Кейбіреулер мені елді сағынбады деп ойлайды…

 

Сағынамын ғой!

Алматыдағы Орталық мешіттің үлкен залының сол жағындағы бағанның артына рюгзагымды қойып, намаз оқығанымды. Астанадағы Нұр-Астана мешітінде сәждеге бас қойғанда маңдайыңды қыттықтайтын қызыл қалы кілемді. Ақсай мешітінде ақшамнан кейін имамның айтқан уағыздарын. Нұр-Мүбарак пен Орталық мешіттің жұма күнгі азандарын сағынамын. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Алматылық блогшылар Еуразия кинофестивлінің киносын тегін көре алады

Быстрее поезда (фильм)

Image via Wikipedia

Енді асықпай, төмендегі хабарды мұқият оқып алыңыз. Негізі өтірік айтып тұрғаным жоқ. Алматылық блогшылардың бас қосуына керемет бір себеп болып тұр. Бүгін сағат 16-00-де Алматыда АҚШ елшілігі журналистер мен блоггерге арнап екі деректі фильмнің тұсаукесерін өткізеді. Бұл фильмдер -келесі аптада басталатын Еуразия кинофестивалінде көрсетуге ұсынылған таңдаулы туындылар екен.

1. «Камера ұстаған балалар» деген деректі фильм аутизм ауруына ұшыраған балаларды кино түсіруге баулу туралы. Фильм авторлары неврологиялық дертке ұшыраған балаларды өнер арқылы емдеудің тамаш үлгісін көрсеткен. Оқуды жалғастыру

Айналамның бәрі Азиада болып кетті…

Алматыдан Азиаданың иісі шығады. Дәлірек айтқанда алматылықтардың бойынан Азиаданың бір элементін көруге болады. Азиада басталғалы бері Азиада белгісі бар тоқылған бас киім, шалғы киіп жүрген жастарды көрдім.

Сонымен қатар көшеде қызыл киім киген Азиада волонтерлері де жиі көзге ұшырасады. Стадион маңында көк ту сатып тұрады. Көптеген алматылықтардың көліктерінен де көк туымызды байқадым. Өткенде көше ортасында бір жігіт туды желбіретіп жүгіріп Оқуды жалғастыру

«BlogCamp: Блог құрылтай – 2011» логосын таңдадық

Бүгінгі отырыстың есебі мына жерде. Алда талай жұмыс бар. Сәттілік тілей салыңдаршы!!!

Пы.сы. Блогымдағы жазулар компьютеріңізде дұрыс көрінбей тұрса, Internet Explorer-дің соңғы нұсқаларының бірін тегін жүктеп, жаңартып алыңыз. Көзіңіз ашылады 🙂