса, ең соңында сұхбатқа шақырады. Интернет-сұхбаттың негізінде CELTA-ға үміткер болуға лайықтысыз ба, жоқ па жауабын айтады. Шамамен IELTS-тан деңгейіңіз 7.0-ден жоғары болса, бұл шарттарынан емін-еркін өтесіз. Оқуды жалғастыру

Қазақ оқушылары ELS-ті “шулатып” жатыр

ELS-те сабақ берген америкалық Эрик есімді оқытушым (төмендегі суретте): “Алдағы айда Қазақстаннан он беске жуық оқушы келмекші. Асхат, олармен қалай қарым-қатынас жасауым керек?” демесі бар ма.

Айтпаса да түсінікті Бұған дейін қазақ балалармен жұмыс істеп көрмеген Эриктің қаупін түсіну оңай. Себебі біздің өзіміз мындағы араб, қытай, жапон, т.б. студенттерден айырмашылықтарымыз бар. Сөйтіп, мен оған “оқушылар тым қатты сынап, өз пікірлерін еркін білдіріп жатса, таң қалма!” дегенмін. Апта басында күткен он шақты оқушымыз ELS табалдырығын аттады. Соларға оны-мұны көрсетемін деп жүріп, блогқа жазба жазатындай уақыт болмай қалды. Ғафу ет! Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген екен. Арасында алматылық оқушылармен қатар, Қостанай, Орал, Ақтау, Шымкент өкілдер де бар. Дені 10-11 сынып оқушылары. Жетінші сыныпта оқитын ақтаулық Асхат деген жүгірмек те бар. Қазір соның тәтті қылықтары күллі ELS-тің аузында. Жалпылай алғанда қазақшалары ағылшындары жақсы.

Оқуды жалғастыру

Малайзияда оқып жүр… жаңа бір блог

шетелде оқудың өз қиындықтары мен қызықтары бар

шетелде оқудың өз қиындықтары мен қызықтары бар

Ақзере өзінің соңғы жазбаларының бірінде «Ағылшын тілін қалай үйренсем болады?» деп сауал тастаған екен. Аталған жазбаға бей-жай қарамай пікір білдіргендер саны да жетерлік. Осыған қарап-ақ ағылшын тілі мәселесі қай қайсымызды болса да айналып өтпегенін, алдымыздан кесе көлденең шыққанын көрсетіп отыр.

Қазіргі нарық тұсында бір ғана біліммен қанағаттанып, кәсіби біліктілікті жетілдіру мүмкін еместігін түйсінгендер шетелде оқудың жай жапсарын іздейтіні түсінікті. Осы орайда қауіпсіз, әрі қаржы жағынан да тиімді болатын елді қарастыратынымыз бар. Жеке өз басым, Алматыда жұмыс істеп жүріп, қанша жерден ағылшын тілімді жетілдіремін деп кешкі курсқа қатыссам да көңілім көншімейтін. Оқуды жалғастыру