Ciao-Cacao кафесіне не үшін барамын?

Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Студентім кафе ашты. Төртінші курста оқиды. Екі семестр сабақ бердім. «Мультимедиа», «Дата журналистика» оқытқан студентім Абылай хан мен Мақатаевтың қиылысында кофехана ұстап отыр. Оқуды жалғастыру

Advertisements

WordPress жабық, ал біз блог аштық

Өткен аптада WordPress-те қазақша бірнеше блог тіркелді

Өткен аптада WordPress-те қазақша бірнеше блог тіркелді

Күлетін шығарсың. Бірақ, рас, әлі күнге студенттерге wordpress-те блог бастауды үйретіп жүрмін. «WordPress-те блог жүргізсең онлайн проектіңді бастайсың» деген сөзім ұнайды ғой деймін.

WordPress қызығушылықты кәсіпке айналдыруды үйретті. Блогшылардың көбі осыдан 6-7 жыл бұрын алғашқы жазбаларында ішкі толғаныстарын жазатын. Сол арқылы: Оқуды жалғастыру

«Қазақия» жазбаларын қалай бағалаймын?

10155736_10153948674035161_496020116_n
Үш күн сайын қазылар құрамындағылар өз пікірімізді жазып отырамыз дегенбіз. Бұған дейін Блогиада жазбаларын бағалағандықтан ендігісі оңай болар дегенмін. Бірақ негізінен әлеуметтік желі оқырмандарына бағытталғандықтан қиындығы болатынын да білдім.

Қазақия – 2015 жобасының басты мақсаты – интернеттегі қазақша түсінетін аудиторияға белсенді интернетшінің көзімен біз көрмей жүрген «жаңа» Қазақстанды таныту. Общым мен солай ұқтым. Әрі жазбаларға сол призма тұрғысынан қарауға тырысамын. Бұл жердегі «жаңа» сөзі, жаңа медиадағы «жаңа» сөзі сияқты. Жаңа деген жаңалықты емес, жан-жақты жаңа дегенді білдіреді 🙂

Сенбі күні кейбір қатысушылармен Алматыда кездестім. «Негізі жақсы жазбаның құрамы қандай?» деген тәріздес сұрақ қойылды. Жобамен былай жауап бердім:

Біріншіден, қателесіңдер. («Грамматикалық қате ме?» деп сұрады сонда біреуі). Қателесіңдер дегенім, батыл болыңдар, айналаға басқаша қараудан қорықпаңдар дегенім еді. Себебі ерекшелік күтеміз.

Екіншіден, функционалдық. Жазбаңыз біреудің кәдесіне жарауы тиіс. Жақсы мағынадағы пайдалы коэфициенті болсын. Титтей болса да. Бұл тікелей бірнәрсені жасап көруге итермелеу, бірдеңе жасау, білмеген жаңа бір ақпаратты біліп қалу. Мысалы, Эльвираның дүкендегі бағаларды салыстыруы, Ақботаның блог ашуға үйретуі т.с.с.

Үшіншіден, қарапайым. Түсінуге жеңіл, қызық, оңай болсын. Құрғақ ақпарат, яки түсініксіз каламбур емес. Ойнақы, түсінікті, әңгімеге шақыратын тіл болғаны дұрыс. Себебі негізінен жазбалар әлеуметтік желі оқырмандарына бағытталып отыр. Әлеуметтік желідегілердің дені – қыңыр адамдар. Қағытып қалғанды, сөз қыстырғанды жақсы көреді. Жылт етіп қарағанда түсіне қалуымыз керек 🙂

Төртіншіден, әдемілік. Әдемі сурет, әдемі кадр, әдемі дауыс, әдемі жазу, әдемі ой, әдемі мінез, әдемі безендіру. Әрбір әріптегі ұқыптылық.

Бесіншіден, батырлық. Мінез көрсетіңдер. Көп ішінен іріктелген санаулы ғана қатысушы болғандықтан, әрі өзгелерге берілмеген мүмкіндікті пайдаланып отырғандықтан әрбір жазбаға мінезбен кіріскен дұрыс. Мінез дегенім дөрекілік емес екенін түсініп отырған боларсыңдар 🙂

Үш күннің жазбаларын бағаладым. Өте қатты ұнағандары бар. Қатысушыларға күн сайын бір межеден екіншісіне бару әрі пойызбан жүру оңай емес. Тіпті техникалық ақаулардың кесірінен кейбір жазбалар дұрыс ашылмай қалып жатқан кездер де бар. Саяхаттап жүріп жазба жарыстыру – алғашқы жоба.

