ФОТОБАЯН: Өмірбек пен Бүркіттің арасында қандай ұқсастық бар?

Advertisements

Блог құрылтай: Бейресми ашылу

Ербол, Саттар, Батыр төртеуміз жаңа осы кафені көріп қайттық. Жұма күнгі кешкі таныстығымызды осы жерден бастайық, инш! Сонымен, Блог құрылтайға қатысушы блогшылар, сіздерді жұма күні сағ. 19.00-де Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы «KERMES» кафесінде күтеміз. Бейресми таныстығымыз осы жерден басталсын!

This slideshow requires JavaScript.

Астаналықтардың э-әкімдігі бар

Астанада өткен Блогшылар кездесуіне баруымның жол қаражатын өтеуге AGT компаниясы көмектесті. Негізі баспасөз мәслихатына шақырған.

Астана қаласының әкімдігі электронды әкімдік жобасын іске қосып, соған қатысты баспасөз мәслихатын өткізеді екен. Маған соған барып, қатысып келуді ұсынды. «Билетті бір күн ертерек алсаңдар барайын» деп едім. Келісе кетті.

Сөйтіп дүйсенбіде астаналық блогшылармен кездесіп, бүгін баспасөз мәслихатына қатыстым. Жаңа пойызда отырып, мына бір видеоны әзірлеп едім.

пысы. Beeline USB модемін ала салғаным жақсы болды. Қарағандыға тоқтағанда youtube-қа демде жарялады.

пысысы: Өркеннен «блатной жазбаларды» жазу бойынша арнайы дәріс аламын ғой деймін 🙂

«Мінбер» тренингтерінен бейнебаян

4-5.10.2010. АҚШ елшілігі мен Жетісу телеарнасымен бірлесе өткізген тренинг. Талдықорған қаласы. Жалпы қатысқандар саны: 15


18.10.2010. IWPR, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігімен бірлесе ұйымдастырған семинар. Алматы қаласы. Жалпы қатысқандар саны: 25

20-21.10.2010. Beeline компаниясымен бірлесе өткізген тренинг. Шымкент қаласы. Жалпы қатысқандар саны: 15

Енді келесі жылғы істерімізді жоспарлау керек. Көп жайт ақшаға келіп тірелетіні жасырын емес. Қазір үкіметтік емес ұйымдарға грант беретін кейбір ұйымдарда қазақтілді мамандардың болуы қазақ тіліндегі іс-шараларға жол ашып отыр. Ендігісі өзімізге байланысты болмақ.

P.S. Көп кешікпей, тренингтерімізде тіркелген жаңа блогтарды таныстырмақпын.

Автобусым көлікті қағып кетті

Өмірімде алғаш рет Алматы автобусында күтпеген оқиғаның куәсі болдым. Негізі бұл ой санамды талай шырмаған. Әсіресе, шопырлар күнделікті пландарын орындау үшін бір-бірімен жарысқан кезде кәлимама мейлінше мән беретінмін. «Бір күні автобусым аударылып қалса, яки біреуді қағып кетсе не болар екенмін» дейтінмін… Оқуды жалғастыру