Құрлық әскерінің оқу-жаттығу орталығынан 8 ой

Өзімді әскери дүниеден аулақ ұстауға тырысатынмын. Алайда өткен аптада ҚР Қорғаныс министрлігі Қарағандының Спасск кентіндегі құрлық әскерінің мамандарын даярлау орталығына апарамыз дегенінен бас тарта алмадым. Әскерді неге ұнатпайтынымды, неге кішкентай кезімде әскери адам болуды армандамағанымды түсінуге тырыстым. Өзім көрген Спасск Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығындағы қызықтарыммен бөліссем деймін.

IMG_1539

Спасск. Қарағанды қаласынан 45 шақырымдай жерде орналасқан оқу-жаттығу орталығының орнында бұрын түрме болған. Еңбекпен түзеу лагері деп жұмсартып айтқанымен, шындап келгенде ол лагерьге ажалы жақын қалғандарды тоғытқан.  Тіпті, әскери орталықтың дәл қасында зобалаң жылдарда жерленгендердің қорымы да тұр. Зобалаң жылдардан хабар беретін өлкеде ерік-жігерді шыңдау да үлкен қажырды қажет ететіні сөзсіз. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Киберчайхана: кітаптан ала отырыңыз!

Бүгін Қарағандыда осы кітаптың тұсаукесерін өткізбекпіз. Ертең Астанада боламыз. Кеше Алматыда ұйымдастырып едік. Осы апта соларға Алматы, Қарағанды және Астананы көрсетумен өтетін сияқты.

Өзім үнемі Қарағанды мен Астанаға тек жұмыс бабымен баратын болғандықтан оларды қай жаққа, қай кафеге тамақтандыруға апаратынымды да білмеймін. Қонақ үй тауып берген Әлияға, өткізетін жермен келісіп берген Мейрамхан апайға рахмет!

Қарағандылық және астаналық блогшылар, керекшілер қол ұшын созып жәрдемдессе, АРБ-дан басқа айтарым болмас! Сосын ағылшын тілінен аударатын аудармашы болса да жақсы болар еді. Астанада ағылшыншасы тәуір біраз блогшылар бар еді. Соларға сеніп отырмын 🙂 Әйтеуір сыйға беретін кітаптарымды алып бара жатырмын!

КиберЧайханаneweurasia блогшыларының жазбаларынан құралған кітаптың аты. Қанша жерден таптауырынды естіледі дегенімізбен Орталық Азияға қатысы бар блогшылардың ойлары мен көзқарастарын жинақтаған алғашқы кітап. Оқуды жалғастыру

Қарағанды вокзалында

Былай ғой. Қарағанды вокзалына барасыз. Намазхананы табасыз. Есігі жабық тұрады. «Вокзал кезекшісінің көмекшісі» деген кабинетті күту залынан табасыз. Есігі жабық тұрады. Сосын қайтадан намазханаға барасыз. Іште жүрген полицейге «кілті қайда?» дейсің. Ол «Помощник дежурного по вокзалудан сұра» дейді. «Есігі жабық тұр ғой» десең. «Ішінде отыр. Қаттырақ қақ!» дейді.

Қайтадан барасың. Есікті қағасың. Ішінен қыз шығады. Шай ішіп болған беті екен. 28-кабинеттің кілтін бермес бұрын куәлік пен билетіңді алып қалады. Намаз оқып болған соң кілтті өткізесің. Ол сосын бөлек журналға намазханаға кім сағат нешеде кіріп, шыққанын бөлек журналға түртіп жазып отырады. Ал ол журналды кейін кім тексеретінін мен білмеймін 🙂