by Ales Krivec

Ағаштар неге үнсіз?

Алматы ЖЭС

Алматы ЖЭС

Дәл қазір емес. Кешке. Дала қарайғанда. Сыртқа шықсаңыз ауадан күйген иіс сезесіз. Сезесіз де жүре бересіз. Резеңке жағып жатқан сияқты. Дәл сөйтіп ойлап тұрғанда көзге көрінбейтін улы тікендер қанға араласып жатқанын сезбейміз. Сеземіз-ау.
Сеземіз. Ауырған кезде. Бірнеше жылдан кейін. «Гайморитім асқынып кетті». «Кішкентайым жөтеліп, қызуы көтеріліп жатыр». «Әдетте ауырмайтын едім, қайдан пайда болғанын, жөтел пайда болды».
Advertisements

Тагильский, у меня вопрос!

20170514_102022«Тагильский, у меня вопрос!», – деді шоқша сақалды Мұхит ұзын дәліздің бойымен пластик трубасын сүйретіп бара жатып. «Эта труба идет вверх от 405-го?»
 
Даңғыр-дұңғыр еткен трубаның дауысы мен еденде қалған сарғылт дақ төртінші қабаттағы күллі кабинетті шарлап жүр.
 
Бұған дейін бөлмемізде ағылшын тілінің шуә дыбысымен өрілген «British English» естілетін. Кешелі бері «тагильский» деп өңеші созылғанша айғайлаған Мұхиттың дауысы басып кетті.
«Давай срежем» дейді. «Тезірек бітірсе екен,» – деймін. Қазір трубадан бүлк-бүлк етіп су атқылап шығып, Oxford пен Cambridge баспасы шығарған ағылшын тілі кітаптарым лай судың бетінде қалқып жүргенін елестетіп отырмын. Парталарым орнынан жылжым кеткен. Аппақ тақтамның бетінде Мұхиттың әлде Тагильскийдің алақанының ізі тұр. 

Ciao-Cacao кафесіне не үшін барамын?

Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Студентім кафе ашты. Төртінші курста оқиды. Екі семестр сабақ бердім. «Мультимедиа», «Дата журналистика» оқытқан студентім Абылай хан мен Мақатаевтың қиылысында кофехана ұстап отыр. Оқуды жалғастыру

Сары шашты қыз бен мұжық

Сурет CC рұқсаты негізінде Flickr мұрағатынан алынды

Бесіннің кезі болатын. Ғимараттың ішінде бір бөлмеден екіншісіне шапқылап жүргенмін. Ағылшын тілін оқытатын бөлмеміздің алдында бір мұжық тұр. Бәлкім адасып жүрген болар деген ой келді. Қасына барып «Көмек қажет пе? Әлдекімді іздеп жүрмісіз?» дедім. Осы кезде оң жақ қасына пирсинг қыстырған сары шашты қыз келді. Арақтың иісі гүмп ете қалды. «Баламызды ағылшын тілі курсына жаздырайық» деп едік деген соң, ішкі кіруін өтіндім. Оқуды жалғастыру

Кейбіреулер мені елді сағынбады деп ойлайды…

 

Сағынамын ғой!

Алматыдағы Орталық мешіттің үлкен залының сол жағындағы бағанның артына рюгзагымды қойып, намаз оқығанымды. Астанадағы Нұр-Астана мешітінде сәждеге бас қойғанда маңдайыңды қыттықтайтын қызыл қалы кілемді. Ақсай мешітінде ақшамнан кейін имамның айтқан уағыздарын. Нұр-Мүбарак пен Орталық мешіттің жұма күнгі азандарын сағынамын. Оқуды жалғастыру

Киберчайхана: кітаптан ала отырыңыз!

Бүгін Қарағандыда осы кітаптың тұсаукесерін өткізбекпіз. Ертең Астанада боламыз. Кеше Алматыда ұйымдастырып едік. Осы апта соларға Алматы, Қарағанды және Астананы көрсетумен өтетін сияқты.

Өзім үнемі Қарағанды мен Астанаға тек жұмыс бабымен баратын болғандықтан оларды қай жаққа, қай кафеге тамақтандыруға апаратынымды да білмеймін. Қонақ үй тауып берген Әлияға, өткізетін жермен келісіп берген Мейрамхан апайға рахмет!

Қарағандылық және астаналық блогшылар, керекшілер қол ұшын созып жәрдемдессе, АРБ-дан басқа айтарым болмас! Сосын ағылшын тілінен аударатын аудармашы болса да жақсы болар еді. Астанада ағылшыншасы тәуір біраз блогшылар бар еді. Соларға сеніп отырмын 🙂 Әйтеуір сыйға беретін кітаптарымды алып бара жатырмын!

КиберЧайханаneweurasia блогшыларының жазбаларынан құралған кітаптың аты. Қанша жерден таптауырынды естіледі дегенімізбен Орталық Азияға қатысы бар блогшылардың ойлары мен көзқарастарын жинақтаған алғашқы кітап. Оқуды жалғастыру