Әміриканың әскерилері

ft laramie

Әмірикада негізі мені көп нәрсе таң қалдырды ғой. Бірақ ерекше таңқалдырғаны – америкадағы әскерилерге деген құрмет еді.

Вашингтонда ғылыми конференцияға қатысатын болып, Денвер әуежайында ұшағымды күтіп отырғанмын. Бізбен бірге залда жасы менен кіші, әскери форма киген (әлгі болотный цвет, жасыл дақтары бар киім) үш бала болды. Екеуі ұл, біреуі қыз. Жас шамалары жиырманың маңайы шығар. Былай енді сырттай қарағанда серьезный. Үстіндегі киімдері басқа болған соң, жиналған көпшіліктен бірден ерекшеленді, әрі өздері де бөлек бұрышта отырды.

Қызықтың көкесін ұшаққа отырғызу басталғанда көрдім. Диспетчер ұшаққа отырғызу басталғанын хабарлап болған соң: «Арамызда әскери қызметкерлер бар екен, ешкім қарсы болмаса, әуелі соларды ұшаққа отырғызайық» деп хабарлады. Сол-ақ екен, менімен бірге бағанадан бері күту залында отырғандар орындарынан тұрып, қол шапалақтап, қошамет көрсетті. Ішіндегі кемпір-шалдардың шаттанып тұрып, қол соққанына қатты қызықтым. Біздің әскер осындай дегендей үлкен бір мақтанышпен қарап, шығарып салды ғой. Әлгі үшеуі осындай қошаметке дайын болғандай қолдарын бұлғап, бірінші болып, ұшаққа мінді.

Кейін ұшаққа отырғанда олардың бізбен отырғанын ұмытып та кеттім. Оқуды жалғастыру

Advertisements

ҚазТАГ-тағы пікірім: «Интернет – құрал»

Nokia N900 communicator/internet tablet Русски...

Бірнеше ай бұрын Жұлдыз Әбділда интернетті бақылауға қатысты бірнеше сауалға жауап беруімді өтінген еді. Ол кезде сауал тек маған ғана қойылған болар деп, ұзақ жауап беріппін. 🙂 Сөйтсем, сауалнама нұсқасында болған екен. Жұлдыз Әбділданың «Қазақ Интернеті қай бағытта дамып жатыр?» деген мақаласының толық нұсқасын ҚазТАГ сайтынан оқи аласыз. Алда-жалда қажет болар деп, өзімнің берген жауабымды жариялап отырмын.

Ең әуелі Интернет деп нені түсінетінімізді анықтап алу керек сияқты. Менің түсінігімде Интернет – құрал. Ахмет Байтұрсынов кезінде тілді құрал десе, интернет те біздің дәуірімізде бірінші кезекте дәл сондай қарым-қатынас құралы. Тілді қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар адамды иландыру, үркіту т.с.с. мақсатта да қолданатымыз рас. Бірақ ол үшін адам құралды жақсы пайдалана білуі керек. Интернет те дәл солай. Білген адам оны дұрыс мақсатта қолданады. Білмеген адам білген адамның обалына қалады. Менің бұл ойым нақты Қазақ интернетіне қатысты емес, жалпы интернетке қатысты. Себебі әрбір елдің ұлттық дәстүрі мен танымына сәйкес «құрал» әртүрлі қолдануы керек деп санаймын. Оқуды жалғастыру

77 оқырманым, мен сені танымаймын! Бірақ мені жақсы танып алған боларсың…

Көптен жазбай кеттім. Басында Қазақстанда ашылмаса, адамдар оқымайды ғой деген пендеуи ой болған. Бірақ блогымдағы жазбаларға поштасы арқылы жазылған 77 оқырманым есіме түсіп, ұяламын. Кешірім сұрағым келеді!

Жазбаларымды үнемі оқып отыратын, 77 оқырманым! Осы жазбаны өзіңе арнағым келеді!

