KAZTRK сайты жаңарды

kaztrk сайты

kaztrk сайты

kaztrk-ның жаңа сайтын көрген боларсыз? Мүлдем басқаша. Шетелдің лебі сезіледі. Интерфейсі юзер френдли, яғни түсінікті.

Бұрынғы сайтты ашқанда ақпараттардан көз сүрініп, нені, қашан, қалай қарайтынымды білмей кішкене тосылып қалатынмын. Бұл жолғы сайттары көзге салмақ түсірмеді.

Жаңа сайттың ерекшеліктері көп. Ең бастысы бәрі де интуитивті деңгейде түсінікті. Кнопка саны аз болған соң ба, әлде тінтуірді апарған кезде бірден түсініктемесін беретіндіктен бе, әрі қарай сүңги бергің келеді.  Оқуды жалғастыру

Advertisements

Сен жалғыз емессің, Тоты!

Семейдегі белсенді блогшы деп Тотыны танитынбыз. Бұл жерде блогшы деп қазақ интернетіне жаны ашып, оның дамуына сөзімен емес, ісімен де белсенді үлес қосып жүрген жанды айтып отырмын. Тоты «Мінбердің» семинар-тренингіне қатысып, блог тіркеген. Содан бері Семейліктерге жаңа медиаға қатысты ақпараттар беріп, шамасы келгенінше түсіндіріп жүретін.

Бұл жерде блогшы деп қазақ интернетіне жаны ашып, оның дамуына сөзімен емес, ісімен де белсенді үлес қосып жүрген жанды айтып отырмын.

Кейін Семейде Данияр есімді блогшы бар екенін де білдік. Білдік те қуандық. Себебі Данияр сонымен қатар Интернеттегі жобаларды қазақшалауға да үлес қосып жүр. Мәселен, Facebook-ты қазақшалауға әрі Skype-ты қазақ тіліне аударуға сүбелі үлес қосуда. Даниярдың сабырлығы көпке үлгі!

Сөйтіп Абай еліндегі мен білетін блогшымыздың саны екеу еді. Оқуды жалғастыру

Интернет журналистің айлығы қалай есептелуі керек?

2013-03-30 07.45.31

Жұрт ақпаратты интернеттен алатындықтан, журналистер де ақпаратты интернетке лайықтауға мәжбүр. Тиісінше, интернет-журналистерге сұраныс артпақ. Бұл қазақ тіліндегі де ақпарат алаңына қатысты.

Дәстүрлі ақпарат кеңістігінде әрбір редакция журналистке тұрақты айлығын, қаламақысын тағайындайды. Ал енді интернет-журналистің еңбегін қандай критерийге негіздеп анықтау керек?

Шетелде әрбір интернет-басылым өзінің ішкі ережесін қабылдайды. Мәселен, бір басылым, журналистің мақаласын көргендер мен қарағандарға негіздеп, айлық төлейді. Бұл тәсілдің бір кемшілігі – журналистер оқырман тарту үшін жеңіл-желпі тақырыпты көп иектеп кетеді.
Оқуды жалғастыру

«Балқадишаны» сырнайлатса…

Астанада ресторанда шай ішіп отырғанбыз. Сырнайын көтерген мына жігіт кіріп келді. Түсінбей қалдым. Сөйтсем, Астанада ресторанға қонаққа шақырғанда музыканттарды қоса шақыратын игі дәстүр бар екен. Сөйтіп, өмірімде бірінші рет «Балқадишаны» сырнаймен орындағанды көрдім.

Сіздер де көрсін деп видеоға түсіріп алдым.

Оқуды жалғастыру

СЛАЙД: Қазақ Интернеті: қазақ тілі және контент

Астанадамын. Қазақ тілі және интернетке арналған жиында отырмын. Қазақ интернетіне қатысты біраз статистикалық деректердің басын шолған едім. Соларға негіздеп әзірлеген презентациямды ұсынып отырмын.

КІТАП: Экологиялық журналистика

Сіздер де мен тәрізді журналистикаға қатысты кітаптарды жинап жүрсеңіз электронды сөреңізге «Экологиялық журналистиканы» қосып қойыңыз.

Кітап «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығында биыл жарық көрді.

Әлемдегі оқиғаларға қатысты журналистиканың да салалық түрлері басымдыққа ие болады. Алдағы бес жылдықта экология тақырыбы негізгі трендтердің бірі. Кітапшаны парақтап шықсаңыз, ойыңызбен бөлісерсіз. Кітап орыс тілінен қазақ тіліне аударылған.

Жаңа медиа қоғамға қалай қызмет етеді?

Өткен аптада Алматыда «Жаңа медиа: баспа БАҚ болашағы» атты жиналыс өтіп еді. Казконтент ұйымдастырған шараға мені модератор әрі медиа тренер ретінде шақырды. Аталған шарада жасалған презентациям кейбір адамдарға ұнаған екен 🙂

Өзгелердің де кәдесіне жарар деп блогыма жариялап отырмын.