Атырау қаласындағы тренингтен


 

This slideshow requires JavaScript.

Тренингке қатысушылардың пікірлері:

https://instagram.com/mukangalina/

Сөзінің соңын, тойст сабағын: «…Уот, ақша деген осылай келед! ))» деп аяқтайтын ағайғо ))) Сабаққа бару ойда жоқ бізге универді көрсеткен Асхат Еркімбайға үлкен алғысымызды білдіреміз! «Төрешің»-хит! Жаттап алдық. Енді сөзін өмірі ұмытпаймыз )) Біраз мәліметтерге қанықтық. Семинар ұйымдастырған әкімдіктегілерді жақсы көріп кеттім шее

akmurzievabai.wordpress.com:

Тренингтер жоғары дәрежеде өткізілді. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Асхат Еркімбай журналистерге “Интернет журналистикасындағы ерекшеліктер”  “фотоға және видеоға түсіру” тағы басқа да тәжірибелік сабақтар өткізілді.

zhauynbaeva.wordpress.com:

Ғаламтор арқылы қалай табыс табуға болады? Бүгінгі күннің жаңалық жаршысы кім? Заманауи құрылғыларды қалай қолдануға болады? Міне, осы және өзгеде  қызықтар мен қиындықтарға толы медиа сабақ – Атырауда.

diasaibar.wordpress.com:

Өте қызықты өтіп жатыр. Көптен күтіп жүрген өзімнің блогымды аштым. Өте қатты қуаныштымын.

Атыраудамын. Әр келген сайын Атырау да, атыраулықтар да жаңа қырынан танылып жатыр.Бұрындары Батыс Қазақстан десе барлығы бірдей көрінетін. Оралда, Атырау мен Ақтауда болған соң, енді үш өңірдің ерекшелігі қатты байқалатын болды.

Бұл жолы Атырауға «Медианет» шақыртумен келіп отырмын. «Медианет» Атырау облысы әкімдігі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Атырау-Ақпарат» және Атырау жастарының ақпараттық орталығымен бірлесіп бірнеше айы бойы Атырау жастарына журналистика бойынша бірнеше вебинарлар ұйымдастырды.

Негізі өңірдегі жас журналистерге вебинарлар ұйымдастыру өте жақсы тәсіл. Өзге өңірлердің әкімдіктері де қолдаса жақсы болар еді. Сөйтіп, «Медианеттің» шақыртумен осында келіп қалдық.

Тренинг екі күн бойы сағат 10.00-16.00 аралығында «Жайық» деген Атырау Мемлекеттік университетінің спорт кешенінің екінші қабатындағы конференц залында өтті. Тренинг өткізетін зал да, ұйымдастырушылардың жұмысы да өте ұнады.

Тренингте төмендегі жайттар қамтылды:

  • Аудио жазудың тәсілдері
  • Аудиоға лайықталған әңгіме айтқызу үшін қойылатын сұрақтар
  • Аудионы аудасити көмегімен өңдеу
  • Интернетке лайықтап, қалтафон көмегімен суретке түсіру
  • Оқиғаны баяндау үшін тақырып табу, оны сараптау тәсілдері
  • Инфографика және оны әзірлеу жолдары
  • Блоггинг. Уордпресте блог бастау.
  • Интернетке лайықталған видеоның құрылымы: ракурс, план
  • Оқиғаны видео көмегімен баяндау

Бұдан бөлек қатысушылар арасында өзара сенім қалыптастыру үшін түрлі ойындар ойнадық.

Екі күн бойы бірге болған барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!

 

Advertisements
"Қазақстан Дауысы" шоуына қатысушылар

Студентім өз кейіпкерін «Қазақстан дауысынан» тапты

«Сәлеметсіз бе, ағай?! Халыңыз қалай? Тапсырмаңызды орындадым. Жасаған жұмысым көңілімнен шыққан жоқ. Бұдан да күшті жасауға болатын еді».

Сулейман Демирел Университетіндегі студенттерімнің жолдайтын хаттары әдетте осындай сөйлемдермен басталады. Үй тапсырмасын жақсы орындаса да «көңілімнен шықпадымен» бастайды. Сенбі күндізгі сағат 12.00-ден кешіктірмей студенттерім үй тапсырмасын жолдауы тиіс. Бұл – дедлайн (deadline – ағылшын тілінен тура аударғанда «өлім сызығы» дегенді білдіреді. Тапсырманы өткізудің ең соңғы мерзімі деген сөз).

Бұл – өткен семестрде «Audio Storytelling» деген курсымда оқыған Айгерім Табылдиева деген студентімнің үй тапсырмасы. Видеода өткен аптада «Қазақстан Дауысы» жобасына қатысқан Айдана Риза деген әншінің ойы баяндалады. Студентімнің тапсырмасы (орыс бөлімінде оқығандықтан орыс тілінде жасалды) «сюрприз» элементімен есімде қалдырды. Себебі слайдкастың бас кезінде кейіпкерінің нақты кім екені айтылмайды. Алпысқа жуық үй тапсырмасын қарап отырғанда «Соңы не болды екен?» дегізетін осындай жұмыстар ұнайды.