Қатысушылардың жазбаларындағы визуалды ойланулары ұнайды. Бірақ әлі де пісіру керек. Кейде әдемі ойларына дұрыс форма таппай қалады. Сурет, яки видео, инфографика керек емес жерде қолданылып кетеді. Сосын таза журналистика жағына ойысып кететін тұстар бар.

Төменде жазбаларды оқығанан кейін туған ойларымды жинақтап беріп отырмын. Бұл ойларды көбіне өзім үшін жазып қоятындықтан кейбір тұстары түсініксіздеу болуы мүмкін. Оқуды жалғастыру

Активиа зауытынан түртіп алған 10 ой

20150126_113439

«Айранды – кефир, ал йогуртты – ұйыған құрт» деп білетінмін. Активианы қалай жасап шығаратынын көрген соң, Алматыдан шығатын сүт өнімдерінің іші мен сырты әртүрлі болатынына көз жетті.

Өткен айда Алматы көшелерінде Danon компаниясының «Активиа классикалық» деген жарнамасын көрген боларсыз. Өзім анда-санда жолға шыққанда алатыным болмаса, қымбатсынып алмайтынмын. Оның үстіне Made in Kazakhstan дегендерге басымдық беретіндерденмін. Оқуды жалғастыру

«Шын жүректен» таңқалдыру

Алматының қым-қуыт тірлігі ешқашан соңына жеткізбейді. Кейде күннің бұлыңғыр болуы, кондуктордың әлдебір әдепсіз қылығы, дүкендегі азық-түліктің қымбаттауы т.с.с. майда-шүйделер көңіл-күйіңді құртатын кездер болады.

Қоғамды кінәлайсың, өзіңнен кінә іздейсің, әйтеуір «күйзеліс» деген жабысқақты жұқтырып аласың.

Сосын Жұма күні шүкір етесің. Іштей бір жақсылық жасауға ниеттенесің. Біреудің көңілін көтергің келеді. Шын жүректен. Бірақ оған да кейде бір нәрсе түрткі болуы керек болып жатады. Оны біреулер мотивация деп таниды. Мәселен, бір адам садақа салып жатыр, сен де садақа бересің. Өзің бірінші болып бастауға, бір нәрсе кедергі болып тұрады. «Біреу бастасын, сосын мен жалғастырамын» дейсің.

Кейбір ғалымдар мотивация болуы үшін «эмоция» керек деген пікірде. Құлазыған көңілді тек эмоция бұзып-жарады дейді.

Сондай бір жақсылықтың жаршысы болып жүргендер бар. «Шын жүректен» деген бағдарламаны көрген боларсыз. Өзің де біреуге «сюрприз» жасағың келіп кетеді.

«Шын жүректен» деген бағдарламаны бір үйге қонаққа барғанда байқап қалдым. Шетелдік бір леп сезіледі. Қойылымнан, кейіпкерлердің сөйлеуінен, оператордың жұмысынан. Басында жасандылық па деп ойладым. Себебі үйреніп қалған бір сарынды кадрлар емес, мұңлы адамдарды емес, қуанып жүрген, армандап жүргендерді көресің. Оқуды жалғастыру

ВИДЕО: Пойызда ән салған ата-әжелер

Ұшаққа мінген адам пойызбен жүргісі келмейтін сияқты. Студент кезде Жезқазғаннан Алматыға пойызбен екі күнде келетінбіз. Кейін мұхит асу үшін ұшақпен бар болғаны 20 сағаттай уақыт керек екенін білдім. Сол кезде «Жезқазғанымнан гөрі Америкаға жетуім жылдам екен» деп ойлайтынмын.

Өткен жылдың соңында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде (Қызылорда, Түркістан қалалары және Сайрам ауданында), солтүстікте Қостанайда, сосын батыста Атырауда, одан кейін шығыста Семейде тренингтер өткізуге шақырды. Оқуды жалғастыру

Мультимедиа репортажы тренингінен

Оксана Силантьева «Мультимединың репортаж» тренингінен (Алматы. Медиа құрылтай 2013)

Төмендегі ойлар көпшілікке түсініксіз болуы мүмкін. Қосымша сұрақтар болса, пікір ретінде қалдырарсыз.

Жаңа технлогияның пайда болуынан журналистика өзгермейді Оқуды жалғастыру