Ақылды тұтынушы мен «тентек» оператор

Қазақстанда бизнес жасап жүрген шетелдік мамандармен сұхбат құруды бұрыннан ойластырып жүргенмін. Достарыммен шағын бизнес бастап жатқан соң шетелдіктер тәжірибесі қызық. Әсіресе, үлкен компаниялардың ұзақ мерзімдік жоспарлары, бәсекелестермен қарым-қатынасы, маркейтинг тәсілдері т.с.с.

Tele 2 басшысымен кездесудің сәті түскен соң, Tele2 Қазақстан компаниясының басқарма төрағасы Пиетари Кивиккодан «Сіздер туралы басқа мобилді операторлар не ойлайды?» деп сұрадым. Себебі Tele2-нің маркетингтік қылықтары «тентек баланы» еске түсіреді. Оқуды жалғастыру

Advertisements

KAZTRK сайты жаңарды

kaztrk сайты

kaztrk сайты

kaztrk-ның жаңа сайтын көрген боларсыз? Мүлдем басқаша. Шетелдің лебі сезіледі. Интерфейсі юзер френдли, яғни түсінікті.

Бұрынғы сайтты ашқанда ақпараттардан көз сүрініп, нені, қашан, қалай қарайтынымды білмей кішкене тосылып қалатынмын. Бұл жолғы сайттары көзге салмақ түсірмеді.

Жаңа сайттың ерекшеліктері көп. Ең бастысы бәрі де интуитивті деңгейде түсінікті. Кнопка саны аз болған соң ба, әлде тінтуірді апарған кезде бірден түсініктемесін беретіндіктен бе, әрі қарай сүңги бергің келеді.  Оқуды жалғастыру

СЛАЙД: Қазақ Интернеті: қазақ тілі және контент

Астанадамын. Қазақ тілі және интернетке арналған жиында отырмын. Қазақ интернетіне қатысты біраз статистикалық деректердің басын шолған едім. Соларға негіздеп әзірлеген презентациямды ұсынып отырмын.

КІТАП: Экологиялық журналистика

Сіздер де мен тәрізді журналистикаға қатысты кітаптарды жинап жүрсеңіз электронды сөреңізге «Экологиялық журналистиканы» қосып қойыңыз.

Кітап «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығында биыл жарық көрді.

Әлемдегі оқиғаларға қатысты журналистиканың да салалық түрлері басымдыққа ие болады. Алдағы бес жылдықта экология тақырыбы негізгі трендтердің бірі. Кітапшаны парақтап шықсаңыз, ойыңызбен бөлісерсіз. Кітап орыс тілінен қазақ тіліне аударылған.

Google Translate Қазақша

Google Translate

NB! Аударманы тексеруге ат салысу үшін суреттің үстінен шертіңіз!

Әзірге іске қосылған жоқ. Бірақ ағылшыншаңа сенімді болсаң, қазақша-ағылшынша, ағылшынша-қазақшаны сынауға қатыса аласың.

Санаулы күндер бұрын Google-да қызмет ететін танысымнан хат келген. Қысқаша мазмұны мынау: «Google Translate-ке қазақшаны қоссақ деп жүруші едің. Қазір қазақша аударманы ағылшынша негізінде сынақтан өткізіп жатырмыз. Мүмкіндік болса, сынап көрсең» депті. Оқуды жалғастыру

Онлайндағы мәтінге қатысты 8 кеңес

Бұл кеңестер қазақ тілінде ақпараттық сайт жүргізіп жүргендерге бағытталады. Жазбадағы кеңестердің кейбірі төмендегі кітаптан алынды.

image

Ең бірінші мына жайтқа келісіп алайық. Интернетте отырғандар жаңалықты оқымайды. Шолып шығады. Көздерімен сүзіп өтеді, т.с.с. Сондықтан оның көздерін ұстап қалатындай кедергілер, ілмектер, т.с.с. жасау керекпіз.

Екіншіден, онлайнға мақала жазбас бұрын Интернетті қолданушы оны қалай тұтынатынын (оқитынын, көретінін, тыңдайтынын немесе ойнайтынын) жақсы білуіміз керек.

Үшіншіден, онлайнға шыққан мақала оқиғаны баяндауы тиіс.

Енді осы үш жайтқа қысқаша тоқталып өтейін. Оқуды жалғастыру

1966, Kazakh-English dictionary

image

Универдің кітапханасынан 1966 жылы жарық көрген Kazakh-English dictinory ( Қазақша-Ағылшынша сөздік) тауып алдым. Алматыда универде оқып жүргенде сонша іздеген кітабым еді.