Басты мақсат – «құрғақ ақпарат» жеткізу емес, мультимедиада оқиғаны әлдебіреуге әңгіме айтып отырғандай (stroytelling) немесе кейіпкердің өзі әңгімесін тыңдап отырғандай әсер қалдыру болатын. Әрі көрерменге ұнау үшін ішіне сюрприз элементін қосу керек. Оқуды жалғастыру

ВИДЕО: Пойызда ән салған ата-әжелер

Ұшаққа мінген адам пойызбен жүргісі келмейтін сияқты. Студент кезде Жезқазғаннан Алматыға пойызбен екі күнде келетінбіз. Кейін мұхит асу үшін ұшақпен бар болғаны 20 сағаттай уақыт керек екенін білдім. Сол кезде «Жезқазғанымнан гөрі Америкаға жетуім жылдам екен» деп ойлайтынмын.

Өткен жылдың соңында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде (Қызылорда, Түркістан қалалары және Сайрам ауданында), солтүстікте Қостанайда, сосын батыста Атырауда, одан кейін шығыста Семейде тренингтер өткізуге шақырды. Оқуды жалғастыру

«Жасыл» жаңа медиа

Әлемдік ақпаратта белгілі бір тақырыптардың трендтке шығатыны бар. Сол туралы сосын адамдар көп айтып, соның есебінен үлкен ифроқұрылымдар жасалады. Мәселен, алдағы 5-10 жылдың көлемінде жасыл экономика деген тақырып сәнге айналатын түрі бар. Expo-2017-ні осы тақырыпқа арнауы бекер болмас.

Инеттен осыған қатысты бірнеше жобаларды кездестірдім.

1. «Home» проектісі (2009 жыл). Әлемнің бірнеше елдерінен аэрофотосурет жасаған француз зерттеушісі Жан Артрюс-Бертранның деректі фильміне әлемнің 36 елі көрсетуге тиым салыпты. Бірақ бұл фильмді интернеттен көре аласыз. Әдемі кадрларды көрсете отырып, автор экологиялық жағдайға қатысты тың деректермен бөліседі. Екі сериялы фильмде Қазақстан үш рет аталады.

http://www.youtube.com/watch?v=IjTFFI4xTQE Оқуды жалғастыру

СЛАЙДКАСТ: Контрактник

Мультимедиалы өнім әзірлеудің түрлерімен әлі де эксперимент жасап жүрмін. Слайдкаст жасау бұрын оңай еді. Ол кезде дайын прога болған. Кейін ол ақылы болып кетті де, қолданбай кеттім. Бүгін ақтарып көрсем slideshare-мен де жасауға болады екен. Мүмкін алдағы күндері жасап көрермін.

Әуен: Досымжан Таңатаровтың «Аламан» тобымен бірлесіп шырқаған «Ұландар шеруі» деген әнінен

Слайдкасты Audacity және Picasa3 бағдарламаларымен әзірледім. Мультимедиалық өнім әзірлеуде негізінен (1) заңды, (2) тегін немесе арзан бағдарламамен жасауды негізгі қағида етіп ұстанамын. Себебі журналистер мұндай бағдарламалар үшін көп ақша шығындамауы тиіс деп санаймын.

Сонымен шыққан дүние осы. Пікірлеріңізд біле отырсам, жақсы болар еді.

ВИДЕО: өңдеуге арналған тегін 3 бағдарлама

«Нұр Медиада» істейтін танысым «Жалдамалы әскер» туралы инетке материал әзірлей аласың ба деген соң келісіп едім.

Видео жасамаққа бекіндім. Қайдағыыыы. Жалдамады әскер түгілі, әскерде жүрген танысым жоқ. Әйтеуір әскерде болған танысым есіме түсіп, демалыс күндері жұмысына іздеп бардым.

Бір есептен көптен бері камкодырды қолға алмап едім. Сонымен бұл видео Kodak камкодырымен түсірілді. Өкініштісі бұл камкодерде видео түсіріп жатқанда дауысын бірден ести алмайды екенсің. Оқуды жалғастыру

Ларами қарттар үйіндегі өнерлі «студент»

Сәрсенбі күні әдеттегідей қарттар үйіне бардым. Social Media деген курсыма қызығушылар көбейіп келеді. Бүгін 65 жастағы Денни деген студентіммен таныстым. Келесі аптадағы тағы екі студент қосылмақ. Үзілісте асханаға шай ішуге барсам мына кісі отыр. Үнемі көремін. Түтік арқылы демалатын болғандықтан, көп сөзге тартып, аты-жөнін сұрамаппын. Сөйтсем, бүгін гитарасын алып келген екен. «Гитарада ойнайсыз ба?» деп едім, сәл ғана жымиып, білгенінше ойнап берді.

Айтпақшы, «Америка қарттарына компьютер үйретіп жүрмін» деген мақалам Қазақстандағы «Зейнеткер» деген газетте жарияланыпты. Өткенде газет қызметкері көшіріп басу үшін рұқсат сұрап, хабарласқаны бар еді. Ақпаратты көпшілікке жеткізуге септескеніне көп рахмет!