Тагильский, у меня вопрос!

20170514_102022«Тагильский, у меня вопрос!», – деді шоқша сақалды Мұхит ұзын дәліздің бойымен пластик трубасын сүйретіп бара жатып. «Эта труба идет вверх от 405-го?»
 
Даңғыр-дұңғыр еткен трубаның дауысы мен еденде қалған сарғылт дақ төртінші қабаттағы күллі кабинетті шарлап жүр.
 
Бұған дейін бөлмемізде ағылшын тілінің шуә дыбысымен өрілген «British English» естілетін. Кешелі бері «тагильский» деп өңеші созылғанша айғайлаған Мұхиттың дауысы басып кетті.
«Давай срежем» дейді. «Тезірек бітірсе екен,» – деймін. Қазір трубадан бүлк-бүлк етіп су атқылап шығып, Oxford пен Cambridge баспасы шығарған ағылшын тілі кітаптарым лай судың бетінде қалқып жүргенін елестетіп отырмын. Парталарым орнынан жылжым кеткен. Аппақ тақтамның бетінде Мұхиттың әлде Тагильскийдің алақанының ізі тұр. 
Advertisements

Ciao-Cacao кафесіне не үшін барамын?

Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Кафе ашқан студентім бұл емес. Бұл – Баубек! [сол жақта]

Студентім кафе ашты. Төртінші курста оқиды. Екі семестр сабақ бердім. «Мультимедиа», «Дата журналистика» оқытқан студентім Абылай хан мен Мақатаевтың қиылысында кофехана ұстап отыр. Оқуды жалғастыру

#AmalTalks Тимур маған не үйретті?

Ақтау қаласы, 10 наурыз. AmalTalk сахнасы

Ақтау қаласы, 10 наурыз. AmalTalk сахнасы

«Құрдас, Ақтаудағы шараға келесің бе?» Тимурға көмектесу – парыз. Үш күндік жұмысты ысырып қойып, Алматыдағы офисімнің есігін жауып жатқанда: «Қандай жағдай болса да, дайын бол!» деген тәуекелмен шықтым.

Жаңа нәрсені бастау оңай емес. #AmalTalks жаңа формат. Тимурға оның маңызын түсіндіруге қанша уақыт кеткенін толық сезбесем де, болжап отырмын. Оқуды жалғастыру

#TEDxAlmaty Батыл болу оңай емес…

ЕСКЕРТУ: Бұл жазба конференция барысында толықтырылып отырады.

TEDxAlmaty Алматыда бесінші рет ұйымдастырылып жатыр. Лариса және оның командасымен жұмыс істеу қызық. Бұған дейін TEDxAstana шарасында болып едім. Алматыдағысында алғаш рет қатысуым.

Жылына бір рет өтетін шара бір күнді алады. TEDx негізінен адамдар туралы, адамдардың идеясы туралы. Залда отырып, түртіп алған кейбір ойларыммен бөліспекшімін.

Арсен РЫСДАУЛЕТОВ: «Саналы жасқа келгенде сауатты таңдау жасау қиын». Оқуды жалғастыру

Қызылорда кітапханашыларына арналған тренингтен

DSC_0366-1024x682

Егер сіз Қызылорда облысының тумасы болсаңыз, өз ауданыңыздың, ауылыңыздың парақшасына жазылып қойсаңыз болады.

Кеше кітапханашылар күні болды. Кітапханашыларға тренинг өткізіп жатқанда бірақ білдім. БҰҰ-ның Дамыту бағдарламасының Қызылорда өңірінде бірнеше жылға жобаланған жоспары бар екен. Сол жобаның бірі – Қызылорданың ауылдық, аудандық жерлерінде Онлайн орталықтар ашу. Бұл орталықтар қазір Қызылордадағы кітапханалар негізінде құрылып жатыр.

Қызылордада 300-ге жуық кітапхана бар. Оның жартысына жуығы ауылдық жерлерде. Қызылорданың аудандары мен ауылдарында Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының көмегімен Онлайн орталықтар ашылып жатыр.

