Польшада не жоғалттым?

@fundacjaFRSI

TechCampWAW participants are working on their project. February 15, 2017

Кейде миыңның бір бұрышына кіп-кішкентай сауал кіріп кетіп, бос уақытта қайта-қайта есіңе түсіп, мазалай беретін кездері болады. Сондай  #мазабермессауал әдетте шетелге шығуыма себеп болып жатады.

Технологияның жылдам дамуы, әрі оның қолданысқа тез енуі медиа мамандары арасында «Енді не істейміз?» деген сауалға жауап іздеуге мәжбүрлейді. Менің басымда да жүретін сол сауал. Оқуды жалғастыру

«Қазконтент» тренингінен соң…

Әлдебір ұжымға немесе қызметкерлеріне бір дағдыны үйреткісі, көрсеткісі келетін мекемелер аз. Өкініштісі сол. Еліміздегі мемлекеттік мекемелердің дені қызметкерлеріне көп талап қойғанымен, тапсырманы қалай орындау керектігін үйрете бермейді. Осы орайда «Қазконтент» ұнайды. Бұған дейін ұжымды шетел көрген, менеджементтің жаңа үлгісін білетіндер басқарғандықтан болар. Қысқасы, «Қазконтентпен» тренер тұрғысынан жұмыс істеу әлдеқайда оңай. Себебі басшылық тарапынан қызметкерлерді, журналистердің біліктілігін жетілдіруге үнемі жағдай жасау керектігін түсінеді. Оқуды жалғастыру

Атырау қаласындағы тренингтен


 

This slideshow requires JavaScript.

Тренингке қатысушылардың пікірлері:

https://instagram.com/mukangalina/

Сөзінің соңын, тойст сабағын: «…Уот, ақша деген осылай келед! ))» деп аяқтайтын ағайғо ))) Сабаққа бару ойда жоқ бізге универді көрсеткен Асхат Еркімбайға үлкен алғысымызды білдіреміз! «Төрешің»-хит! Жаттап алдық. Енді сөзін өмірі ұмытпаймыз )) Біраз мәліметтерге қанықтық. Семинар ұйымдастырған әкімдіктегілерді жақсы көріп кеттім шее

akmurzievabai.wordpress.com:

Тренингтер жоғары дәрежеде өткізілді. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Асхат Еркімбай журналистерге “Интернет журналистикасындағы ерекшеліктер”  “фотоға және видеоға түсіру” тағы басқа да тәжірибелік сабақтар өткізілді.

zhauynbaeva.wordpress.com:

Ғаламтор арқылы қалай табыс табуға болады? Бүгінгі күннің жаңалық жаршысы кім? Заманауи құрылғыларды қалай қолдануға болады? Міне, осы және өзгеде  қызықтар мен қиындықтарға толы медиа сабақ – Атырауда.

diasaibar.wordpress.com:

Өте қызықты өтіп жатыр. Көптен күтіп жүрген өзімнің блогымды аштым. Өте қатты қуаныштымын.

Атыраудамын. Әр келген сайын Атырау да, атыраулықтар да жаңа қырынан танылып жатыр.Бұрындары Батыс Қазақстан десе барлығы бірдей көрінетін. Оралда, Атырау мен Ақтауда болған соң, енді үш өңірдің ерекшелігі қатты байқалатын болды.

Бұл жолы Атырауға «Медианет» шақыртумен келіп отырмын. «Медианет» Атырау облысы әкімдігі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Атырау-Ақпарат» және Атырау жастарының ақпараттық орталығымен бірлесіп бірнеше айы бойы Атырау жастарына журналистика бойынша бірнеше вебинарлар ұйымдастырды.

Негізі өңірдегі жас журналистерге вебинарлар ұйымдастыру өте жақсы тәсіл. Өзге өңірлердің әкімдіктері де қолдаса жақсы болар еді. Сөйтіп, «Медианеттің» шақыртумен осында келіп қалдық.

Тренинг екі күн бойы сағат 10.00-16.00 аралығында «Жайық» деген Атырау Мемлекеттік университетінің спорт кешенінің екінші қабатындағы конференц залында өтті. Тренинг өткізетін зал да, ұйымдастырушылардың жұмысы да өте ұнады.

