Тагильский, у меня вопрос!

20170514_102022«Тагильский, у меня вопрос!», – деді шоқша сақалды Мұхит ұзын дәліздің бойымен пластик трубасын сүйретіп бара жатып. «Эта труба идет вверх от 405-го?»
 
Даңғыр-дұңғыр еткен трубаның дауысы мен еденде қалған сарғылт дақ төртінші қабаттағы күллі кабинетті шарлап жүр.
 
Бұған дейін бөлмемізде ағылшын тілінің шуә дыбысымен өрілген «British English» естілетін. Кешелі бері «тагильский» деп өңеші созылғанша айғайлаған Мұхиттың дауысы басып кетті.
«Давай срежем» дейді. «Тезірек бітірсе екен,» – деймін. Қазір трубадан бүлк-бүлк етіп су атқылап шығып, Oxford пен Cambridge баспасы шығарған ағылшын тілі кітаптарым лай судың бетінде қалқып жүргенін елестетіп отырмын. Парталарым орнынан жылжым кеткен. Аппақ тақтамның бетінде Мұхиттың әлде Тагильскийдің алақанының ізі тұр. 
Advertisements

ТЫҢДАУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІН: Земля Казахстана

…за доброе сердце степного казаха …

Көршілеріміз өзге ұлттың өкілдері екенін 91 жылдары олар көшіп жатқанда білдім. Оған дейін бәрін орыс деп танитынмын.

Біз үш қабатты үйде тұрдық. Қарсы есікте дүнген Үміт апа тұрды (дүнген лапшасын алғаш рет сол үйде жеп едік). Ортадағы есікте армяндар тұрған. Бір жылдары оларда жер сілкінісі болып, анам оларға торт пісіргені бар. Бірақ тортты Арменияға қалай жеткізгендерін білмедім. Астыңғы қабатта татар апа тұратын.

Бірінші подъезде неміс апа тұрған. Бірақ ол кезде бұлай ұлтымен айтпайтынбыз. Тіпті қазақша сайрап жүретін тетя Нина белорус екенін білгенде тіпті таңқалдым. Бір көршіміз молдован болғаны есімде.
Оқуды жалғастыру

«Ұланға» жарияланған алғашқы мақалам

"Ұланға" жаряланған мақалам (27.01.1998)

«Ұланға» жарияланған мақалам (27.01.1998)

О сы мақала шыққанда марқұм анамның қуанғаны есімде. Үйдегілер менің көзімше жетістіктерімнің айтылғанын ұнатпайтынымды жақсы білетін.

Бұл шағын әңгіменің басты кейіпкеріне туған інімнің атын қоймай, немере інімнің атын қойғандағы ойым да осы еді. Газетке шыққанымды көріп қойып, үйдегілер қатты қуанып кетпесін деп, поштадан «Ұланды» бірінші болып алып, ешкімге көрсетпей тығып қоятынмын.

Бұл газетті тығып үлгермей қалғанмын. Содан анам газетті алды да, маған қарап бір күлімсіреп, үйден шығып кетті. Этаждағы күллі көршілерге барып, сүйінші сұрап шықты. Содан күллі көрші біздің үйге жиналған. Қарап отырсам, соным балалық қой.

Өзімді өзімше үлкен сезінген түрім. Анам менің жетістігіме қуанып жатса, оның несі айып екен деймін қазір. …

Кейін әкемнің жаназасын шығарған күннің кешінде шкафтағы киімдерін жинастырып жатқанмын. Шкаф түбінен бір визитка тауып алдым. Негізі әкем менің таңдауымды іштей құптаймайтын болар дейтінмін. Біздің әулеттегінің бәрі дерлік шахтер, кенші т.с.с. кен саласының маңайында ғой. Сөйтсем, әлгі визитика менікі екен. Кезінде Azamat.kz деген газет шығып, сонда Бас редактор орынбасары болғанмын. Сол кезде жасатқан визитикам ғой.

Әкем марқұм өмірінің соңына дейін сол визитиканы шкафтың түбінде маған көрсетпей сақтап жүріпті ғой…

«Ұланға» жазған әрбір мақала, олардан келген әрбір хат, «Ұлан» арқылы тапқан достарым бәрі-бәрі есімде. Күні кеше Канат досым да «Ұланға» пікір қалдырып, біраз шындықты айтып тастапты 🙂

Журналистер, мерекелеріңмен! Мақаланы тауып жариялаған Karlygash, өзіңе көп рахмет!

p.s. «Ұлан» қызметкері Қарлығаш Досанова Facebook-ке «ұландықтардың» бұрынғы шыққан мақалаларын тауып, жариялап қойыпты. Ойымды Facebook-қа жазып жатыр едім, ұзап кетті. Блогыма жариялағанды жөн көрдім.

Сары шашты қыз бен мұжық

Сурет CC рұқсаты негізінде Flickr мұрағатынан алынды

Бесіннің кезі болатын. Ғимараттың ішінде бір бөлмеден екіншісіне шапқылап жүргенмін. Ағылшын тілін оқытатын бөлмеміздің алдында бір мұжық тұр. Бәлкім адасып жүрген болар деген ой келді. Қасына барып «Көмек қажет пе? Әлдекімді іздеп жүрмісіз?» дедім. Осы кезде оң жақ қасына пирсинг қыстырған сары шашты қыз келді. Арақтың иісі гүмп ете қалды. «Баламызды ағылшын тілі курсына жаздырайық» деп едік деген соң, ішкі кіруін өтіндім. Оқуды жалғастыру

Айналайын, Ғайни!

Қызды болдық. Құдайға сансыз мадақ! Әке болу сезімі шынымен басқа екен. Жауапкершіліктен бөлек, есейгеніңді түсінесің. Өз әкеңді де жиі ойлайсың. «Әрі қарай не болады?» деген сұрақтар көп түртпектейді. Бірақ кішкентай Ғайнешке қараған сайын әлем тоқтап қалғандай екен. Жаратылыстың құдіретіне бас иесің.

Көпшілік құттықтап жатыр. Ризамыз. Аллаһ разы болсын. Өздерінде де қуаныш көп болсын, әрі сауапқа толы істер жасарлық ниеттеріңіз азаймасын. Оқуды жалғастыру

Ғылыми жетекшімнің үйі

Шынымды айтайын. Бұрыннан көргім келіп жүрді. Іштей бір қызығушылық түртпектейтін де тұратын. Қызық қой енді. Америкалықтардың үйлерінде бұрын болсам да ғылыми жетекшімнің үйінде болып көрмеген едім. Оқуды жалғастыру