Оқуды жалғастыру

«Қазконтент» тренингінен соң…

Әлдебір ұжымға немесе қызметкерлеріне бір дағдыны үйреткісі, көрсеткісі келетін мекемелер аз. Өкініштісі сол. Еліміздегі мемлекеттік мекемелердің дені қызметкерлеріне көп талап қойғанымен, тапсырманы қалай орындау керектігін үйрете бермейді. Осы орайда «Қазконтент» ұнайды. Бұған дейін ұжымды шетел көрген, менеджементтің жаңа үлгісін білетіндер басқарғандықтан болар. Қысқасы, «Қазконтентпен» тренер тұрғысынан жұмыс істеу әлдеқайда оңай. Себебі басшылық тарапынан қызметкерлерді, журналистердің біліктілігін жетілдіруге үнемі жағдай жасау керектігін түсінеді. Оқуды жалғастыру

Атырау қаласындағы тренингтен


 

This slideshow requires JavaScript.

Тренингке қатысушылардың пікірлері:

https://instagram.com/mukangalina/

Сөзінің соңын, тойст сабағын: «…Уот, ақша деген осылай келед! ))» деп аяқтайтын ағайғо ))) Сабаққа бару ойда жоқ бізге универді көрсеткен Асхат Еркімбайға үлкен алғысымызды білдіреміз! «Төрешің»-хит! Жаттап алдық. Енді сөзін өмірі ұмытпаймыз )) Біраз мәліметтерге қанықтық. Семинар ұйымдастырған әкімдіктегілерді жақсы көріп кеттім шее

akmurzievabai.wordpress.com:

Тренингтер жоғары дәрежеде өткізілді. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Асхат Еркімбай журналистерге “Интернет журналистикасындағы ерекшеліктер”  “фотоға және видеоға түсіру” тағы басқа да тәжірибелік сабақтар өткізілді.

zhauynbaeva.wordpress.com:

Ғаламтор арқылы қалай табыс табуға болады? Бүгінгі күннің жаңалық жаршысы кім? Заманауи құрылғыларды қалай қолдануға болады? Міне, осы және өзгеде  қызықтар мен қиындықтарға толы медиа сабақ – Атырауда.

diasaibar.wordpress.com:

Өте қызықты өтіп жатыр. Көптен күтіп жүрген өзімнің блогымды аштым. Өте қатты қуаныштымын.

Атыраудамын. Әр келген сайын Атырау да, атыраулықтар да жаңа қырынан танылып жатыр.Бұрындары Батыс Қазақстан десе барлығы бірдей көрінетін. Оралда, Атырау мен Ақтауда болған соң, енді үш өңірдің ерекшелігі қатты байқалатын болды.

Бұл жолы Атырауға «Медианет» шақыртумен келіп отырмын. «Медианет» Атырау облысы әкімдігі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Атырау-Ақпарат» және Атырау жастарының ақпараттық орталығымен бірлесіп бірнеше айы бойы Атырау жастарына журналистика бойынша бірнеше вебинарлар ұйымдастырды.

Негізі өңірдегі жас журналистерге вебинарлар ұйымдастыру өте жақсы тәсіл. Өзге өңірлердің әкімдіктері де қолдаса жақсы болар еді. Сөйтіп, «Медианеттің» шақыртумен осында келіп қалдық.

Тренинг екі күн бойы сағат 10.00-16.00 аралығында «Жайық» деген Атырау Мемлекеттік университетінің спорт кешенінің екінші қабатындағы конференц залында өтті. Тренинг өткізетін зал да, ұйымдастырушылардың жұмысы да өте ұнады.

Тренингте төмендегі жайттар қамтылды:

  • Аудио жазудың тәсілдері
  • Аудиоға лайықталған әңгіме айтқызу үшін қойылатын сұрақтар
  • Аудионы аудасити көмегімен өңдеу
  • Интернетке лайықтап, қалтафон көмегімен суретке түсіру
  • Оқиғаны баяндау үшін тақырып табу, оны сараптау тәсілдері
  • Инфографика және оны әзірлеу жолдары
  • Блоггинг. Уордпресте блог бастау.
  • Интернетке лайықталған видеоның құрылымы: ракурс, план
  • Оқиғаны видео көмегімен баяндау

Бұдан бөлек қатысушылар арасында өзара сенім қалыптастыру үшін түрлі ойындар ойнадық.

Екі күн бойы бірге болған барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!