Атырау қаласындағы тренингтен


 

This slideshow requires JavaScript.

Тренингке қатысушылардың пікірлері:

https://instagram.com/mukangalina/

Сөзінің соңын, тойст сабағын: «…Уот, ақша деген осылай келед! ))» деп аяқтайтын ағайғо ))) Сабаққа бару ойда жоқ бізге универді көрсеткен Асхат Еркімбайға үлкен алғысымызды білдіреміз! «Төрешің»-хит! Жаттап алдық. Енді сөзін өмірі ұмытпаймыз )) Біраз мәліметтерге қанықтық. Семинар ұйымдастырған әкімдіктегілерді жақсы көріп кеттім шее

akmurzievabai.wordpress.com:

Тренингтер жоғары дәрежеде өткізілді. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Асхат Еркімбай журналистерге “Интернет журналистикасындағы ерекшеліктер”  “фотоға және видеоға түсіру” тағы басқа да тәжірибелік сабақтар өткізілді.

zhauynbaeva.wordpress.com:

Ғаламтор арқылы қалай табыс табуға болады? Бүгінгі күннің жаңалық жаршысы кім? Заманауи құрылғыларды қалай қолдануға болады? Міне, осы және өзгеде  қызықтар мен қиындықтарға толы медиа сабақ – Атырауда.

diasaibar.wordpress.com:

Өте қызықты өтіп жатыр. Көптен күтіп жүрген өзімнің блогымды аштым. Өте қатты қуаныштымын.

Атыраудамын. Әр келген сайын Атырау да, атыраулықтар да жаңа қырынан танылып жатыр.Бұрындары Батыс Қазақстан десе барлығы бірдей көрінетін. Оралда, Атырау мен Ақтауда болған соң, енді үш өңірдің ерекшелігі қатты байқалатын болды.

Бұл жолы Атырауға «Медианет» шақыртумен келіп отырмын. «Медианет» Атырау облысы әкімдігі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Атырау-Ақпарат» және Атырау жастарының ақпараттық орталығымен бірлесіп бірнеше айы бойы Атырау жастарына журналистика бойынша бірнеше вебинарлар ұйымдастырды.

Негізі өңірдегі жас журналистерге вебинарлар ұйымдастыру өте жақсы тәсіл. Өзге өңірлердің әкімдіктері де қолдаса жақсы болар еді. Сөйтіп, «Медианеттің» шақыртумен осында келіп қалдық.

Тренинг екі күн бойы сағат 10.00-16.00 аралығында «Жайық» деген Атырау Мемлекеттік университетінің спорт кешенінің екінші қабатындағы конференц залында өтті. Тренинг өткізетін зал да, ұйымдастырушылардың жұмысы да өте ұнады.

Тренингте төмендегі жайттар қамтылды:

  • Аудио жазудың тәсілдері
  • Аудиоға лайықталған әңгіме айтқызу үшін қойылатын сұрақтар
  • Аудионы аудасити көмегімен өңдеу
  • Интернетке лайықтап, қалтафон көмегімен суретке түсіру
  • Оқиғаны баяндау үшін тақырып табу, оны сараптау тәсілдері
  • Инфографика және оны әзірлеу жолдары
  • Блоггинг. Уордпресте блог бастау.
  • Интернетке лайықталған видеоның құрылымы: ракурс, план
  • Оқиғаны видео көмегімен баяндау

Бұдан бөлек қатысушылар арасында өзара сенім қалыптастыру үшін түрлі ойындар ойнадық.

Екі күн бойы бірге болған барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!

 

Advertisements

Мультимедиа тренингі Ақтау мен Атырау қалаларында

IMG_6372

Бұйыртса, 4-8 тамыз аралығында Атырау мен Ақтауға барамын (Суретте 2010 жылы Баутиноға барған кездегі түрім ғой. Қаланың өзінде әлі болып көрмеппін).

БҰҰ-ның Астанадағы Даму Бағдарламасының «Энерготиімділік» деген жобасы бар. Сол жоба аясында журналистерге тренинг өткізу көзделген.

Бұған дейін осындай тақырыппен Семейде, Қызылордада тренингтер өткізген едік. Бұл жолғы кезек Атырау мен Ақтауда.

Егер сіз Атырауда немесе Ақтау қалаларында тұрсаңыз, мультимедиалы өнім жасау жолдарын үйренгіңіз келсе, тренингке қатысуға шақырамын.

Өтетін орны мен уақыты

Атырау қаласы, 5 тамыз, 2014 жыл, 9.00 – 13.00  Дастан қонақ үйі

Ақтау қаласы, 7 тамыз, 2014 жыл 9.00 – 13.00  Нұр-Плаза Отелі

Тренингке қатысу – тегін. Орын саны шектеулі. Тренингке тек тіркелген қолданушылар қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен тренингке тіркелу үшін БҰҰДБ/ҒЭҚ жобасының қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшысы -Динара Абдрахмановаға 8 (7172) 901 960 телефоны немесе dinara.abdrakhmanova@undp.org электронды поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймын. 🙂