by Ales Krivec

Ағаштар неге үнсіз?

Алматы ЖЭС

Алматы ЖЭС

Дәл қазір емес. Кешке. Дала қарайғанда. Сыртқа шықсаңыз ауадан күйген иіс сезесіз. Сезесіз де жүре бересіз. Резеңке жағып жатқан сияқты. Дәл сөйтіп ойлап тұрғанда көзге көрінбейтін улы тікендер қанға араласып жатқанын сезбейміз. Сеземіз-ау.
Сеземіз. Ауырған кезде. Бірнеше жылдан кейін. «Гайморитім асқынып кетті». «Кішкентайым жөтеліп, қызуы көтеріліп жатыр». «Әдетте ауырмайтын едім, қайдан пайда болғанын, жөтел пайда болды».
Advertisements
Photo by William Iven on Unsplash

Facebook-тегі жазбаларды реттеуден, өзгертуден қорықпау керек

Photo by William Iven on Unsplash

Photo by William Iven on Unsplash

Facebook-те үнемі оқып жүрген адамдардың жазбасын бір аптаға сөндіріп қою – қылмыс емес. Олардың жазбалары өзге маңызды жазбаларды көрсетпей, сіздің бір жақты ақпарат алуыңызға түрткі болуда.

Төменде News Literacy жазғы мектебінің алғашқы күнгі сабағында түртіп алған ойларымды жазып отырмын. Өзім үшін. Бірақ сізге де пайдалы болып жатса, оқысаңыз болады. Оқуды жалғастыру

TED Translator боламын десеңіз…

This slideshow requires JavaScript.

TED видеоларын қалай субтитрлеп жүрміз? Бұл жазбада осы сұраққа жауап беруге тырысамын. TED Translator болып тіркелу үшін төмендегі нұсқаулықты мұқият оқуға кеңес беремін. Оқуды жалғастыру

«Дыбыс коммуникациясынан» 11 ой

13537669_10201853266529401_4324300493326333673_n

Көзбен көретін дүние көбейген сайын айналамыздағы дыбыстарға аз құлақ түреміз. Шындығында есту қабілетіміз төмендеп бара жатыр. Ғалымдардың айтары осы. Алдағы он немесе жиырма жылда Қазақстанда құлақ ауруларын емдейтін орталықтар саны көбейіп кетсе, таң қалмаспын. Біз бір-бірімізді тыңдаудан қалып барамыз.
«Есту – табиғи қасиет, ал тыңдау – үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететін қабілет» дегенді түсініп алайық деді,  TED Summit-те «Дыбыс коммуникациясы» тренингін жүргізген Джулиан Трежер.

Тыңдау дегеніміз – дыбыстардан мағына шығару.

Тренингтегі айтылған ойларды жоғалтып алмас үшін есте қалғандарын тізіп отырмын.

  1. Әрқайсымыздың ең алғашқы еститін дыбысымыз жүректің қағысы. Тіпті санамыз әлі қалыптаспаса да ана жатырындағы бір кесек еттің ең бірінші қабылдайтын дыбысы – жүректің дүрсілі.
  2. Құстың сайрағанын естісек, іштей қауіпсіздікті сезінеміз. Себебі қатты дауыл, табиғи апат басталар алдында құстың сайрағанын естімейміз.
  3. Тыңдау дегеніміз – дыбыстардан мағына шығару.
  4. Әр адамның тыңдауы екінші адамдікіне ұқсамайды. Әр адамның саусақ бедері әртүрлі болғаны тәрізді, тыңдауы да әртүрлі. Себебі адам тыңдағанын бірнеше сүзгіден өткізеді. Бұл сүзгілер (мәдени, тілдік, тарихи т.с.с.) әр адамда білімі мен қоршаған ортасына, жасы мен жынысына орай әртүрлі қалыптасады.
  5. Шизофония – көру мен тыңдаудың арасындағы айырмашылық.
  6. Бейсаналы түрде «әдемі киінген адам өмірде аз қателеседі» деп ойлаймыз.
  7. Ер адамдарда редуктивті тыңдау, ал әйелдерде көбіне экпансивті тыңдау дамыған.
  8. Сыни тыңдау мен эмпатик тыңдау арасында үлкен айырмашылық бар.
  9. Сыни тыңдау – сенің басыңдағы кішкентай дыбыстар.
  10. RASA (Receive, Appreciate, Summarise, Ask)
  11. Көпшілік алдында сөйлеушіге арналған кеңес: HONESTY (айтар ойыңда нақты әрі дәл айт), Authenticity (шынайы сөйле, жасанды мінез танытпа), INTEGRITY (сөзің мен ойың, ісің бірдей болсын), LOVE (тыңдармандарыңды жақсы көр)

