Photo by William Iven on Unsplash

Facebook-тегі жазбаларды реттеуден, өзгертуден қорықпау керек

Photo by William Iven on Unsplash

Photo by William Iven on Unsplash

Facebook-те үнемі оқып жүрген адамдардың жазбасын бір аптаға сөндіріп қою – қылмыс емес. Олардың жазбалары өзге маңызды жазбаларды көрсетпей, сіздің бір жақты ақпарат алуыңызға түрткі болуда.

Төменде News Literacy жазғы мектебінің алғашқы күнгі сабағында түртіп алған ойларымды жазып отырмын. Өзім үшін. Бірақ сізге де пайдалы болып жатса, оқысаңыз болады. Оқуды жалғастыру

TED Translator боламын десеңіз…

This slideshow requires JavaScript.

TED видеоларын қалай субтитрлеп жүрміз? Бұл жазбада осы сұраққа жауап беруге тырысамын. TED Translator болып тіркелу үшін төмендегі нұсқаулықты мұқият оқуға кеңес беремін. Оқуды жалғастыру

«Дыбыс коммуникациясынан» 11 ой

13537669_10201853266529401_4324300493326333673_n

Көзбен көретін дүние көбейген сайын айналамыздағы дыбыстарға аз құлақ түреміз. Шындығында есту қабілетіміз төмендеп бара жатыр. Ғалымдардың айтары осы. Алдағы он немесе жиырма жылда Қазақстанда құлақ ауруларын емдейтін орталықтар саны көбейіп кетсе, таң қалмаспын. Біз бір-бірімізді тыңдаудан қалып барамыз.
«Есту – табиғи қасиет, ал тыңдау – үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететін қабілет» дегенді түсініп алайық деді,  TED Summit-те «Дыбыс коммуникациясы» тренингін жүргізген Джулиан Трежер.

Тыңдау дегеніміз – дыбыстардан мағына шығару.

Тренингтегі айтылған ойларды жоғалтып алмас үшін есте қалғандарын тізіп отырмын.

  1. Әрқайсымыздың ең алғашқы еститін дыбысымыз жүректің қағысы. Тіпті санамыз әлі қалыптаспаса да ана жатырындағы бір кесек еттің ең бірінші қабылдайтын дыбысы – жүректің дүрсілі.
  2. Құстың сайрағанын естісек, іштей қауіпсіздікті сезінеміз. Себебі қатты дауыл, табиғи апат басталар алдында құстың сайрағанын естімейміз.
  3. Тыңдау дегеніміз – дыбыстардан мағына шығару.
  4. Әр адамның тыңдауы екінші адамдікіне ұқсамайды. Әр адамның саусақ бедері әртүрлі болғаны тәрізді, тыңдауы да әртүрлі. Себебі адам тыңдағанын бірнеше сүзгіден өткізеді. Бұл сүзгілер (мәдени, тілдік, тарихи т.с.с.) әр адамда білімі мен қоршаған ортасына, жасы мен жынысына орай әртүрлі қалыптасады.
  5. Шизофония – көру мен тыңдаудың арасындағы айырмашылық.
  6. Бейсаналы түрде «әдемі киінген адам өмірде аз қателеседі» деп ойлаймыз.
  7. Ер адамдарда редуктивті тыңдау, ал әйелдерде көбіне экпансивті тыңдау дамыған.
  8. Сыни тыңдау мен эмпатик тыңдау арасында үлкен айырмашылық бар.
  9. Сыни тыңдау – сенің басыңдағы кішкентай дыбыстар.
  10. RASA (Receive, Appreciate, Summarise, Ask)
  11. Көпшілік алдында сөйлеушіге арналған кеңес: HONESTY (айтар ойыңда нақты әрі дәл айт), Authenticity (шынайы сөйле, жасанды мінез танытпа), INTEGRITY (сөзің мен ойың, ісің бірдей болсын), LOVE (тыңдармандарыңды жақсы көр)

Тыңдауды дамыту үшін күніне кем дегенде үш минут тыныштықты тыңдау керек. Әртүрлі дыбыстарды ажыратып тыңдап көру керек. Ішкі дауысты ажырату керек.

Қазақ тілінде «есту» мен «тыңдау» сөздерінің әртүрлі мағына беретінін, кей ретте бірінің орнына бірін қолдана алмайтынымызды жақсы түсінетін боларсыз. Әлдекім сіздің ойыңызды ұғып отырғанын тексеру үшін «Сен мені тыңдап отырсың ба?» деп сұраймыз. Ал телефон арқылы әңгімелескенде: «Естіліп тұр ма? «дейміз.

