23-29 қарашадағы жағдай, 2014

Google Trends 2014: Altel, Beeline, Kcell және Tele2 туралы

Осындай «ойыншықтарға» не үшін қызығатынымды өзім де кейде түсінбеймін. Білмеймін. Мектепте алгебра мұғалімім Баян Аюповна: «Еркімбаев, есепті шешудің оңай жолы тұрғанда сен үнемі күрделі жолды іздейсің» деп ескертуші еді. Маған сол күрделі есепті шешудің қызықты сәті, тәтті дәмі ұнайтын.

Google Trends те солай. Былай қарасаң түк емес. Ал да өзіңе қызық көрінген сөздерді жазып, қайсысы трендте екенін қарап шық. Бірақ маған мәліметтердің ар жағындағы оқиға қызық. Сандардың артындағы дүниені санаңда қайтадан құрастырып, талдаған ұнайды.

Биылғы жылы мультимедиа бойынша өңірлерде бірнеше тренинг өткіздім. Google Trends-ті де таныстырған едім. Жыл соңында осы құралға мысал болсын деп бір кейсті алып қояйын деп шештім. Оқуды жалғастыру

Ақылды тұтынушы мен «тентек» оператор

Қазақстанда бизнес жасап жүрген шетелдік мамандармен сұхбат құруды бұрыннан ойластырып жүргенмін. Достарыммен шағын бизнес бастап жатқан соң шетелдіктер тәжірибесі қызық. Әсіресе, үлкен компаниялардың ұзақ мерзімдік жоспарлары, бәсекелестермен қарым-қатынасы, маркейтинг тәсілдері т.с.с.

Tele 2 басшысымен кездесудің сәті түскен соң, Tele2 Қазақстан компаниясының басқарма төрағасы Пиетари Кивиккодан «Сіздер туралы басқа мобилді операторлар не ойлайды?» деп сұрадым. Себебі Tele2-нің маркетингтік қылықтары «тентек баланы» еске түсіреді. Оқуды жалғастыру

Tele 2 кеңсесінен көрнекі сурет

Телефон нөмірің кімнің атында?

Tele 2 кеңсесінен көрнекі сурет

Tele 2 кеңсесінен көрнекі сурет

Айттым ба, айтпадым ба, біз офис ашқанбыз. Негізі шет тілдерін үйретеміз. Жаңа медиа, мультимедиа бойынша тренингтер өткіземіз. Общымм, ТОО-мыз. Содан өткенде офисімізге бір клиент келіп, директорымыздың соткасын жымқырып кеткен. Содан бері офистің телефоны туралы жиі ойланамын.

Клиенттермен негізінен телефон арқылы байланысамыз. Олар да бізді жарнамадан көрсе, нөмірге звондайды. Көшедегі сыртқы жарнамада, постерлерде бәрінде компаниямыздың нөмірі жазулы тұр.
Оқуды жалғастыру

Телефонымнан блогыма суреттерді қалай жариялаймын?

Кей кезде блогымда суреттерді бірден телефон арқылы жіберетін кездерім бар. Төмендегі суретті телефоннан жіберген едім. Дәл сол сәтте тренингке қатысушыларға да осы жайтты түсіндіріп тұрғанмын. Сонымен телефоныңыздан wordpress.com-дағы блогыңызға сурет жіберу үшін төмендегідей үш бөлімнен тұратын қарапайым қадамдарды орындау керек. Өзім NOKIA6700 телефоны мен Active байланысын қолданатындықтан кеңестерді өз тәжірибем бойынша жазып отырмын.

Блогтың e-mail адресін алу

1. WordPress.com блогыңыздың Құрал-сайман тақтасындағы My Blogs бөлімін ашасыз.
Оқуды жалғастыру

Neo:Бетпе бет айтатын ештеңе қалмады ма?

Бұған дейін Beeline-ның Шымкенттіктерге арнап шығарған ролигі болған, Neo-ның мынау жарнамасы ақтөбеліктерге арналыпты. Әрбір оператор белгілі бір өңірде басымдыққа ие болуға күресіп жатқан сыңайлы.

Төмендегі жарнама ақтөбеліктерге арналған. Tele2 өзінің болмысынан ауытқымағанға ұқсайды. Өзгеше. Қазақшасы 30-секундтан соң басталады.

Neo-ны Tele2 сатып алғалы нендей өзгеріс болар екен деп күтіп жүр едім. Себебі Tele2 компаниясы әлемге өзінің агрессивті стратегиясымен танымал. Digital Communication Event-те Tele2-нің өкілі: «Қазақстандағы монополияның күлін көкке ұшырамыз» деген сипаттағы сөзін естіп, бір адам болса монополияның бар екенін байқапты-ау деп қуанғанмын.