Тренингте төмендегі жайттар қамтылды:

  • Аудио жазудың тәсілдері
  • Аудиоға лайықталған әңгіме айтқызу үшін қойылатын сұрақтар
  • Аудионы аудасити көмегімен өңдеу
  • Интернетке лайықтап, қалтафон көмегімен суретке түсіру
  • Оқиғаны баяндау үшін тақырып табу, оны сараптау тәсілдері
  • Инфографика және оны әзірлеу жолдары
  • Блоггинг. Уордпресте блог бастау.
  • Интернетке лайықталған видеоның құрылымы: ракурс, план
  • Оқиғаны видео көмегімен баяндау

Бұдан бөлек қатысушылар арасында өзара сенім қалыптастыру үшін түрлі ойындар ойнадық.

Екі күн бойы бірге болған барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!

 

"Қазақстан Дауысы" шоуына қатысушылар

Студентім өз кейіпкерін «Қазақстан дауысынан» тапты

«Сәлеметсіз бе, ағай?! Халыңыз қалай? Тапсырмаңызды орындадым. Жасаған жұмысым көңілімнен шыққан жоқ. Бұдан да күшті жасауға болатын еді».

Сулейман Демирел Университетіндегі студенттерімнің жолдайтын хаттары әдетте осындай сөйлемдермен басталады. Үй тапсырмасын жақсы орындаса да «көңілімнен шықпадымен» бастайды. Сенбі күндізгі сағат 12.00-ден кешіктірмей студенттерім үй тапсырмасын жолдауы тиіс. Бұл – дедлайн (deadline – ағылшын тілінен тура аударғанда «өлім сызығы» дегенді білдіреді. Тапсырманы өткізудің ең соңғы мерзімі деген сөз).

Бұл – өткен семестрде «Audio Storytelling» деген курсымда оқыған Айгерім Табылдиева деген студентімнің үй тапсырмасы. Видеода өткен аптада «Қазақстан Дауысы» жобасына қатысқан Айдана Риза деген әншінің ойы баяндалады. Студентімнің тапсырмасы (орыс бөлімінде оқығандықтан орыс тілінде жасалды) «сюрприз» элементімен есімде қалдырды. Себебі слайдкастың бас кезінде кейіпкерінің нақты кім екені айтылмайды. Алпысқа жуық үй тапсырмасын қарап отырғанда «Соңы не болды екен?» дегізетін осындай жұмыстар ұнайды.

Басты мақсат – «құрғақ ақпарат» жеткізу емес, мультимедиада оқиғаны әлдебіреуге әңгіме айтып отырғандай (stroytelling) немесе кейіпкердің өзі әңгімесін тыңдап отырғандай әсер қалдыру болатын. Әрі көрерменге ұнау үшін ішіне сюрприз элементін қосу керек. Оқуды жалғастыру

Мультимедиалы журналистика тренингінен. Алматы, 2014 | Суретті түсірген Әйгерім Бегімбет

Мультимедиа тренингі Тараз қаласында

Мультимедиалы журналистика тренингінен. Алматы, 2014 | Суретті түсірген Әйгерім Бегімбет

Мультимедиалы журналистика тренингінен. Алматы, 2014 | Суретті түсірген Әйгерім Бегімбет

26 қарашада Тараз қаласында БҰҰ-ның Астанадағы Даму Бағдарламасының «Энерготиімділік» жобасы аясында журналистерге тренинг өткіземіз.

Бұған дейін осындай тақырыппен Ақтау, Атырау, Семей, Қызылордада тренингтер өткізген едік.

Егер сіз Жамбыл облысында немесе Тараз қаласында тұрсаңыз, мультимедиалы өнім жасау жолдарын үйренгіңіз келсе, тренингке қатысуға шақырамын.

Өтетін орны мен уақыты Оқуды жалғастыру

ВИДЕО: Пойызда ән салған ата-әжелер

Ұшаққа мінген адам пойызбен жүргісі келмейтін сияқты. Студент кезде Жезқазғаннан Алматыға пойызбен екі күнде келетінбіз. Кейін мұхит асу үшін ұшақпен бар болғаны 20 сағаттай уақыт керек екенін білдім. Сол кезде «Жезқазғанымнан гөрі Америкаға жетуім жылдам екен» деп ойлайтынмын.

Өткен жылдың соңында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде (Қызылорда, Түркістан қалалары және Сайрам ауданында), солтүстікте Қостанайда, сосын батыста Атырауда, одан кейін шығыста Семейде тренингтер өткізуге шақырды. Оқуды жалғастыру

Мультимедиа репортажы тренингінен

Оксана Силантьева «Мультимединың репортаж» тренингінен (Алматы. Медиа құрылтай 2013)

Төмендегі ойлар көпшілікке түсініксіз болуы мүмкін. Қосымша сұрақтар болса, пікір ретінде қалдырарсыз.

Жаңа технлогияның пайда болуынан журналистика өзгермейді Оқуды жалғастыру