«Тың тыңдау» деген де сөз бар. Бұдан «тыңшы» деген сөз шығады. Менің түсінігімде тыңшылар естіген дыбыстарынан мағына ажыратады. Ал есту дегеніміз жалпы табиғаттан берілген қабілет. «Есту» сөзінің түбірі «ес» дегеннен шығатыны да қызық, ә?

Жеке өз басым тренингтен соң тыңдау қабілетімді үнемі шыңдау қажеттілігімді ұқтым. Себебі мектептен бастап біздерді көбінесе көруге, сөйлеуге баулиды екен де, дұрыс тыңдауды ешкім үйретпейді екен.

 

 

 

Қызылорда кітапханашыларына арналған тренингтен

DSC_0366-1024x682

Егер сіз Қызылорда облысының тумасы болсаңыз, өз ауданыңыздың, ауылыңыздың парақшасына жазылып қойсаңыз болады.

Кеше кітапханашылар күні болды. Кітапханашыларға тренинг өткізіп жатқанда бірақ білдім. БҰҰ-ның Дамыту бағдарламасының Қызылорда өңірінде бірнеше жылға жобаланған жоспары бар екен. Сол жобаның бірі – Қызылорданың ауылдық, аудандық жерлерінде Онлайн орталықтар ашу. Бұл орталықтар қазір Қызылордадағы кітапханалар негізінде құрылып жатыр.

Қызылордада 300-ге жуық кітапхана бар. Оның жартысына жуығы ауылдық жерлерде. Қызылорданың аудандары мен ауылдарында Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының көмегімен Онлайн орталықтар ашылып жатыр.

Оқуды жалғастыру

Журналистерге арналған ағылшын тілі курсы

 

Былтыр жазда осындай атпен арнайы курс бастағанбыз. Profi Asia атты орталықты құрудағы мақсатымыздың да бірі қазақ журналистерін орыс тіліндегі ақпараттық шырмауда қалдырмай, шетелдік дереккөздерді қолданудың жолдарын көрсету еді.

English For Journalist  курсымызға сол кезде guest speaker ретінде Американың Алматыдағы қызметкелерін де шақырғаным бар. Біздің жобаның мақсатын түсініп, қолдау білдіруге дайын еді. Бірақ мұндай қолдаулар өзіміздің тараптан болмай жататыны қынжылтып еді. Оқуды жалғастыру

«Қазақия» жазбаларын қалай бағалаймын?

10155736_10153948674035161_496020116_n
Үш күн сайын қазылар құрамындағылар өз пікірімізді жазып отырамыз дегенбіз. Бұған дейін Блогиада жазбаларын бағалағандықтан ендігісі оңай болар дегенмін. Бірақ негізінен әлеуметтік желі оқырмандарына бағытталғандықтан қиындығы болатынын да білдім.

Қазақия – 2015 жобасының басты мақсаты – интернеттегі қазақша түсінетін аудиторияға белсенді интернетшінің көзімен біз көрмей жүрген «жаңа» Қазақстанды таныту. Общым мен солай ұқтым. Әрі жазбаларға сол призма тұрғысынан қарауға тырысамын. Бұл жердегі «жаңа» сөзі, жаңа медиадағы «жаңа» сөзі сияқты. Жаңа деген жаңалықты емес, жан-жақты жаңа дегенді білдіреді 🙂

Сенбі күні кейбір қатысушылармен Алматыда кездестім. «Негізі жақсы жазбаның құрамы қандай?» деген тәріздес сұрақ қойылды. Жобамен былай жауап бердім:

Біріншіден, қателесіңдер. («Грамматикалық қате ме?» деп сұрады сонда біреуі). Қателесіңдер дегенім, батыл болыңдар, айналаға басқаша қараудан қорықпаңдар дегенім еді. Себебі ерекшелік күтеміз.

Екіншіден, функционалдық. Жазбаңыз біреудің кәдесіне жарауы тиіс. Жақсы мағынадағы пайдалы коэфициенті болсын. Титтей болса да. Бұл тікелей бірнәрсені жасап көруге итермелеу, бірдеңе жасау, білмеген жаңа бір ақпаратты біліп қалу. Мысалы, Эльвираның дүкендегі бағаларды салыстыруы, Ақботаның блог ашуға үйретуі т.с.с.

