Тбилисиде не жоғалттым?

DataFestTbilisi 2018 парақшасынан алынды

R (оқылуы «ар») деген Датамен жұмыс істейтіндер қолданатын бағдарлама бар.

Көптен бері үйренуге оқталып жүргенмін. #DatafestTbilisi себепші болып, Бюджет ашықтығы мен есептілігі бағдарламасының қолдауымен келіп қалдым.

Бұған дейінгі шараларға қарағанда ұйымдастыруында біраз өзгешеліктер болды.

Бірінші күні TED форматында Дата туралы баяндамалар болды.

Екінші күні спикерлер өз тақырыптары бойынша мастер-кластар өткізді. Бір ұнағаны, спикерлер әртүрлі болғанымен бір тақырып аясында біріккен (Дата визуализация, R статистика, Датаны тексеру, Дата стори т.с.с). Үшінші күнді «Датахон» деген атпен өткіздік. Әр қатысушы (300-ге жуық адам. Қатысу құны кісі басына – 100$) өзі ұнаған топқа қосылып, бір жоба жасап шығарады.

Негізгі ниетім R бағдарламасын меңгеру болғандықтан (бұйыртса, Дата журналистика курсы студенттеріне үйретемін) сол топта болып, үшінші күн соңында датаны медиа өнімге айналдырдым.

Тұтастай алғанда шараға көңілім толды. Ең бастысы, өзге елдегі таныс дата-әріптестерімді жолықтырып, жаңасымен таныстық. Дата журналистика мен Дата анализ бойынша жаңа дүниелерге қанықтым. 

Атырау қаласындағы тренингтен


 

This slideshow requires JavaScript.

Тренингке қатысушылардың пікірлері:

https://instagram.com/mukangalina/

Сөзінің соңын, тойст сабағын: «…Уот, ақша деген осылай келед! ))» деп аяқтайтын ағайғо ))) Сабаққа бару ойда жоқ бізге универді көрсеткен Асхат Еркімбайға үлкен алғысымызды білдіреміз! «Төрешің»-хит! Жаттап алдық. Енді сөзін өмірі ұмытпаймыз )) Біраз мәліметтерге қанықтық. Семинар ұйымдастырған әкімдіктегілерді жақсы көріп кеттім шее

akmurzievabai.wordpress.com:

Тренингтер жоғары дәрежеде өткізілді. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Асхат Еркімбай журналистерге “Интернет журналистикасындағы ерекшеліктер”  “фотоға және видеоға түсіру” тағы басқа да тәжірибелік сабақтар өткізілді.

zhauynbaeva.wordpress.com:

Ғаламтор арқылы қалай табыс табуға болады? Бүгінгі күннің жаңалық жаршысы кім? Заманауи құрылғыларды қалай қолдануға болады? Міне, осы және өзгеде  қызықтар мен қиындықтарға толы медиа сабақ – Атырауда.

diasaibar.wordpress.com:

Өте қызықты өтіп жатыр. Көптен күтіп жүрген өзімнің блогымды аштым. Өте қатты қуаныштымын.

Атыраудамын. Әр келген сайын Атырау да, атыраулықтар да жаңа қырынан танылып жатыр.Бұрындары Батыс Қазақстан десе барлығы бірдей көрінетін. Оралда, Атырау мен Ақтауда болған соң, енді үш өңірдің ерекшелігі қатты байқалатын болды.

Бұл жолы Атырауға «Медианет» шақыртумен келіп отырмын. «Медианет» Атырау облысы әкімдігі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Атырау-Ақпарат» және Атырау жастарының ақпараттық орталығымен бірлесіп бірнеше айы бойы Атырау жастарына журналистика бойынша бірнеше вебинарлар ұйымдастырды.

Негізі өңірдегі жас журналистерге вебинарлар ұйымдастыру өте жақсы тәсіл. Өзге өңірлердің әкімдіктері де қолдаса жақсы болар еді. Сөйтіп, «Медианеттің» шақыртумен осында келіп қалдық.

Тренинг екі күн бойы сағат 10.00-16.00 аралығында «Жайық» деген Атырау Мемлекеттік университетінің спорт кешенінің екінші қабатындағы конференц залында өтті. Тренинг өткізетін зал да, ұйымдастырушылардың жұмысы да өте ұнады.

Тренингте төмендегі жайттар қамтылды:

  • Аудио жазудың тәсілдері
  • Аудиоға лайықталған әңгіме айтқызу үшін қойылатын сұрақтар
  • Аудионы аудасити көмегімен өңдеу
  • Интернетке лайықтап, қалтафон көмегімен суретке түсіру
  • Оқиғаны баяндау үшін тақырып табу, оны сараптау тәсілдері
  • Инфографика және оны әзірлеу жолдары
  • Блоггинг. Уордпресте блог бастау.
  • Интернетке лайықталған видеоның құрылымы: ракурс, план
  • Оқиғаны видео көмегімен баяндау

Бұдан бөлек қатысушылар арасында өзара сенім қалыптастыру үшін түрлі ойындар ойнадық.

Екі күн бойы бірге болған барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!