Блог құрылтай: Бейресми ашылу

Ербол, Саттар, Батыр төртеуміз жаңа осы кафені көріп қайттық. Жұма күнгі кешкі таныстығымызды осы жерден бастайық, инш! Сонымен, Блог құрылтайға қатысушы блогшылар, сіздерді жұма күні сағ. 19.00-де Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы «KERMES» кафесінде күтеміз. Бейресми таныстығымыз осы жерден басталсын!

This slideshow requires JavaScript.

Қазақы графити

Білмедім, бұл суретті графитиге жатқызуға бола ма, әлде болмайды ма. Әле графитидің ішіндегі жаңа бір ағым бар. Әйтеуір Алматыдағы Желтоқсан көшесінің бойындағы осы бір сурет сүйсінтті. Қосымша бір-екі суретті мына жерден табасыз.

This slideshow requires JavaScript.

Автобусым көлікті қағып кетті

Өмірімде алғаш рет Алматы автобусында күтпеген оқиғаның куәсі болдым. Негізі бұл ой санамды талай шырмаған. Әсіресе, шопырлар күнделікті пландарын орындау үшін бір-бірімен жарысқан кезде кәлимама мейлінше мән беретінмін. «Бір күні автобусым аударылып қалса, яки біреуді қағып кетсе не болар екенмін» дейтінмін… Оқуды жалғастыру

miniBarcampCA10

Қазір Bookmark ғимаратының (Тимирязев-Байтұрсынұлы қиылысы) жертөлесінде отырмыз. Минибаркэмп өтуде. Бұл осы аптаның соңында өтетін BarcampCA10 қатысушыларының алдын ала шай ішерлері. Яғни, міндеттер бөлісуде. Кім не істейді, кімді күтіп алады т.с.с. жұмыстар.

Баркэмптің де той тәрізді болғаннан боладысы қызық. Ғаламтордың әрбұрышында жүрген тілектес жандардың бір істі қолға алып, жүзеге асыруы олардың арасында ынтымақтастықтың, түсініктің артуына септеседі. Бейресми конференцияның артықшылығы да осы. Әрине, айтылатын ойлар, презентациялар тың бастамалардың дүниеге келуіне түрткі болады. Бірақ ең қызықтысы осы. Оқуды жалғастыру

Жай ойлар

Конудкторлар жолаушыларды «тәрбиелегенше» өздерін тәрбиелеп алса жақсы болар еді. (37 автобусқа отырғаннан кейін туған ой)

Америкалықтар қазақтардың жүз бен руға бөлінуіне қарсы емес. Визу толтыру құжаттарында ру сұралатын болыпты.