miniBarcampCA10

Қазір Bookmark ғимаратының (Тимирязев-Байтұрсынұлы қиылысы) жертөлесінде отырмыз. Минибаркэмп өтуде. Бұл осы аптаның соңында өтетін BarcampCA10 қатысушыларының алдын ала шай ішерлері. Яғни, міндеттер бөлісуде. Кім не істейді, кімді күтіп алады т.с.с. жұмыстар.

Баркэмптің де той тәрізді болғаннан боладысы қызық. Ғаламтордың әрбұрышында жүрген тілектес жандардың бір істі қолға алып, жүзеге асыруы олардың арасында ынтымақтастықтың, түсініктің артуына септеседі. Бейресми конференцияның артықшылығы да осы. Әрине, айтылатын ойлар, презентациялар тың бастамалардың дүниеге келуіне түрткі болады. Бірақ ең қызықтысы осы. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Жай ойлар

Конудкторлар жолаушыларды «тәрбиелегенше» өздерін тәрбиелеп алса жақсы болар еді. (37 автобусқа отырғаннан кейін туған ой)

Америкалықтар қазақтардың жүз бен руға бөлінуіне қарсы емес. Визу толтыру құжаттарында ру сұралатын болыпты.

Google Map Almaty Party

Қәнекей, қол жайып жіберейік!

Қәнекей, қол жайып жіберейік!

Google Mapping Almaty деген шараға барып келдім. Таңертең болды. Google-да Рустам деген Қазақстанның баласы да жұмыс істейді екен. Ол қазір Сан Франциско жақтағы бір қалада тұрады. Программист екен.  Өтенде телефон арқылы сұхбаттасқанмын.

Гуглға жұмысқа тұру үшін бір олимпиадаға қатысып көзге түскен көрінеді. Десе де Google Map Almaty деген жиынды Гуглда жұмыс істейтін Тілек деген бала (суретте) ұйымдастырды. Жалпы, Google map туралы айтты. Қысқаша айтар болсам, Гуглдың елді-мекендердің карталық сызбасын жасайтын қызметі бар. Шетелде жүргенде маған көп көмектесетін. Жақын жердегі мешіттің қай жерде екенін, оған қалай баруға болатынын содан қарап білетін едім. Сөйтсек, Алматымыз туралы сол картада мәлімет аз екен. Жалпы Қазақстан туралы да. Оқуды жалғастыру

Google Map Almaty

Құдай-ау, өмірі жылдың соңы осылай қарбалас болады да жатады. Сендер де әлі жұмыста шығарсыңдар. Өткеннен бері айтамын деп ұмыта беремін. Осы сенбіде жиналып жатырмыз. Дәлірек айтқанда жинап жатыр. Алматыда алғаш рет Google Map жиыны өтпек. Жастар жиналып, Google Map-қа Алматының танымал көшелерін, орындарын белгілеп көрсетпек. Бұл шара 26.12 2009 жылы сағат 11.00-14.00 аралығында өтеді. Өтетін орны: Omega Sector Интернет-кафесі (Алматы-10), Гоголь
көшесі, 58

Қатысу үшін төмендегі телефонға хабарласып, тіркелу керек. Барлық мәліметте солардан алуға болады. Мен тек қатысушымын 🙂

8 705 454 49 65, Шакир Исламбакиев

Халалданудамыз

Жұмыс орнымның қасында «Адал Ырыс» атты кафе ашылғанына үш айдай болып еді. Енді бұрындары ойын залы болған бөлме, «Халал ет» сататын дүкенге айналды. Мекен-жайлары.

  1. «Адал ырыс» кафесі.  Сейфуллин мен Қазыбек би көшелерінің қиылысы (Сейфуллиннен Мәуленовке қарай жүру керек)
  2. «Халал ет» дүкені. Желтоқсан мен Төле би көшелерінің қиылысы (Төле биден сәл төмен түсесіз)