Photo by William Iven on Unsplash

Facebook-тегі жазбаларды реттеуден, өзгертуден қорықпау керек

Photo by William Iven on Unsplash

Photo by William Iven on Unsplash

Facebook-те үнемі оқып жүрген адамдардың жазбасын бір аптаға сөндіріп қою – қылмыс емес. Олардың жазбалары өзге маңызды жазбаларды көрсетпей, сіздің бір жақты ақпарат алуыңызға түрткі болуда.

Төменде News Literacy жазғы мектебінің алғашқы күнгі сабағында түртіп алған ойларымды жазып отырмын. Өзім үшін. Бірақ сізге де пайдалы болып жатса, оқысаңыз болады. Оқуды жалғастыру

Қызылорда кітапханашыларына арналған тренингтен

DSC_0366-1024x682

Егер сіз Қызылорда облысының тумасы болсаңыз, өз ауданыңыздың, ауылыңыздың парақшасына жазылып қойсаңыз болады.

Кеше кітапханашылар күні болды. Кітапханашыларға тренинг өткізіп жатқанда бірақ білдім. БҰҰ-ның Дамыту бағдарламасының Қызылорда өңірінде бірнеше жылға жобаланған жоспары бар екен. Сол жобаның бірі – Қызылорданың ауылдық, аудандық жерлерінде Онлайн орталықтар ашу. Бұл орталықтар қазір Қызылордадағы кітапханалар негізінде құрылып жатыр.

Қызылордада 300-ге жуық кітапхана бар. Оның жартысына жуығы ауылдық жерлерде. Қызылорданың аудандары мен ауылдарында Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының көмегімен Онлайн орталықтар ашылып жатыр.

Оқуды жалғастыру

Қазақстан Facebook қолданушылары бойынша 213 елдің ішінде 103-орында

Facebook әзірге mail.ru-ға балама бола алмас деп ойлаймын. Әйткенмен Қазақстандық интернет қолданушылар орыс тілді виртуалды кеңістіктен ағылшын тілді әлеуметтік желіге сіңісе бастады.

Neweurasia.net сайтына жазба әзірлеп отырып, байқап қалдым. Қазақстан Facebook қолданушылары бар 213 елдің ішінде 103-орында тұр. (кестедегі бірінші баған тіркелген қолданушылар санын, екіншісі сандық және пайыздық өсуді, үшіншісі интернеттегі алар үлесін көрсетеді)

Орталық Азия елдері ішінде бірінші орында екенбіз. Соңғы айларда facebook қолданушылар санының көбеюін mail.ru акцияларының Лондон Қор Биржасында сатылуымен байланыстырушылар бар. Facebook иелері ресейлік ақпараттық-ойын сауықтық порталдың минориталды акциясын сатып алыпты [орыс.т]. Оқуды жалғастыру

Қазақ тілі: Nokia, WordPress.com және Facebook

Nokia Астанаға шақырған. Бірақ негізі басқа мақсатпен де Астанаға келген соң, олардың жарнамалық шарасына қатыстым. Карлмен (Nokia-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы) жүздескенді жөн көрдім.

Дереккөзі: Facebaker (17.10.2010)

Дереккөзі: Facebaker (17.10.2010)

Nokia-ның Ovi Suite деген үстемесі бар. Интернеттен жүктеп алып, телефонға орнатуға болады. Маған әзірге ішінен тек Құран үстемесі ғана ұнайды. Енді сондай үстемелерді әр адам өзіне де жасай алады. Азиада қарсаңында Қазақстанға арнап, енді олар қосымша «Азиада» атты үстеме шығармақшы. Спорт жарыстары өтетін орындардың картасы, жарыс нәтижесі туралы мәліметтер т.б. біліп отыруға болады.
Оқуды жалғастыру

Қазақстандықтар жиі қолданатын ағылшынтілді 7 әлеуметтік желі

 

Picture of notebook screen with Facebook and F...

Image via Wikipedia

 

Kazakhstan Internet Week аясында өтіп жатқан конференцияда презентация жасайтын болған соң, жаңа мәліметтерді іздестірген едім. Сөйтіп, Қазақстанның интернет қолданушылары жиі қолданатын әлеуметтік желілер жайлы мәлімітке тап болдым. Оқуды жалғастыру

«БАҚ болашағы журналистер қолында»

It works perfectly! 2-minute YouTube video dem...

Image via Wikipedia

Негізі бұдан басқашалау тақырып қойғандары орынды болар еді. Медиа Форумға мұндай ұрандар жараспайтын сияқты. Бүгін аталған жиналысқа қатысты. Айтулы телеарнаның бірінде қызмет ететін ағайдың жиналыс ортасында бір спикерге ашуланып: «Мен кеттім» деп басқосуды басына көтере айғалап кеткенін айтпағанда басқаша «оғаш оқиға» болған жоқ.

Біраз таныстарды кездестірдім. Назира (видеода): «Қазақ тіліндегі журналистикаға арналған бөлім бар. Сол жерде қазақ тіліндегі блогтар жайлы айтып бересің бе?» деген соң, «Қазақ тіліндегі блогтарға қатысты» ойларыммен бөліскен едім. Презентацияны видеомен бірге жариялап отырмын.

Қазақстанда 104 800 Facebook қолданушысы бар

Өткенде АҚШ елшілігінде Кристофер Атертон деген Вашингтон Университетінің профессорымен телеконференция өткен. Оны-мұны талқылап отырып, ол Қазақстандағы Facebook қолданушылары туралы айтқан. «Қазақстанда әйелдер әлеуметтік желіні жиі тұтынады» дегені рас екен. Интернеттегі мәліметтерді мен де бір сүзіп шығып едім:

  1. Қазақстандағы Facebook желісіне тіркелгендер саны: 104 800
  2. Facebook-ке Қазақстаннан тіркелген ерлер саны: 45 400
  3. Facebook-ке Қазақстаннан тіркелген әйелдер саны: 56 720 Оқуды жалғастыру