Үшіншіден, қарапайым. Түсінуге жеңіл, қызық, оңай болсын. Құрғақ ақпарат, яки түсініксіз каламбур емес. Ойнақы, түсінікті, әңгімеге шақыратын тіл болғаны дұрыс. Себебі негізінен жазбалар әлеуметтік желі оқырмандарына бағытталып отыр. Әлеуметтік желідегілердің дені – қыңыр адамдар. Қағытып қалғанды, сөз қыстырғанды жақсы көреді. Жылт етіп қарағанда түсіне қалуымыз керек 🙂

Төртіншіден, әдемілік. Әдемі сурет, әдемі кадр, әдемі дауыс, әдемі жазу, әдемі ой, әдемі мінез, әдемі безендіру. Әрбір әріптегі ұқыптылық.

Бесіншіден, батырлық. Мінез көрсетіңдер. Көп ішінен іріктелген санаулы ғана қатысушы болғандықтан, әрі өзгелерге берілмеген мүмкіндікті пайдаланып отырғандықтан әрбір жазбаға мінезбен кіріскен дұрыс. Мінез дегенім дөрекілік емес екенін түсініп отырған боларсыңдар 🙂

Үш күннің жазбаларын бағаладым. Өте қатты ұнағандары бар. Қатысушыларға күн сайын бір межеден екіншісіне бару әрі пойызбан жүру оңай емес. Тіпті техникалық ақаулардың кесірінен кейбір жазбалар дұрыс ашылмай қалып жатқан кездер де бар. Саяхаттап жүріп жазба жарыстыру – алғашқы жоба.

Қатысушылардың жазбаларындағы визуалды ойланулары ұнайды. Бірақ әлі де пісіру керек. Кейде әдемі ойларына дұрыс форма таппай қалады. Сурет, яки видео, инфографика керек емес жерде қолданылып кетеді. Сосын таза журналистика жағына ойысып кететін тұстар бар.

Төменде жазбаларды оқығанан кейін туған ойларымды жинақтап беріп отырмын. Бұл ойларды көбіне өзім үшін жазып қоятындықтан кейбір тұстары түсініксіздеу болуы мүмкін. Оқуды жалғастыру

Балаларға сурет салуға арналған аппликейшн

Ғайнидің электронды картинасы

Ғайнидің электронды картинасы

Өткен аптада «Ұландағы» Ботагөз Икрамова хабарласты. «Ағай, балалардың гаджеттердің қолдануына қатысты сауалнама жинап жатыр ек» деді. Ботагөзді студент кезден білемін ғой. Сондықтан пікірімді бұрмаламай жариялайтынына сенімді болған соң, ойымды жазған едім.

«Технологияға тәуелдісің бе?» деген атпен жарияланған мақалада бірнеше танымал адамдардың пікірі беріліпті. Барлығы дерлік «гаджеттерді балаға беру керек, тек нормасын білу керек» деген ойдың айналасында пікір айтқан.

Мен де солардың арасында Ғайнимен бірге Kindle-мен сурет саламыз деп айтып қалып едім. Мынау сол Ғайнидің Kindle-да салған суреттерінің біреуі ғой. Бәлкім басқа ата-аналарға да пайдалы болар деп біздің Kindle-дағы апликейшн туралы айтпақпын.

Апликейшннің аты Kids Doodle деп аталады. Егер сіз менің блогымды Android құрылғымен оқып отырсаңыз, тікелей сілтемені басып, орнатып алсаңыз болады. Тегін.

Ұнағаны бала сурет салады. Қағаз қарындашты кішкене ұмыта тұрады. Қабырғаңызда «Шимай 1», «Шимай 2» деп аталатын балаңыздың жаңа туындылары пайда болмайды (Біз тәрізді пәтер жалдайтын болсаңыз, бұның өте маңызды екенін түсінген боларсыз) 🙂 Дудлда түстерді таңдап, сурет сала алады немесе дайын тұрған бір суретті бояуға болады. Сосын сурет салып отырғанда әлгі сызықтар жарқ-жұрқ етіп жанады. Қағазға сурет салғаннан айырмашылығы осында. Баланың матарикасына да пайдалы болар деймін. Себебі саусағының ұшымен сурет салады.

Бұдан басқа да интернетте балаларға арналған қонданбалар көп екен. Мына жерде Best Apps for Kids деген арнайы сайт та бар. Бәлім, өзіңізге ұнағанын табарсыз. Немесе өзіңіз қолданып жүрген жақсы бір apps-ті білсеңіз бізге де айта отырыңыз. 🙂