Мен сені танымаймын. Бірақ блогымды оқу арқылы мені жақсы танып алған боларсың. Мерекемен құттықтап қояын! Құрбан айтың құтты болсын! Құрбандық шалып, сауапқа кенелмек ойы болса, ниетің қабыл болғай! Айт күні мешітке барып, бауырларымызбен намаз оқитын болсаң, өзіңе қызығып отырмын. Ларамиде ондай үлкен жамағат жоқ. Бірақ біз де Құрбан айтқа орай дастархан жаймақпыз. Әдеттегідей халықаралық дастархан болатын шығар. Либиялықтар капсасын, непалдықтар момосын, саудиялықтар күріш пен тауығын әкелетін болар. Шүкір! Оқуды жалғастыру

Блогстан қазақ тіліне қалай әсер етті?

2007 жылдан бері wordpress.com қазақшаға аударылып келе жатыр. Бұл көптеген интернет қолданушыларға өз ой-пікірін ақтаратын, мұңдасатын виртуалды алаңмен қауышуға мүмкіндік тудырды. Сонымен қатар аударылған жаңа сөздердің қолданысқа түсіп, сөздік қорымыздың толысуына септігін тигізді.

Бастапқыда уордпресс, блогтар, әлеуметтік желі, блогшы т.с.с сөздер көпшілікке таныс емес еді. Қыркүйектің ортасында (16.09.2011) сондай бірнеше сөздерге Google мен Yandex іздеу тораптарында сұрау салып едім. Нәтижесіне қарап бұл сөздер бүгінде қолданысқа еніп үлгерді деген қорытындыға келдім.

Төменде google мен yandex бойынша сұрау салынған жаңа сөздердің тізімін көрсетіп отырмын. Менің ойымша бұл мысалдар қазақ тілінің дамуына қарапайым интернет қолданушылардың үлкен үлес қосып отырғанының бір көрінісі бола алады. Оқуды жалғастыру

13.QB. Тамызда тіркелген қазақша блогтар

Астанадағы "Мінбер" тренингіне қатысушылардың кеңесі

Астанадағы "Мінбер" тренингіне қатысушылардың кеңесі

Шілде айында жаңадан 8 блог тіркелсе, тамызда 10 11 блог тіркеліпті. Блог бастасам деген қызығушылықтың бәсеңдемегенін байқап отырмыз. Төмендегі блогтардың ішінде жаңармағандары бар. Себебі әртүрлі болуы мүмкін. Бірі блогқа қалай, не жазарын білмесе, кейбіреулері блогтарына қалай кіретінін ұмытып қалған болуы да мүмкін. Бүгін уордпрестегі қазақша блогтар қазақ тіліне қалай әсер еткенін білмек болып, шағын зерттеу жасап көріп едім. Нәтижесі қызық болып шықты. Алдағы апталарда жазба арнамақ ойым бар. Ал әзірге жаңадан қосылған блогшыларға «Блогстанға қош келдіңіз!» демекпін!

  1. http://marataga.wordpress.com/ (04.08.2011 ) «Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз» дей келе автор «Алаш жастары» атты блогқа ұлт, тілге қатысты өлеңдерді жариялапты.
  2.  http://3wtoshkakz.wordpress.com/ (09.08.2011) жаңаланбаған Оқуды жалғастыру

10. QB. Мамыр айында тіркелген блогтар

WordPress.com-дағы блогтарға Биылғы жылғы блог тіркелген айлардың ішіндегі ең үлкен рекорд мамыр айының үлесіне тиіп отыр. Төменде 59 блогтың тізімін ұсынып отырмын. Тізім ұзақ болған соң әр қайсысына жеке-жеке тоқталуым қиындау. Мамыр айында «Медианеттегі» курстарым өтіп, «Мінбердің» Алматыдағы дәстүрлі тренингі өткендіктен, блогтардың дені осы екі шара аясында тіркелген. Төменде блогын тіркегелі бері кемінде үш жазба жарияланған блогтарға ғана тоқталып өттім. Оқуды жалғастыру