Тыңдауды дамыту үшін күніне кем дегенде үш минут тыныштықты тыңдау керек. Әртүрлі дыбыстарды ажыратып тыңдап көру керек. Ішкі дауысты ажырату керек.

Қазақ тілінде «есту» мен «тыңдау» сөздерінің әртүрлі мағына беретінін, кей ретте бірінің орнына бірін қолдана алмайтынымызды жақсы түсінетін боларсыз. Әлдекім сіздің ойыңызды ұғып отырғанын тексеру үшін «Сен мені тыңдап отырсың ба?» деп сұраймыз. Ал телефон арқылы әңгімелескенде: «Естіліп тұр ма? «дейміз.

«Тың тыңдау» деген де сөз бар. Бұдан «тыңшы» деген сөз шығады. Менің түсінігімде тыңшылар естіген дыбыстарынан мағына ажыратады. Ал есту дегеніміз жалпы табиғаттан берілген қабілет. «Есту» сөзінің түбірі «ес» дегеннен шығатыны да қызық, ә?

Жеке өз басым тренингтен соң тыңдау қабілетімді үнемі шыңдау қажеттілігімді ұқтым. Себебі мектептен бастап біздерді көбінесе көруге, сөйлеуге баулиды екен де, дұрыс тыңдауды ешкім үйретпейді екен.

 

 

 

WordPress жабық, ал біз блог аштық

Өткен аптада WordPress-те қазақша бірнеше блог тіркелді

Өткен аптада WordPress-те қазақша бірнеше блог тіркелді

Күлетін шығарсың. Бірақ, рас, әлі күнге студенттерге wordpress-те блог бастауды үйретіп жүрмін. «WordPress-те блог жүргізсең онлайн проектіңді бастайсың» деген сөзім ұнайды ғой деймін.

WordPress қызығушылықты кәсіпке айналдыруды үйретті. Блогшылардың көбі осыдан 6-7 жыл бұрын алғашқы жазбаларында ішкі толғаныстарын жазатын. Сол арқылы: Оқуды жалғастыру

Қызылорда кітапханашыларына арналған тренингтен

DSC_0366-1024x682

Егер сіз Қызылорда облысының тумасы болсаңыз, өз ауданыңыздың, ауылыңыздың парақшасына жазылып қойсаңыз болады.

Кеше кітапханашылар күні болды. Кітапханашыларға тренинг өткізіп жатқанда бірақ білдім. БҰҰ-ның Дамыту бағдарламасының Қызылорда өңірінде бірнеше жылға жобаланған жоспары бар екен. Сол жобаның бірі – Қызылорданың ауылдық, аудандық жерлерінде Онлайн орталықтар ашу. Бұл орталықтар қазір Қызылордадағы кітапханалар негізінде құрылып жатыр.

Қызылордада 300-ге жуық кітапхана бар. Оның жартысына жуығы ауылдық жерлерде. Қызылорданың аудандары мен ауылдарында Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының көмегімен Онлайн орталықтар ашылып жатыр.

Оқуды жалғастыру

Журналистерге арналған ағылшын тілі курсы

 

Былтыр жазда осындай атпен арнайы курс бастағанбыз. Profi Asia атты орталықты құрудағы мақсатымыздың да бірі қазақ журналистерін орыс тіліндегі ақпараттық шырмауда қалдырмай, шетелдік дереккөздерді қолданудың жолдарын көрсету еді.

English For Journalist  курсымызға сол кезде guest speaker ретінде Американың Алматыдағы қызметкелерін де шақырғаным бар. Біздің жобаның мақсатын түсініп, қолдау білдіруге дайын еді. Бірақ мұндай қолдаулар өзіміздің тараптан болмай жататыны қынжылтып еді. Оқуды жалғастыру